Газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжатты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 491 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 ақпанда № 16429 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Газдың жұмыс параметрлерін стандартты жағдайларға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ж. Қасымбек

      201__ жылғы "__" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Т. Сүлейменов

      201__ жылғы "__" __________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 491 бұйрығымен бекітілген

Газдың жұмыс параметрлерін стандартты жағдайларға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеу әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Газдың жұмыс параметрлерін стандартты жағдайларға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Газдар. Көлемді анықтауға арналған шарттар 2939-63 МемСт" (бұдан әрі - 2939-63 МемСт) сәйкес газдың жұмыс параметрлерін стандартты жағдайларға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспабының (бұдан әрі - ЕАА) көрсеткіштерін қайта есептеуге арналған.

      2. Әдістеме үй-жайлардың сыртына орнатылатын газды есепке алудың тұрмыстық аспаптарының көмегімен тауарлық газды есептеу кезінде қолданылады.

2-тарау. Газдың жұмыс параметрлерін стандартты жағдайларға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеу

      3. Газ тарату станциясы арқылы газ бөлу жүйесіне берілетін табиғи газдың есебі газды есепке алу аспабы арқылы жүргізіледі, онда өтетін газдың нақты көлемі температура бойынша стандартты жағдайлар кезіндегі көлемдерге келтіріледі, нақтылай алғанда tcm= 20°С (293,15°К) және Р = 760 миллиметр сынап бағанасы (101325 Па) (бұдан әрі – стандартты жағдайлар). 2939-63 МемСТ-ға сәйкес газды коммерциялық есепке алу тораптарында және есепке алу аспабында газды есепке алуды әділ бағалау үшін оларды стандартты жағдайлар кезіндегі көлемдерге қайта есептеп, газ көлемдерін түзетуді жүргізу қажет.

      4. Тұтынушыларға жеткізілетін газ көлемінің есепке алынуы 2939-63 МемСТ-ға сәйкес газ көлемі бойынша корректорлары бар аспаптарды қолдана отырып жүргізіледі.

      Корректорларсыз аспаптарды қолдана отырып, тұтынушыларға жеткізілетін газдың көлемін температура және қысым бойынша түзету осы Әдістеме талаптарына сәйкес есептік әдіспен жүргізіледі.

      Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушыларға газды өткізу температура және қысым бойынша корректорлары бар және корректорларсыз аспаптарды қолдана отырып, есепке алу аспаптары бойынша жүргізіледі.

      5. Тұтынушылармен жұмыс кезінде есепті кезеңдегі стандартты жағдайда жеткізілген газ көлемін қайта есептеуге арналған орташа айлық түзету коэффициенттері қолданылады.

      Жеткізілген газдың көлемі анықталатын, жеткізуші мен тұтынушы арасында жеткізілген газ үшін өзара есеп айырысулар жүргізілетін кезең есепті кезең деп аталады. Есепті кезең айдың 1-ші күнінен бастап соңғы күніне дейін есепке алынатын бір күнтізбелік айға тең.

      6. Есепті айдағы жеткізілген газ көлемдерін стандартты жағдайларда (2939-63 МемСТ бойынша) қайта есептеуге арналған түзету коэффициенттері барометрлік қысымның өңірлік мәні мен сыртқы ауаның орташа айлық температурасын есепке ала отырып, келесі формула бойынша есептеледі:



      мұнда, к – жеткізілген газ көлемдерін стандартты жағдайларға қайта есептеуге арналған түзету коэффициенті;

      0,0029 – 293,15°К тең стандартты температураны және 101325 Па тең стандартты қысымды бөлу кезінде алынған стандартты жағдайларға келтіру коэффициенті;

      Рг – тұрмыстық тұтынушыларға берілетін газдың артық қысымы (2000 Па)

      Р6 – метеорологиялық қызметтің тиісті өңірлік бөлімшесінің деректерімен анықталатын газбен жабдықтау ауданындағы барометрлік қысым Па;

      273,15 – Цельсия шкаласы бойынша градустардағы температура мәнін Кельвин термодинамикалық температурасына ауыстыру коэффициенті;

      tг – аспаптағы газдың орташа температурасы ЕАА орналасқан орнына байланысты есепті кезең үшін (2) формула бойынша есептеледі немесе аспап арқылы өтетін газ температурасының анықтамаларына немесе осы

      Әдістемеге 1 және 2 қосымшаларға сәйкес (2) формула бойынша есептелген сыртқы ауа температурасына қатысты tг аспаптағы газ температурасының шамасына сәйкес қабылданады.

      Аспап сыртқа орнатылған жағдайда ЕАА-дағы газдың температурасы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес сыртқы ауаның температурасына теңеледі.

      7. Сыртқы ауа температурасына қатысты tг аспаптағы газ температурасының мәндері келесі формула бойынша анықталады:

      tг = tв + (tcp - tв) e-Shu, (2)

      мұнда, Shu = 0,546 – болат құбыр кірмелерге арналған Шухов саны;

      е = 2,72 - натуралды логарифм негіздемесі;

      tср – айдағы сыртқы ауаның орташа температурасы, метеорологиялық қызметтің тиісті өңірлік бөлімшесімен берілген нақты деректер бойынша қабылданады;

      tв – ауаның орташа температурасы, 20°С.

      Сыртқы ауа температурасына байланысты орташа мәндер қатары үшін (2) формула бойынша есептелген аспаптағы газ температурасының шамасы tг осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

      8. Ай сайынғы коэффициенттерді есептеу кезінде есепті кезеңдегі тиісті өңірдің температурасы мен барометрлік қысымы бойынша нақты орташаландырылған деректер қолданылады. Нақты деректер шарт негізінде метеорологиялық қызметтің тиісті өңірлік бөлімшесімен беріледі.

      9. Өтемақы төленетін газдың көлемі м3 келесі формула бойынша анықталады:

      DV = (к - 1) · VЕАА, (3)

      мұнда, VЕАА – ЕАА көрсеткіштері бойынша бір айдағы газ тұтыну көлемі.

      Сонымен қатар тұтынушылармен өзара есеп айырысу кезінде қолданылатын стандартты жағдайлардағы түзетілген газ көлемін келесі формула бойынша анықтауға болады:

      Vcm = к·VЕАА (4)

      Vcm – стандартты жағдайлардағы газ көлемі.

  Газдың жұмыс параметрлерін
стандартты жағдайларға келтіру
жолымен корректорларсыз есепке алу
аспаптарының көрсеткіштерін
қайта есептеу әдістемесіне
1-қосымша

Есепке алу аспабы орналасқан жердің есебімен ол арқылы өтетін газ температурасын анықтау

Есепке алу аспабының орналасқан жері

Есепке алу аспабындағы газдың температурасы, tг °С

Түзету коэффициенті, к

Жылыту кезеңінде (қазаннан бастап сәуір айын қоса алғанда)

Жазғы кезең (мамырдан бастап қыркүйекті қоса алғанда)

Сыртқа орнатылуы

tср

tср

(1) формула бойынша есептеледі

  Газдың жұмыс параметрлерін
стандартты жағдайларға келтіру
жолымен корректорларсыз есепке алу
аспаптарының көрсеткіштерін
қайта есептеу әдістемесіне
2-қосымша

      (2) формула бойынша есептелген, сыртқы ауаның температурасына байланысты tг аспаптардағы газ температурасының мәндері

Мәні tcp

Мәні tг

Мәні tcp

Мәні tг

36,0

29,3

-1,0

7,8

34,0

28,1

-2.0

7,3

32,0

26,9

-3,0

6,7

30,0

25,8

-4,0

6,1

28,0

24,6

-5,0

5,5

26,0

23,5

-6,0

4,9

24,0

22,3

-7,0

4,4

22,0

21,2

-8,0

3,8

20,0

20,0

-9,0

3,2

18,0

18,8

-10,0

2,6

16,0

17,7

-12,0

1,5

14,0

16,5

-14,0

0,3

12,0

15,4

-16,0

-0,8

10,0

14,2

-18,0

-2,0

9,0

13,6

-20,0

-3,2

8,0

13,1

-22,0

-4,3

7,0

12,5

-24,0

-5,5

6,0

11,9

-26,0

-6,6

5,0

11,3

-28,0

-7,8

4,0

10,7

-30,0

-9,0

3,0

10,2

-32,0

-10,1

2,0

9,6

-34,0

-11,3

1,0

9,0

-36,0

-12,4

0,0

8,4

-38,0

-13,6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады