О внесении изменения в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 13 июня 2018 года № 262 "Об определении сроков перехода на цифровое эфирное телерадиовещание"

Приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 417. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 ноября 2018 года № 17748. Утратил силу приказом Министра культуры и информации РК от 29.08.2024 № 393-НҚ.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра культуры и информации РК от 29.08.2024 № 393-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 42 Закона Республики Казахстан от 18 января 2012 года "О телерадиовещании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 13 июня 2018 года № 262 "Об определении сроков перехода на цифровое эфирное телерадиовещание" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17082, опубликован 20 июня 2018 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Определить следующие сроки перехода на цифровое эфирное телерадиовещание:

      1) первый этап, до 31 декабря 2018 года: Мангистауская, Жамбылская, Туркестанская области и город Шымкент;

      2) второй этап, до 1 июля 2019 года: Алматинская, Павлодарская и Костанайская области;

      3) третий этап, до 1 июля 2020 года: Восточно-Казахстанская, Северо-Казахстанская, Карагандинская, Атырауская, Кызылординская;

      4) четвертый этап, до 1 июля 2021 года: Западно-Казахстанская, Акмолинская, Актюбинская области, города Астана и Алматы.".

      2. Департаменту государственной политики в области средств массовой информации Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и коммуникаций Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Министр информации и коммуникаций
Республики Казахстан
Д. Абаев

"Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 қарашада № 17748 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 393-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.08.2024 № 393-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. " Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркелген тiзiлiмiнде № 17082 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің мынадай мерзімдері айқындалсын:

      1) бірінші кезең, 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін: Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы;

      2) екінші кезең, 2019 жылғы 1 шілдеге дейін: Алматы, Павлодар және Қостанай облыстары;

      3) үшінші кезең, 2020 жылғы 1 шілдеге дейін: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары;

      4) төртінші кезең, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін: Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалалары.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев