О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 27 июля 2016 года № 343 "Об утверждении типового договора о подключении объектов по использованию возобновляемых источников энергии, а также правил его заключения"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 10 октября 2018 года № 406. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 ноября 2018 года № 17664

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 27 июля 2016 года № 343 "Об утверждении типового договора о подключении объектов по использованию возобновляемых источников энергии, а также правил его заключения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14108, опубликован 2 сентября 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      в Правилах заключения типового договора о подключении объектов по использованию возобновляемых источников энергии, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Энергопроизводящая организация, соответствующий объект которой включен в план размещения объектов по использованию возобновляемых источников энергии, в течение 30 (тридцати) календарных дней с момента получения технических условий на подключение к сети от Энергопередающей организации направляет ей заявку на заключение договора о подключении объектов по использованию возобновляемых источников энергии (далее - заявка) в произвольной форме.

      К заявке прилагаются следующие документы:

      1) учредительные документы Энергопроизводящей организации;

      2) технические условия на подключение к сети;

      3) схема выдачи мощности электростанции, разработанная в соответствии с требованиями Электросетевых правил, утвержденных приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 18 декабря 2014 года № 210 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10899) (далее - Электросетевые правила);

      4) копии писем Энергопередающей организации и системного оператора о согласовании Схемы выдачи мощности электростанции в соответствии с пунктом 4 Электросетевых правил.".

      2. Департаменту по возобновляемым источникам энергии Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
К. Бозумбаев

"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 343 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 406 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қарашада № 17664 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 343 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14108 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты жасасу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тиісті объектісі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына енгізілген Энергия өндіруші ұйым Энергия беруші ұйымнан желіге қосуға арналған техникалық шарттарды алғаннан бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы шарт жасасуға еркін нысанда өтінім (бұдан әрі – өтінім) жолдайды.

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Энергия өндіруші ұйымның құрылтай құжаттары;

      2) желіге қосуға арналған техникалық шарттары;

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электр желілік қағидалар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электр желілік қағидалар) талаптарына сәйкес әзірленген электр станцияларының қуатын беру схемасы;

      4) Электр желілік қағидалардың 4-тармағына сәйкес Электр станцияларының қуатын беру схемасын келісу туралы Энергия беруші ұйым мен жүйелік оператор хаттарының көшірмелері.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев