Об установлении предельного размера инвестиционной субсидии

Совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 сентября 2018 года № 666 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 сентября 2018 года № 17. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 октября 2018 года № 17547. Утратил силу совместным приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 28 апреля 2022 года № 11-1-4/187 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 мая 2022 года № 39.

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра иностранных дел РК от 28.04.2022 № 11-1-4/187 и Министра национальной экономики РК от 03.05.2022 № 39 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 13 Правил предоставления инвестиционной субсидии, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1120 "Об утверждении Правил предоставления инвестиционной субсидии", ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Установить предельный размер инвестиционной субсидии согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по инвестициям Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан
_____________ Ж. Қасымбек

Министр национальной экономики Республики Казахстан
__________ Т. Сулейменов

      "СОГЛАСОВАН"
Министр финансов
Республики Казахстан
________________ А. Смаилов
20 сентября 2018 года

  Приложение к совместному приказу
Министра по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 20 сентября 2018 года № 666
и Министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 21 сентября 2018 года № 17

Предельный размер инвестиционной субсидии

Сумма фактических затрат на строительно- монтажные работы и приобретение оборудования, миллионов месячных расчетных показателей

Формула инвестиционной субсидии

Предельный размер предоставления инвестиционной субсидии, миллионов месячных расчетных показателей

5

30 %

1,5

От 5 до 7, включительно

1,5 млн.МРП + (I – 5 млн.МРП)*25%

Не более 2

От 7 до 9, включительно

2 млн.МРП + (I – 7 млн.МРП)*20%

Не более 2,4

От 9 до 11, включительно

2,4 млн.МРП + (I – 9 млн.МРП)*15%

Не более 2,7

От 11 до 15, включительно

2,7 млн.МРП + (I – 11 млн.МРП)*5%

Не более 2,9

От 15 и выше

3 млн.МРП

Не более 3

      Примечание:

      I - Сумма фактических затрат на строительно-монтажные работы и приобретение оборудования, миллионов месячных расчетных показателей.

Инвестициялық субсидияның шекті мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 666 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 17 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 қазанда № 17547 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 11-1-4/187 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 39 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 28.04.2022 № 11-1-4/187 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.05.2022 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Инвестициялық субсидия беру қағидаларының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Инвестициялық субсидияның шекті мөлшері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
_____________ Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Т. Сүлейменов
 

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Ә. Смайылов

      2018 жылғы 20 қыркүйек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
20 қыркүйектегі № 666
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 17 бірлескен бұйрығына
қосымша

Инвестициялық субсидияның шекті мөлшері

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың сомасы, миллион айлық есептік көрсеткіш

Инвестициялық субсидияның формуласы

Инвестициялық субсидия берудің шекті мөлшері, миллион айлық есептік көрсеткіш

5

30 %

1,5

5-тен 7-ге дейін қоса алғанда

1,5 млн.АЕК + (I – 5 млн.АЕК)*25%

2-ден кем емес

7-тен 9-ға дейін қоса алғанда

2 млн.АЕК + (I – 7 млн.АЕК)*20%

2,4-тен кем емес

9-дан 11-ге дейін қоса алғанда

2,4 млн.АЕК + (I – 9 млн.АЕК)*15%

2,7-ден кем емес

11-ден 15-ке дейін қоса алғанда

2,7 млн.АЕК + (I – 11 млн.АЕК)*5%

2,9-дан кем емес

15-тен жоғары

3 млн.АЕК

3-тен кем емес

      Ескертпе:

      I - Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың сомасы, миллиондаған айлық есептік көрсеткіш.