Об утверждении инструкции по составлению плана старательства

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 мая 2018 года № 340. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 июня 2018 года № 16979.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 273 Кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую инструкцию по составлению плана старательства.

      2. Комитету геологии и недропользования Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на бумажном носителе и в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 29 июня 2018 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министр энергетики
Республики Казахстан
________________ К. Бозумбаев
21 мая 2018 года

  Утверждена
приказом Министра
по инвестициям и развитию Республики Казахстан
от 17 мая 2018 года № 340

Инструкция по составлению плана старательства

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция по составлению плана старательства разработана в соответствии с пунктом 2 статьи 273 Кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании" (далее – Кодекс) и предназначена для недропользователей, осуществляющих операции по старательству.

      2. План старательства разрабатывается и утверждается недропользователем.

Глава 2. Составление плана старательства

      3. Недропользователь, использующий средства механизации, проводит операции по старательству только при наличии плана старательства.

      4. План старательства подлежит государственной экологической экспертизе. Недропользователь проводит операции по старательству с использованием средств механизации только в случае получения положительного заключения государственной экологической экспертизы плана старательства.

      5. План старательства составляется на участок, указанный в заявлении, составляемом по форме, определяемой пунктом 4 статьи 29 Кодекса.

      6. План старательства содержит:

      1) виды, методы и способы работ по старательству, примерные объемы и сроки проведения работ, используемые средства механизации и иные оборудования малой мощности;

      2) общие сведения об объекте недропользования, его местонахождение, климатические условия района работ, инфраструктуре;

      3) геологическую и гидрогеологическию характеристику района;

      4) способы вскрытия, технология и организация старательских работ;

      5) планируемый режим работ (сезонность работ, виды рабочей смены);

      6) ожидаемые объемы горной массы старательской добычи драгоценных металлов и (или) драгоценных камней;

      7) мероприятия по охране недр и окружающей среды от вредного влияния работ по старательской деятельности;

      8) мероприятия по технике безопасности, охране труда, производственной санитарии;

      9) мероприятия по исключению разрушения естественного рельефа берегов и дна водоемов и рек , водные ресурсы которых используются в целях старательства;

      10) мероприятия по рекультивации нарушенных в ходе старательства земель;

      11) графические материалы, обосновывающие планируемые старательские работы.

Кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 маусымда № 16979 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 273-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 21 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
17 мамырдағы № 340 бұйрығымен
бекітілген

Кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулық "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (бұдан әрі – Кодекс) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 273-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға арналған.

      2. Кен іздеушілік жоспарын жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және бекітеді.

2-тарау. Кен іздеушілік жоспарын жасау

      3. Механикаландыру құралдарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушы кен іздеушілік жоспары болған кезде ғана кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізеді.

      4. Кен іздеушілік жоспары мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады. Жер қойнауын пайдаланушы кен іздеушілік жоспарына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытытындысын алған жағдайда ғана механикаландыру құралдарын пайдалана отырып, кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізеді.

      5. Кен іздеушілік жоспары өтініште көрсетілген Кодекстің 29-бабының 4-тармағымен айқындалған нысан бойынша учаскеге жасалады.

      6. Кен іздеушілік жоспары мыналарды қамтиды:

      1) кен іздеушілік бойынша жұмыстардың түрлері, әдістері және тәсілдері, шамамен көлемі және жұмыстарды жүргізудің мерзімдері және пайдаланатын механикаландыру және қуаттылығы аз өзге де жабдықтау құралдарын;

      2) жер қойнауын пайдалану объектісі туралы жалпы мәліметті, оның орналасқан жерін, жұмыс аймағының климаттық жағдайларын, инфрақұрылымын;

      3) ауданның геологиялық және гидрогеологиялық сипаттамасын;

      4) кен іздеушілік жұмыстарын ашу, технология және ұйымдастыру әдістерін;

      5) жұмыстың жоспарланған режимі (жұмыстың маусымдылығы, жұмыс ауысымының түрлері);

      6) бағалы металдар мен (немесе) асыл тастарды кен іздеушілікпен өндірудің тау-кен массасының күтілетін көлемін;

      7) кен іздеушілік қызметі бойынша зиянды жұмыс әсерінен жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды;

      8) қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өндірістік санитария бойынша іс-шараларын;

      9) су ресурстары кен іздеушілік мақсатында пайдаланылатын су айдындары мен өзендер жағалауларының табиғи рельефі мен түбінің бүлінуін болдырмау бойынша іс-шараларын;

      10) кен іздеушілік барысында бүлінген жерді рекультивациялау іс-шараларын;

      11) жоспарланған кен іздеушілік жұмыстарын негіздейтін графикалық материалдарды.