О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 3 ноября 2014 года № 96 "Об утверждении Правил розничной реализации и пользования товарным и сжиженным нефтяным газом"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 11 декабря 2018 года № 498. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 февраля 2019 года № 18305

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 3 ноября 2014 года № 96 "Об утверждении Правил розничной реализации и пользования товарным и сжиженным нефтяным газом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9936, опубликован 15 декабря 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнения:

      в Правилах розничной реализации и пользования товарным и сжиженным нефтяным газом, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) газ - товарный газ и (или) сжиженный нефтяной газ;

      2) перерасход газа - отбор потребителем газа в объеме, превышающем суточную норму поставки (потребления) газа;

      3) технологический запас газа в газопроводе - необходимый минимальный объем газа в газопроводе для обеспечения рабочего режима транспортировки газа;

      4) пропускная способность газопровода - расход газа по внутреннему диаметру газопровода и рабочему давлению газа из расчета потребления 24 часа в сутки;

      5) среднесуточная норма поставки (потребления) газа - объем газа, определяемый путем деления месячного объема газа, установленного договором, на количество календарных дней соответствующего месяца;

      6) суточная норма поставки (потребления) газа - суточный объем газа, установленный диспетчерским графиком по соглашению сторон;

      7) броня газопотребления - минимальный объем потребления газа, необходимый для бесперебойной и безаварийной, при условии максимального использования резервных видов топлива, работы технологического оборудования потребителей, поставки газа которым в соответствии с законами и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, не могут быть прекращены или быть ниже этого минимального объема;

      8) мощность газопотребляющего (газового) оборудования - максимальная суммарная мощность газового оборудования из расчета их работы 24 часа в сутки;

      9) диспетчерский график - почасовой график поставки газа в соответствии с заявкой, поданной поставщиком транспортировщику;

      10) расчетный период - период, за который определяется объем поставленного газа, производятся взаиморасчеты между поставщиком, газотранспортной, газораспределительной, газосетевой организациями и потребителем за поставленный газ. Расчетный период, согласованный сторонами, указывается в договоре;

      11) поставка - деятельность по розничной реализации газа;

      12) поставщик - лицо, осуществляющее розничную реализацию газа на условиях, установленных Законом и настоящими Правилами;

      13) транспортировщик - газотранспортная или газораспределительная организация;

      14) технические условия - документ, выдаваемый газораспределительной или газосетевой организацией на строительство объектов системы газоснабжения, подключение потребителя в запрашиваемых (расчетных) параметрах, изменение первоначального проектного решения объекта системы газоснабжения;

      15) потребитель - бытовой, коммунально-бытовой или промышленный потребитель;

      16) уполномоченный орган - центральный исполнительный орган, осуществляющий государственное регулирование производства, транспортировки (перевозки), хранения и оптовой реализации газа, а также розничной реализации и потребления товарного и сжиженного нефтяного газа вне пределов границ населенных пунктов.";

      Иные термины и определения, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с Законом.

      подпункт 1) пункта 36 изложить в следующей редакции:

      "1) срыв пломбы, воздействие на пломбу либо прибор учета допускающие возможность несанкционированного отбора (хищения) газа, а также без согласия газораспределительной, газосетевой организации – подключение к системе газоснабжения, монтаж, демонтаж газового оборудования и приборов учета, замена пригодного к использованию прибора учета;";

      пункт 39 изложить в следующей редакции:

      "39. В случае, если параметры внешней среды отличаются от указанных в пункте 38 настоящих Правил, поставщик осуществляет перерасчет показаний приборов учета без корректоров путем приведения рабочих параметров газа к стандартным условиям, согласно паспорту прибора учета, либо в соответствии с Методикой перерасчета показаний приборов учета без корректоров путем приведения рабочих параметров газа к стандартным условиям, утвержденный приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 491 (Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 16429)";

      пункт 47 изложить в следующей редакции:

      "47. При нарушении подпункта 1) пункта 36 настоящих Правил, поставщик производит перерасчет расхода газа:

      1) бытовому потребителю по пропускной способности газопровода до крана на вводе, а для квартир – до крана на опуске, за период со дня проведения последней проверки до дня обнаружения, но не более двух месяцев, а при отсутствии прибора учета – со дня начала текущего расчетного периода до дня обнаружения;

      2) коммунально-бытовому и промышленному потребителям – по пропускной способности газопровода на границе эксплуатационной ответственности, за период со дня проведения последней проверки до дня обнаружения, но не более двух месяцев.

      При обнаружении у потребителя факта несоответствия прибора учета параметрам газового оборудования, потребителю производится перерасчет расхода газа в соответствии с пунктами 42 и 43 настоящих Правил со дня последней проверки.

      Поставщик производит перерасчет расхода газа с учетом начисленного объема газа за период производимого перерасчета.

      Фактом проверки бытового потребителя является снятие показаний прибора учета, а для коммунально-бытовых и промышленных потребителей – отметка поставщика о произведенной проверке в журнале потребителя, а при его отсутствии – по данным поставщика.".

      2. Департаменту развития газовой промышленности Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
К. Бозумбаев

"Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 498 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 ақпанда № 18305 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9936 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1) газ - тауарлық газ және (немесе) сұйытылған мұнай газы;

      2) газды артық жұмсау - газды жеткізудің (тұтынудың) тәуліктік нормасынан асып кететін көлемде тұтынушының газды іріктеп алуы;

      3) газ құбырындағы газдың технологиялық қоры - газды тасымалдаудың жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін газ құбырындағы қажетті газдың ең аз көлемі;

      4) газ құбырының өткізгіштік қабілеті – газ құбырының ішкі диаметрі және тәулігіне 24 сағат тұтыну есебінен жұмыс қысымы бойынша газ шығысы;

      5) газ жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасы - шартпен белгіленген бір айдағы газ көлемін тиісті айдың күнтізбелік күндеріне бөлу жолымен айқындалатын газ көлемі;

      6) газды жеткізудің (тұтынудың) тәуліктік нормасы - тараптардың келісімі бойынша диспетчерлік кестемен белгіленген тәуліктік газ көлемі;

      7) газ тұтыну броны - отынның резервтік түрлерін барынша пайдаланған жағдайда тұтынушыларға газ жеткізу Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес газ жеткізудің тоқтатылуы немесе осы шектен азайтылуы мүмкін емес тұтынушыларды үздіксіз және авариясыз технологиялық жабдықтау жұмысы үшін қажетті ең аз газ тұтыну көлемі;

      8) газ тұтыну (газ) жабдығының қуаты– газ жабдығының тәулігіне 24 сағат жұмысы есебінен ең жоғарғы жиынтық қуаты;

      9) диспетчерлік кесте - жеткізушінің тасымалдаушыға берген өтініміне сәйкес газ жеткізудің сағаттық кестесі;

      10) есеп айырысу кезеңі - берілген газдың көлемі анықталатын, жеткізуші, газ тасымалдау, газ тарату, газ желісі ұйымдары арасындағы берілген газ үшін өзара есеп айырысу жүргізілетін кезең. Тараптармен келісілген есеп айырысу кезеңі шартта көрсетіледі;

      11) жеткізу - газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет;

      12) жеткізуші - Заңмен және осы Қағидалармен белгіленген жағдайларда газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға;

      13) тасымалдаушы - газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы;

      14) техникалық жағдайлар - газбен жабдықтау жүйесінің объектілерін салуға, тұтынушыны сұратылатын (есеп айырысу) параметрлерге қосуға, газбен жабдықтау жүйесі объектісінің бастапқы жобалық шешімін өзгертуге газ тарату немесе газ желісі ұйымы беретін құжат;

      15) тұтынушы - тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық немесе өнеркәсіптік тұтынушы;

      16) уәкілетті орган - газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.".

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.

      36-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) газды рұқсатсыз алуға (ұрлауға) мүмкіндік беретін пломбаны бүлдіруге, пломбаға не есепке алу аспабына әсер ету әрекеттерін жасауға, сондай-ақ газ тарату, газ желісі ұйымдарының келісімінсіз газбен жабдықтау жүйесіне қосылуға, газ жабдығын және есепке алу аспаптарын монтаждауға, бөлшектеуге, пайдалануға жарамды есепке алу аспаптарын ауыстыруға;";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Егер сыртқы ортаның параметрлері осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілгендерден ерекшеленген жағдайда, жеткізуші газдың жұмыс параметрлерін стандартты шарттарға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеуді есепке алу аспабының паспортына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №491 бұйрығымен бекітілген Газдың жұмыс параметрлерін стандартты жағдайларға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 16429 болып тіркелді)";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Осы Қағидалардың 36-тармағының 1) тармақшасы бұзылған кезде жеткізуші газ шығысын мыналарға қайта есептеуді жүзеге асырады:

      1) тұрмыстық тұтынушыға кіре берістегі кранға дейінгі, ал пәтерлер үшін ысырмалы кранға дейінгі газ құбырының өткізгіштік қабілеті бойынша, соңғы тексеру өткізілген күннен бастап анықталған күнге дейінгі, ал есепке алу аспабы болмаған кезде – ағымдағы есептік кезең басталған күннен бастап анықталған күнге дейінгі, бірақ екі айдан артық емес кезеңге;

      2) коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушыларға – пайдалану жауапкершілігі шегінде газ құбырының өткізгіштік қабілеті бойынша, соңғы тексеру өткізілген күннен бастап анықталған күнге дейінгі, бірақ екі айдан артық емес кезеңге жүргізіледі.

      Тұтынушыда есепке алу аспабы газ жабдығының параметрлеріне сәйкес келмейтін факті анықталған кезде, тұтынушыға осы Қағидалардың 42 және 43-тармақтарына сәйкес газ шығысын қайта есептеу соңғы тексеру күнінен бастап жүргізіледі.

      Жеткізуші есептелген газ көлемі есебімен, жүргізілген қайта есептеу кезеңіне газ шығысын қайта есептеуді жүргізеді.

      Тұрмыстық тұтынушы үшін – есепке алу аспабының көрсеткіштерін жазып алу, ал коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылар үшін –жеткізушінің тұтынушы журналындағы жүргізілген тексеру туралы белгісі, ал ол болмаған кезде, жеткізуші деректері бойынша тексеру фактісі болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми оны қазақ және орыс тілдерінде жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) , 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі Қ. Бозымбаев