Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 28.03.2018 № а-3/127 қаулысымен (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 213 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшілдер ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Мешеловке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Қиықов |
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "24" қазандағы № а-10/228 қаулысына қосымша |
Еңбекшілдер ауданының
бюджет шығыстарының басым бағыттарының
ТІЗБЕСІ
1. Жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын және жалақыдан барлық ұстап қалулар;
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақылар;
3. Алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, жәрдемақыларды және басқа әлеуметтік төлемдер;
4. Банктік қызмет ақысын төлеу, борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдер, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
5. Отын (ғимараттарды жылыту бөлігінде), тамақтануды ұйымдастыру, тамақ өнімдерін және дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша қызметтерді сатып алу үшін шығындар;
6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау;
7. Мақсатты трансферттер есебінен жасалатын шығындар және жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік несиелер.