Об утверждении Правил возврата необоснованно выплаченной компенсации

Совместный приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 30 марта 2018 года № 44, Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2018 года № 416, Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 28 марта 2018 года № 77, Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 217, Министра обороны Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 181, и Председателя Комитета Национальной безопасности Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 27. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 апреля 2018 года № 16763.

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 10 января 2018 года "О Фонде компенсации потерпевшим" ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила возврата необоснованно выплаченной компенсации.

      2. Генеральной прокуратуре Республики Казахстан (Кожамжаров К.П.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего совместного приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

      3. Настоящий совместный приказ вводится в действие с 1 июля 2020 года и подлежит официальному опубликованию.

      4. Контроль за исполнением совместного приказа возложить на курирующих заместителей Генерального Прокурора Республики Казахстан, Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Министра внутренних дел Республики Казахстан, Министра обороны Республики Казахстан, вице-министра финансов Республики Казахстан и на Руководителя Национального бюро по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции.

      Генеральный Прокурор
Республики Казахстан
____________ К. Кожамжаров
      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
____________ К. Касымов
      Министр финансов
Республики Казахстан
____________ Б. Султанов
      Министр обороны
Республики Казахстан
____________ С. Жасузаков
      Председатель Агентства
Республики Казахстан по делам
государственной службы и
противодействию коррупции
____________ А. Шпекбаев
Председатель Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
____________ К. Масимов

 
 
  Утверждены
совместным приказом
Генерального Прокурора
Республики Казахстан
от 30 марта 2018 года № 44,
Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 29 марта 2018 года № 217,
Министра финансов
Республики Казахстан
от 30 марта 2018 года № 416,
Министра обороны
Республики Казахстан
от 28 марта 2018 года № 181,
Председателя Агентства
Республики Казахстан
по делам государственной
службы и противодействию
коррупции
от 28 марта 2018 года № 77
и Председателя Комитета
Национальной безопасности
Республики Казахстан
от 29 марта 2018 года № 27.

Правила возврата необоснованно выплаченной компенсации

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила возврата необоснованно выплаченной компенсации (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 10 января 2018 года "О Фонде компенсации потерпевшим" (далее – Закон) и определяют порядок возврата необоснованно выплаченной компенсации.

Глава 2. Порядок возврата необоснованно выплаченной компенсации

      2. В случае необоснованности выплаты компенсации за счет средств Фонда компенсации потерпевшим (далее - Фонд) органы прокуратуры принимают меры по их возврату.

      3. Случаями признания выплаты компенсации за счет средств Фонда необоснованными являются:

      1) отсутствие оснований, предусмотренных Законом;

      2) представление недостоверных документов (сведений);

      3) возмещение виновным лицом в полном объеме вреда, причиненного потерпевшему;

      4) постановление органа, ведущего уголовный процесс, о прекращении участия лица в качестве потерпевшего;

      5) переквалификация (органом ведущим уголовный процесс) уголовных правонарушений на составы, не предусматривающие в соответствии со статьей 6 Закона выплату компенсации;

      6) прекращение (органом ведущим уголовный процесс) уголовного дела либо вступления в законную силу оправдательного приговора суда за отсутствием события уголовного правонарушения.

      4. При возникновении оснований для возврата необоснованно выплаченной компенсации потерпевшим из Фонда, государственный орган, осуществляющий функции уголовного преследования, в течение 3 (трех) рабочих дней с момента установления таких оснований, письменно уведомляет прокурора с приложением подтверждающих документов (за исключением случаев переквалификации уголовных правонарушений на составы, не предусматривающие в соответствии со статьей 6 Закона выплату компенсации, и прекращения уголовного дела за отсутствием события уголовного правонарушения прокурором).

      5. При решении вопроса о взыскании необоснованно выплаченной компенсации прокурор вправе вызвать получателя компенсации для получения объяснений об обстоятельствах произведенной выплаты из Фонда денег, с разъяснением права на добровольный их возврат.

      В случае невозврата необоснованно полученной компенсации (в т.ч. при невозможности получить объяснение у получателя компенсации), прокурор в течение 10 рабочих дней в соответствии со статьей 11 Закона обращается с заявлением в суд.

      6. При предоставлении документов, недостаточных для предъявления иска, прокурор в течение 5 (пяти) рабочих дней вправе их возвратить в государственный орган, осуществляющий функции уголовного преследования для доработки.

      7. В ходе изучения поступивших материалов о возврате необоснованно произведенных из Фонда выплат компенсации, прокурором анализируются (при необходимости проводится проверка) причины и условия, способствовавшие необоснованному назначению компенсации.

Негізсіз төленген өтемақыны қайтару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 44, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 416, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 77, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 217, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 181 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 27 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 сәуірде № 16763 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Негізсіз төленген өтемақыны қайтару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (Қожамжаров Қ.П.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында осы бірлескен бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      4. Бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысына жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
____________Қ. Қожамжаров
     
      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________Қ. Қасымов
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________Б. Сұлтанов
     
      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
______________С. Жасұзақов
     
      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
___________________А. Шпекбаев
     
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
____________ К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 44,
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
  2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 217,
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 416,
  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 28 наурыздағы
  № 181,
  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
төрағасының 2018 жылғы 28
наурыздағы № 77 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
төрағасының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 27 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Негізсіз төленген өтемақыны қайтару қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Негізсіз төленген өтемақыны қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және негізсіз төленген өтемақыны қайтару тәртібін айқындайды.

2-тарау. Негізсіз төленген өтемақыны қайтару тәртібі

      2. Жәбірленушілерге өтемақы қоры (бұдан әрі - Қор) қаражаты есебінен өтемақы төлеу негізсіз жүргізілген жағдайда прокуратура органдары оларды қайтару бойынша шаралар қабылдайды.

      3. Мыналар:

      1) Заңда көзделген негіздердің болмауы;

      2) анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсыну;

      3) кінәлі адамның жәбірленушіге келтірілген зиянды толық көлемде өтеуі;

      4) қылмыстық процесті жүргізетін органның жәбірленуші ретінде адамның қатысуын тоқтату туралы қаулысы;

      5) қылмыстық құқық бұзушылықтарды Заңның 6-бабына сәйкес өтемақы төлеу көзделмеген құрамға қайта саралау (қылмыстық процесті жүргізетін орган);

      6) қылмыстық істі тоқтату (қылмыстық процесті жүргізетін орган) не қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты соттың ақтау үкімінің заңды күшіне енуі Қордың қаражаты есебінен өтемақының төленуі негізсіз деп тану жағдайлары болып табылады.

      4. Қордан жәбірленушілерге негізсіз төленген өтемақыны қайтару үшін негіздер туындаған кезде қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган осындай негіздерді анықтаған сәттен бастап, 3 (үш) жұмыс күні ішінде (прокурормен қылмыстық құқық бұзушылықтарды Заңның 6-бабына сәйкес өтемақы төлеу көзделмеген құрамға қайта саралау және қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату жағдайларын қоспағанда) растайтын құжаттарды қоса тіркеп, прокурорға хабардар етеді.

      5. Негізсіз төленген өтемақыны өндіру туралы мәселені шешкен кезде прокурор өтемақы алушыны өз еркімен оларды қайтару құқығын түсіндіре отырып, ақшаны Қордан төлем жүргiзудің мән-жайлары туралы түсініктемелер алу үшін шақыртуға құқылы.

      Негізсіз алынған өтемақы қайтарылмаған жағдайда (оның ішінде өтемақыны алушыдан түсініктеме алу мүмкіндігі болмаған кезде) прокурор Заңның 11-бабына сәйкес 10 жұмыс күні ішінде сотқа арызбен жүгінеді.

      6. Талап қою үшін жеткіліксіз құжаттар ұсынылған кезде прокурор 5 (бес) жұмыс күні ішінде қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органына пысықтау үшін оларды қайтаруға құқылы.

      7. Өтемақы төлеу қорынан негізсіз төленген төлемдерді қайтару туралы түскен материалдарды зерделеу барысында прокурор өтемақыны негізсіз тағайындауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдайды (қажет болған жағдайда тексеру жүргізіледі).