О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 июля 2018 года № 540 "Об утверждении Правил реализации построенного и (или) приобретенного у частных застройщиков жилья в рамках Государственной программы жилищного строительства "Нұрлы жер"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 924. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2018 года № 18047. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 4 февраля 2021 года № 44.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 04.02.2021 № 44 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 июля 2018 года № 540 "Об утверждении Правил реализации построенного и (или) приобретенного у частных застройщиков жилья в рамках Государственной программы жилищного строительства "Нұрлы жер" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 17373, опубликован 17 сентября 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов) следующее изменение:

      в Правилах реализации построенного и (или) приобретенного у частных застройщиков жилья в рамках Государственной программы жилищного строительства "Нұрлы жер", утвержденных указанным приказом:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. МИО осуществляет мониторинг и контроль по реализации кредитного жилья участникам Программы.

      Кредитное жилье МИО реализуется следующими способами в течение 6 (шести) месяцев:

      1) вкладчикам и очередникам через АО "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" (далее – ЖССБК);

      2) через ипотечные займы банков второго уровня (далее – БВУ).

      МИО вправе применять одновременно реализацию двух способов, либо каждого в отдельности.

      В случае реализации квартир по способу, предусмотренному подпунктом 1) настоящего пункта, процедуры отбора участников и распределение жилья проводит ЖССБК.

      В случае реализации квартир по способу, предусмотренному подпунктом 2) настоящего пункта, МИО публикует на собственном интернет-ресурсе объявление о реализации квартир.

      Претенденту, приобретающему жилье за счет ипотечных займов БВУ по Программе ипотечного жилищного кредитования "7-20-25. Новые возможности приобретения жилья для каждой семьи" (далее – программа "7-20-25"), необходимо соответствовать установленным требованиям данной программы.

      По истечении 6 (шести) месяцев жилье реализуется иным гражданам.

      Если жилье не реализовано МИО распоряжается им по своему усмотрению при условии погашения за счет средств местного бюджета выпущенных облигационных займов для финансирования строительства жилья.".

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по инвестициям
и развитию Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан
"____"____________ 2018 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан
"____"____________ 2018 года

"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 540 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 924 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 18047 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 44 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 44 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17373 болып тіркелген, 2018 жылғы 17 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді өткізу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЖАО Бағдарламаға қатысушыларға кредиттік тұрғын үйді өткізу бойынша мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.

      ЖАО кредиттік тұрғын үйі 6 ай ішінде мынадай тәсілдермен:

      1) салымшыларға және кезекте тұрған адамдарға "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі – ҚТҚЖБ) арқылы;

      2) екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) ипотекалық қарыздары арқылы өткізіледі.

      ЖАО екі тәсілді бір уақытта не әрқайсысын жеке қолдануға құқылы.

      Пәтерлер осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген тәсіл бойынша өткізілген жағдайда, қатысушыларды іріктеу және тұрғын үйді бөлу рәсімдерін ҚТҚЖБ жүргізеді.

      Пәтерлер осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тәсіл бойынша өткізілген жағдайда, ЖАО өз интернет-ресурсында пәтерлерді өткізу туралы хабарландыруды жариялайды.

      "7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері" ипотекалық тұрғын үйді кредиттеу бағдарламасы (бұдан әрі – "7-20-25" бағдарламасы) бойынша ЕДБ ипотекалық қарыздары есебінен тұрғын үйді сатып алатын үміткер аталған бағдарламаның белгіленген талаптарына сәйкес келуі қажет.

      6 ай өткеннен кейін тұрғын үй басқа азаматтарға өткізіледі.

      Егер тұрғын үй өткізілмесе, ЖАО тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін шығарылған облигациялық қарыздарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу шартымен оны өзінің қалауы бойынша иеленеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2018 жылғы "____" _____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2018 жылғы "____" _____________