О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 146 "О некоторых вопросах налогового и таможенного администрирования"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 октября 2018 года № 892. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 октября 2018 года № 17607

      Примечание РЦПИ!
Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 3.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 146 "О некоторых вопросах налогового и таможенного администрирования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16450, опубликован 13 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов) следующие изменения:

      1) в форме уведомления о погашении налоговой задолженности, утвержденной указанным приказом:

      часть вторую изложить в следующей редакции:

      "В случае непогашения налоговой задолженности к Вам будут применены следующие способы обеспечения исполнения не выполненного в срок налогового обязательства и меры принудительного взыскания налоговой задолженности:

      1) приостановление расходных операций по банковским счетам (за исключением корреспондентских счетов) налогоплательщика (налогового агента), отнесенного в соответствии с системой управления рисками к категории*:

      высокого уровня риска, – по истечении одного рабочего дня со дня вручения уведомления о погашении налоговой задолженности;

      среднего уровня риска, – по истечении десяти рабочих дней со дня вручения уведомления о погашении налоговой задолженности;

      2) приостановление расходных операций по кассе налогоплательщика (налогового агента) производится в случае непогашения налоговой задолженности налогоплательщиком, отнесенным в соответствии с системой управления рисками к категории:

      высокого уровня риска, – по истечении одного рабочего дня со дня вручения уведомления о погашении налоговой задолженности;

      среднего уровня риска, – по истечении десяти рабочих дней со дня вручения уведомления о погашении налоговой задолженности;

      3) ограничение в распоряжении имуществом налогоплательщика (налогового агента), отнесенного в соответствии с системой управления рисками к категории:

      высокого уровня риска, – по истечении одного рабочего дня со дня вручения уведомления о погашении налоговой задолженности;

      среднего риска, – по истечении пятнадцати рабочих дней со дня вручения уведомления о погашении налоговой задолженности;

      4) обращение взыскания на деньги, находящиеся на банковских счетах, налогоплательщика (налогового агента) суммы налоговой задолженности в случае неуплаты или неполной уплаты сумм налоговой задолженности налогоплательщиком (налоговым агентом), отнесенным в соответствии с системой управления рисками к категории:

      высокого уровня риска, – по истечении пяти рабочих дней со дня вручения уведомления о погашении налоговой задолженности;

      среднего риска, – по истечении двадцати рабочих дней со дня вручения уведомления о погашении налоговой задолженности.";

      примечание изложить в следующей редакции:

      "Примечание:

      * информация к какой степени риска отнесен налогоплательщик (налоговый агент) по результатам системы управления рисками доступна на официальном сайте Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан http://kgd.gov.kz и в web-приложении "Кабинет налогоплательщика".

      ** данная мера применяется в отношении налогоплательщика (налогового агента) – акционерного общества с участием государства в уставном капитале.";

      2) в форме уведомления о погашении задолженности по таможенным платежам, налогам, специальным, антидемпинговым, компенсационным пошлинам, пеней, процентов, утвержденной указанным приказом:

      в части первой:

      таблицу изложить в следующей редакции:

      "

№ п/п

Код бюджетной классификации

Наименование кода бюджетной классификации

Сумма таможенного платежа, налога, специальных, антидемпинговых, компенсационных пошлин

Сумма пени

Сумма процентов

Итого сумма

1

2

3

4

5

6

7
















Итого:






      ";

      3) в форме уведомления об обращении взыскания на деньги на банковских счетах дебиторов, утвержденной указанным приказом:

      часть третью изложить в следующей редакции:

      "В случае непредставления акта сверки взаиморасчетов, в срок, указанный настоящим уведомлением, ________________________________________________________________________________
                  (наименование органа государственных доходов)

      проведет у Вас проверку. В случае невыполнения требований органа государственных доходов и их должностных лиц к Вам будут применены меры административного взыскания в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях".".

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Тенгебаев А.М.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением подпункта 1) пункта 1, который вводится в действие с 1 января 2019 года.

      Министр финансов
Республики Казахстан
А. Смаилов

"Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 892 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қазанда № 17607 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаның нысанында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық берешегі өтелмеген жағдайда Сізге мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың мынадай:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес*:

      тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін;

      тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін банктік шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      2) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес:

      тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін;

      тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      3) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес:

      тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін;

      тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін мүлікке билік етуін шектеу;

      4) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес:

      тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін;

      тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткеннен кейін салықтық берешек сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салықтық берешек сомаларын банктік шоттарындағы ақшадан өндіріп алу шаралары қолданылады.";

      ескерту мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескерту:

      * тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижесі бойынша салық төлеуші тәуекелдің қандай деңгейіне жатқызылғаны туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz ресми сайтында және "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасында қол жетімді.

      ** осы шара жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамға - салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылады.";

      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаның нысанында:

      бірінші бөлікте:

      кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "

р/с №

Бюджеттік сыныптама коды

Бюджеттік сыныптама кодының атауы

Кедендік төлемнің, салықтың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждардың сомасы

Өсімпұл сомасы

Процент сомасы

Сомасының жиыны

1

2

3

4

5

6

7
















Жиыны






      ";

      3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген дебиторлардың банктік шоттардағы ақшаға өндiрiп алуды қолдану туралы хабарламаның нысанында:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы хабарламада көрсетілген мерзімде өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі берілмеген жағдайда

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Сізге тексеру жүргізеді. Мемлекеттік кірістер органы мен олардың лауазымды тұлғаларының талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов