Об утверждении Правил расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 августа 2018 года № 197. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 октября 2018 года № 17464.

      В соответствии со статьей 725-1 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Особенная часть) от 1 июля 1999 года Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула с изменением, внесенным постановлением Правления Национального Банка РК от 11.11.2019 № 184 (вводится в действие с 01.01.2020).

      1. Утвердить прилагаемые Правила расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа.

      2. Департаменту методологии финансового рынка (Салимбаев Д.Н.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления его направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Управлению по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций (Терентьев А.Л.) обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Смолякова О.А.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
Национального Банка
Д. Акишев

  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 27 августа 2018 года № 197

Правила расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа (далее - Правила) устанавливают порядок расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа, заключаемому с заемщиком-физическим лицом в соответствии со статьей 725-1 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Особенная часть) от 1 июля 1999 года.

      Для целей Правил используются следующие понятия:

      1) годовая эффективная ставка вознаграждения - ставка вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальная стоимость) по договору займа, рассчитываемая в соответствии с Правилами;

      2) заем - предоставление заимодателем займов в форме денег или вещей, определенных родовыми признаками, в том числе предоставленных с отсрочкой и рассрочкой платежа;

      3) заемщик - физическое лицо, не являющееся индивидуальным предпринимателем, заключившее договор займа с заимодателем;

      4) заимодатель - физическое или юридическое лицо, не являющееся банком, организацией, осуществляющей отдельные виды банковских операций, организацией, осуществляющей микрофинансовую деятельность.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правления Национального Банка РК от 11.11.2019 № 184 (вводится в действие с 01.01.2020).

      2. Годовая эффективная ставка вознаграждения указывается в договоре займа.

      3. Расчет годовой эффективной ставки вознаграждения производится:

      1) на дату заключения договора займа;

      2) в случае внесения изменений и (или) дополнений в договор займа путем заключения дополнительного соглашения к договору займа, которые влекут изменение суммы (размера) денежных обязательств заемщика и (или) срока их уплаты.

      4. В случае внесения изменений и (или) дополнений в договор займа путем заключения дополнительного соглашения к договору займа, которые влекут изменение суммы (размера) денежных обязательств заемщика и (или) срока их уплаты, включая изменение ставки вознаграждения в случаях, предусмотренных договором займа, годовая эффективная ставка вознаграждения по договору займа рассчитывается заимодателем на основании остатка основного долга, оставшегося срока погашения займа на дату, с которой изменяются условия договора займа, комиссий и иных платежей, подлежащих оплате заемщиком, и указывается в дополнительном соглашении к договору займа.

Глава 2. Расчет годовой эффективной ставки вознаграждения

      5. Годовая эффективная ставка вознаграждения по договору займа рассчитывается по следующей формуле:

     


      где:

      n - порядковый номер последней выплаты заемщику;

      j - порядковый номер выплаты заемщику;

      Sj - сумма j-той выплаты заемщику;

      APR - годовая эффективная ставка вознаграждения;

      tj - период времени со дня предоставления займа до момента j-той выплаты заемщику (в днях);

      m - порядковый номер последнего платежа заемщика;

      і - порядковый номер платежа заемщика;

      Pi - сумма і-того платежа заемщика;

      ti - период времени со дня предоставления займа до момента і-того платежа заемщика (в днях).

      6. В расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа включаются все платежи заемщика по основному долгу и вознаграждению, а также комиссии и иные платежи за весь период действия договора займа.

      7. В расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа не включается неустойка (штраф, пеня) за нарушение обязательства по возврату суммы займа и (или) уплате вознаграждения по договору займа.

      Сноска. Пункт 7 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 11.11.2019 № 184 (вводится в действие с 01.01.2020).

      8. Произведенные выплаты заемщика заимодателю и выплаты заимодателя заемщику учитываются на даты их фактического осуществления, будущие - по графику выплат (при наличии).

      9. Если при расчете годовой эффективной ставки вознаграждения полученное число имеет более одного десятичного знака, оно подлежит округлению до десятых долей следующим образом:

      1) если сотая доля больше или равна 5, десятая доля увеличивается на 1, все следующие за ней знаки исключаются;

      2) если сотая доля меньше 5, десятая доля остается без изменений, все следующие за ней знаки исключаются.

      10. Положения Правил распространяются на договор займа, предметом которого являются вещи, определенные родовыми признаками, в случае, если по такому договору исполнение обязательства заемщика осуществляется путем передачи в счет долга денег, а выплата и размер вознаграждения, неустойки (штрафа, пени), комиссий и иных платежей, предусмотренных договором займа, осуществляется в денежной форме.

      В указанном случае для расчета годовой эффективной ставки вознаграждения в качестве суммы займа (либо выплаты заемщику) выступает стоимость вещей, определенная сторонами договора займа, на дату передачи их заемщику.

Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 197 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қазанда № 17464 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз.

      1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 725-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.11.2019 № 184 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 197 қаулысымен
бекітілген

Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 725-1 бабына сәйкес қарыз алушы-жеке тұлғамен жасалатын қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілейді.

      Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – Қағидаларға сәйкес есептелетін, қарыз шарты бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі (нақты құны) сыйақы мөлшерлемесі;

      2) қарыз – қарыз берушінің ақша немесе тектік белгілерімен айқындалған заттай нысанда қарыздар беруі, оның ішінде төлемнің мерзімін кейінге қалдыру және бөліп төлеу арқылы берілген қарыз;

      3) қарыз алушы – қарыз берушімен қарыз шартын жасасқан, дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға;

      4) қарыз беруші – банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлға.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.11.2019 № 184 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қарыз шартында көрсетіледі.

      3. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу:

      1) қарыз шарты жасалған күні;

      2) қарыз шартына қосымша келісім жасау арқылы қарыз шартына қарыз алушының ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оларды төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соқтыратын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда жүргізіледі.

      4. Қарыз шартында көзделген жағдайларда сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруін қоса алғанда, қарыз шартына қосымша келісім жасау арқылы қарыз шартына қарыз алушының ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оларды төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соқтыратын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда қарыз беруші қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін негізгі борыштың қалдығы, қарыз шартының талаптары өзгертілетін күндегі қарызды өтеудің қалған мерзімі, қарыз алушы төлеуге тиіс комиссиялар мен өзге төлемдер негізінде есептейді және қарыз шартына қосымша келісімде көрсетеді.

2-тарау. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу

      5. Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      n - қарыз алушыға соңғы төлемнің реттік нөмірі;

      j - қарыз алушыға төлемнің реттік нөмірі;

      Sj - қарыз алушыға j-ші төлем сомасы;

      APR - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;

      tj - қарыз берілген күннен бастап қарыз алушыға j-ші төлем сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен);

      m - қарыз алушының соңғы төлемінің реттік нөмірі;

      і - қарыз алушы төлемінің реттік нөмірі;

      Pi - қарыз алушының і-ші төлемінің сомасы;

      ti - қарыз берілген күннен бастап қарыз алушының і-ші төлемі сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен).

      6. Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне қарыз алушының негізгі борыш және сыйақы бойынша барлық төлемдері, сондай-ақ қарыз шартының бүкіл қолданылу кезеңіндегі комиссиялар мен өзге де төлемдер кіргізіледі.

      7. Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне қарыз сомасын қайтару және (немесе) қарыз шарты бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қосылмайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.11.2019 № 184 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Қарыз алушының қарыз берушіге жасаған төлемдері және қарыз берушінің қарыз алушыға жасаған төлемдері олар нақты жүзеге асырылған күндерге, болашақтағылары – төлемдер кестесі (бар болса) бойынша есепке алынады.

      9. Егер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде алынған сан бір ондық белгіден асатын болса, ол мынадай түрде ондық үлеске дейін дөңгелектенуге тиіс:

      1) егер жүздік үлес 5-тен артық немесе оған тең болса, оныншы үлес 1-ге өседі де, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады;

      2) егер жүздік үлес 5-тен кем болса, оныншы үлес өзгеріссіз қалады, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады.

      10. Қағидалардың ережелері егер мұндай шарт бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау борыш есебіне ақша беру арқылы, ал сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл), комиссиялар мен қарыз шартында көзделген өзге де төлемдерді төлеу және олардың мөлшері ақшалай нысанда жүзеге асырылса, мәні тектік белгілері бойынша айқындалған заттар болып табылатын қарыз шартына қолданылады.

      Көрсетілген жағдайда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу үшін қарыз сомасы (не қарыз алушыға төлем) ретінде қарыз шартының тараптары айқындаған заттардың қарыз алушыға беру күніндегі құны болады.