Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 27 шілдедегі № 343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 тамызда № 14108 болып тіркелді.

      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

            Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 376) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шарт;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шарт жасасу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

            Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды.

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің

міндетін атқарушы
      М. Мырзағалиев

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
міндетін атқарушысының
2016 жылғы 27 шілдедегі
№ 343 бұйрығына
1-қосымша

      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шарт

            Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ___________________________ "___"________________20__ж.

      (шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрі Энергия беруші ұйым деп аталатын

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның толық атауы)

      атынан ______________________________________негізінде әрекет ететін

      _________________________________________________________бір тараптан

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      және бұдан әрі Энергия өндіруші ұйым деп аталатын

      _____________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (ұйымның толық атауы)

      ____________________________________________________ екінші тараптан,

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      бірлесіп Тараптар деп аталатындар төмендегі туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады.

      1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

            Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Шартта мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады:

      1) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;

      2) техникалық шарттар – электр желілеріне қосылу үшін қажетті техникалық талаптар;

      3) электр желісіне қосу – энергия өндіруші ұйымның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін/ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін энергия беруші ұйымның электр желісіне физикалық қосу;

      4) электр желісіне қосу нүктесі – энергия өндіруші ұйымның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін/ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін энергия беруші ұйымның электр желісімен физикалық қосу орны;

      5) электр желісіне қосу туралы акт – Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған, техникалық шарттардың орындалуын және электр желісіне қосылуды растайтын құжат.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2-тарау. Шарттың мәні

            Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Энергия беруші ұйым Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электржелілік қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электр желілік қағидалар) сәйкес әзірленген және берілген, желіге қосуға арналған техникалық шарттарға сәйкес Энергия өндіруші ұйымға электр желісіне қосу нүктесін ұсыну арқылы электр желісіне қолжетімділікті ұсынуға міндеттенеді.

      3. Энергия өндіруші ұйым техникалық шарттардың талаптарын толық көлемде орындауға және техникалық шарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін немесе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін пайдалануға беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

            Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Энергия өндіруші ұйым:

      1) техникалық шарттардың талаптарын оларда белгіленген мерзімдерде және осы Шартқа сәйкес толық көлемде орындауға;

      2) кешенді сынақтар басталғанға дейін жүйелік оператормен электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөнінде қызметтер көрсетуге шарт жасасуға;

      3) кешенді сынақтар басталғанға дейін сатып алушымен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасуға;

      4) кешенді сынақтар басталғанға дейін энергия беруші ұйыммен электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасуға;

      5) техникалық шарттардың талаптарын орындағаннан кейін Электр желілік қағидалардың талаптарына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісіне/қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісіне кешенді сынақтар жүргізуге міндетті.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Энергия өндіруші ұйым техникалық шарттардың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін, берілген техникалық шарттардың қолданыс мерзімін ұзарту үшін Энергия жеткізуші ұйымға өтінім беруге құқылы.

      6. Энергия беруші ұйым:

      1) техникалық шарттарда көрсетілген электр желісіне қосылу нүктесін энергия өндіруші ұйымның техникалық шарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін резервке қоюға;

      2) осы Шарттың талаптарын толық көлемде орындаған кезде энергия өндіруші ұйым өтінім бергеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін/қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін электр желісіне қосуға және қуатын беруге рұқсат беруге міндетті.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Энергия беруші ұйым:

      1) энергия өндіруші ұйымның техникалық шарттардың қолданылу мерзімі өткенге дейін берген өтініші бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу шартына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін/қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға берудің соңғы мерзіміне дейін техникалық шарттардың қолданысын ұзартуға;

      2) техникалық шарттардың талаптары орындалмаған жағдайда электр желісіне қосуға рұқсат беруден бас тартуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, энергия өндіруші ұйымды алдын ала жазбаша хабардар ете отырып, техникалық шарттарға тиісті өзгерістер енгізуге құқылы.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

            Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шартты бұзады.

      5-тарау. Дауларды қарау

            Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Осы Шарттан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.

      6-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

            Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Осы Шарт Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және техникалық шарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе электр желісіне қосу туралы актіге қол қойылғанға дейін, бірақ бұрын басталуына қарай қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін /қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алу шартында көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңа объектіні пайдалануға қабылдау туралы актіні ұсыну мерзімінен кешіктірмей қолданылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Техникалық шарттардың қолданыс мерзімі ұзартылған жағдайда, осы Шарт талаптарына сәйкес Тараптар осы шартқа тиісті қосымша келісімді ресімдейді.

      7-тарау. Шартты бұзу талаптары

            Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Осы шарт:

      1) Тараптардың келісімі бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда бұзылуы мүмкін.

      8-тарау. Еңсерілмейтін мән-жайлар

            Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Тараптардың Шарт талаптарын орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы еңсерілмейтін күш мән-жайлары нәтижесінде болған жағдайда, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауға еңсерілмейтін күш салдарынан, яғни аталған жағдайларда төтенше және шарасыздық жағдайлары салдарынан кедергі келтіретін оқиғалар (табиғат құбылыстары, әскери іс-қимылдар және төтенше жағдай) еңсерілмейтін күш мән-жайлары болып танылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Еңсерілмейтін күш мән-жайлар әрекетіне тап болған Тарап, еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындау себептерін, сипатын және олардың болжамды ұзақтығын көрсетіп, растаушы құжаттарды ұсына отырып, олар туындаған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде екінші Тарапқа хабарлауға міндетті.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-тарау. Шарттың өзге де талаптары

            Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Тараптар техникалық шарттарды орындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін/ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін электр желісіне қосу аяқталғаннан кейін осы Шартқа қосымшаға сәйкес электр желісіне қосу туралы актіге қол қояды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Энергия беруші ұйымға тиесілі объектілерде Энергия өндіруші ұйым орнатқан жабдықтардың теңгерімдік тиесілігі мәселелерін реттеу қажеттілігі болған жағдайда, Тараптар осы Шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      18. Тараптардың Шарттан туындайтын және өздері реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      19. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.

      20. Осы Шарттың барлық Қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      21. Осы шартта қамтылған ақпарат құпиялы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды есепке алмағанда, екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз жарияланбауы және/немесе үшінші тарапқа берілмеуі тиіс.

      22. Осы шарттың барлық өзгерістері мен толықтырулары жазбаша түрде жасалса және оларға екі Тарап та қол қойған жағдайда ғана жарамды және күшке ие болады.

      Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолдары

      Жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану объектілерін,
қалдықтарды энергетикалық
кәдеге жарату объектілерін қосу
туралы үлгілік шартқа
қосымша

      _______________________

      (актіге қол қою орны)

      "____" __________ 20__ жылы

      Электр желісіне қосу туралы акт

      Ескерту. Акт жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________________________________________________

      (жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінің/қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінің атауы)

      Мына құрамдағы комиссия:

      _________________ ________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      _________________ ________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      __________________________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      20 ___ жылғы "____"___________ № __ шарттың талаптарына сәйкес 20 ___

      жылғы "____" ____________ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану

      объектісін/қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін

      ______________________________ электр желісіне қосу жүзеге асырылғаны

      туралы осы актіні жасады

      Энергия беруші ұйымның өкілдері :

      _________________ ________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      _________________ ________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      _________________ ________________________________________________.

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      Мөрдің орны (бар болса)

      Энергия өндіруші ұйымның өкілдері:

      _________________ ________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      _________________ ________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      _________________ ________________________________________________.

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      Мөрдің орны (бар болса)


      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 27 шілдедегі
№ 343 бұйрығына
2-қосымша

      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты жасасу қағидалары мен мерзімдері

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты жасасу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 376) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шарт жасасу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.09.2024 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңа немесе қазіргі объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді құруды (кеңейтуді, реконструкциялауды) жоспарлайтын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – энергия өндіруші ұйым) және электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері тікелей қосылатын энергия беруші ұйым (бұдан әрі – энергия беруші ұйым) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді қосу туралы үлгілік шарт (бұдан әрі – үлгілік шарт) жасасады.

      2-тарау. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты жасасу тәртібі мен мерзімдері

      3. Тиісті объектісі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін орналастыру жоспарына енгізілген энергия өндіруші ұйым энергия беруші ұйымнан желіге қосуға арналған техникалық шарттарды алған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы шарт жасасуға еркін нысандағы өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жібереді.

      Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) энергия өндіруші ұйымның құрылтай құжаттары;

      2) желіге қосуға арналған техникалық шарттар;

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электр желілік қағидалар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электр желілік қағидалар) талаптарына сәйкес әзірленген электр станциясына қуатын беру схемасы;

      4) Электр желілік қағидалардың 4-тармағына сәйкес электр станциясына қуат беру схемасын келісу туралы энергия беруші ұйым мен жүйелік оператор хаттарының көшірмелері.

      4. Энергия беруші ұйым өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген, ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде энергия өндіруші ұйымға табыс етілмеген құжаттарды көрсете отырып, тиісті хабарлама жібереді.

      Энергия өндіруші ұйым энергия беруші ұйымның хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттарды ұсынады.

      5. Энергия өндіруші ұйым осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды толық көлемде ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде үлгілік шартқа сәйкес энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін қосу туралы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасады.

      6. Тараптар міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін қосу туралы шарт Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне сәйкес бұзылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады