"Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 11 қарашадағы № 184 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 қарашада № 19609 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 725-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 197 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17464 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулының кіріспесінде "және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 86-2) тармақшасына" деген сөздер алып тасталсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларында:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 725-1 бабына сәйкес қарыз алушы-жеке тұлғамен жасалатын қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілейді.";

      1-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасында "микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне қарыз сомасын қайтару және (немесе) қарыз шарты бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қосылмайды.".

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады