"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Инвестициялық субсидияның шекті мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 666 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 17 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17547 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын қадағалау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |