Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета района Биржан сал

Постановление акимата района Биржан сал Акмолинской области от 28 марта 2018 года № а-3/127. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 11 апреля 2018 года № 6534

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 213 Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания, утвержденных приказом Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9934), акимат района Биржан сал ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить перечень приоритетных направлений расходов бюджета района Биржан сал, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Енбекшильдерского района от 24 октября 2016 года № а-10/228 "Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета Енбекшильдерского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5596, опубликовано 02 декабря 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района, курирующего данный вопрос.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
акима района
Е.Сабиров

  Приложение
к постановлению акимата
района Биржан сал
от "28" 03 2018 года
№ а-3/127

ПЕРЕЧЕНЬ приоритетных направлений расходов бюджета района Биржан сал

      1. Выплата заработной платы и других денежных выплат, в том числе заработная плата технического персонала и все удержания из заработной платы;

      2. Денежные компенсации, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан;

      3. Алименты, обязательные пенсионные взносы, добровольные пенсионные взносы, социальные отчисления, пособия и другие социальные выплаты;

      4. Оплата банковских услуг, налоги и другие обязательные платежи в бюджет;

      5. Расходы на приобретение топлива (в части отопления зданий), услуг по организации питания, приобретению продуктов питания и медикаментов;

      6. Исполнение исполнительных документов и судебных актов;

      7. Расходы, производимые за счет целевых трансфертов и бюджетные кредиты из вышестоящих бюджетов.

Біржан сал ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № а-3/127 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 сәуірде № 6534 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оғанкассалық қызмет көрсету ережесінің 213 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Біржан сал ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      2. "Еңбекшілдер ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 қазандағы № а-10/228 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 5596 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 02 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аталған мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Е.Сабыров

  Біржан сал ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "28" 03
№ а-3/127 қаулысына
қосымша

Біржан сал ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының ТІЗБЕСІ

      1. Жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын және жалақыдан барлық ұстап қалулар;

      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақылар;

      3. Алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, жәрдемақыларды және басқа әлеуметтік төлемдер;

      4. Банктік қызмет ақысын төлеу, борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдер, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      5. Отын (ғимараттарды жылыту бөлігінде), тамақтануды ұйымдастыру, тамақ өнімдерін және дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша қызметтерді сатып алу үшін шығындар;

      6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау;

      7. Мақсатты трансферттер есебінен жасалатын шығындар және жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік несиелер.