О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в районе Биржан сал

Решение маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 28 ноября 2018 года № С-31/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 12 декабря 2018 года № 6917. Утратило силу решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 26 июня 2020 года № С-53/3

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 26.06.2020 № С-53/3 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", маслихат района Биржан сал РЕШИЛ:

      1. Дополнительно регламентировать порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в районе Биржан сал согласно приложению.

      2. Признать утратившим силу решение Енбекшильдерского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № С-4/2 "О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Енбекшильдерском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 1 ноября 2016 года № 5587, опубликовано 10 ноября 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
С.Акишев
      Секретарь районного
маслихата
С.Шауенов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким района Биржан сал
Акмолинской области
Е.Нугманов

      "28" ноября 2018 года

  Приложение
к решению маслихата
района Биржан сал
от 28 ноября 2018 года
№ С-31/3

Дополнительный порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в районе Биржан сал

      1. Определить местами проведения собраний и митингов в районе Биржан сал:

      1) город Степняк, большая площадь по улице Биржан сал;

      2) город Степняк, малая площадь по улице Биржан сал.

      2. Определить маршрут проведения шествий и демонстраций в районе Биржан сал:

      1) город Степняк, от пересечения улиц Кенесары и Наурызбай батыра до начала улицы Наурызбай батыра;

      2) город Степняк, от пересечения улиц Наурызбай батыра и Биржан сал до начала улицы Биржан сал.

      3. В местах проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций не допускается:

      1) использование транспарантов, лозунгов, иных материалов (визуальных, аудио/видео), а также публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, совершению преступлений, оскорблений в адрес кого бы то ни было;

      2) находится в состоянии алкогольного и наркотического опьянения.

      4. В целях обеспечения общественного порядка и безопасности участников пикета:

      1) участники различных одиночных пикетов должны располагаться друг относительно друга на расстоянии не менее 50 метров или находиться в пределах прямой видимости;

      2) допускается проведение в один и тот же день и время, на одном и том же объекте не более трех одиночных пикетов.

      5. При пикетировании разрешается:

      1) стоять, сидеть у пикетируемого объекта;

      2) использовать средства наглядной агитации;

      3) выкрикивать краткие лозунги, слоганы по теме пикета.

      6. В случае, когда получен отказ акимата района Биржан сал в проведении собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации или когда состоялось решение о его запрещении, уполномоченные (организаторы) незамедлительно принимают меры по отмене всех подготовительных мероприятий и по надлежащему оповещению об этом потенциальных участников.

Біржан сал ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы № С-31/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 6917 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № С-53/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 26.06.2020 № С-53/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қосымшаға сәйкес Біржан сал ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

      2. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № С-4/2 "Еңбекшілдер ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 1 қарашада № 5587 тіркелген, 2016 жылғы 10 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
С.Ақышев
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Шәуенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы
Біржан сал
ауданының әкімі
Е.Нұғыманов

      "28" қараша 2018 жыл

  Біржан сал ауданы
мәслихатының
2018 жылғы 28 қарашадағы
№ С-31/3 шешіміне
қосымша

Біржан сал ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Біржан сал ауданында жиналыстар мен митингілер өткізу орындары белгіленсін:

      1) Степняк қаласы, Біржан сал көшесінің бойындағы үлкен алаң;

      2) Степняк қаласы, Біржан сал көшесінің бойындағы шағын алаң.

      2. Біржан сал ауданында шерулер және демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:

      1) Степняк қаласы, Кенесары және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысынан Наурызбай батыр көшесінің басына дейін;

      2) Степняк қаласы, Наурызбай батыр және Біржан сал көшелерінің қиылысынан Біржан сал көшесінің басына дейін.

      3. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарында:

      1) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/бейне) қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреуге қатысты зәбір көрсетуге шақыратын сөз сөйлеулерге;

      2) алкогольдік мастықтың және есірткі әсерінде болуға жол берілмейді.

      4. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе тікелей көрініс шегінде тұруы қажет;

      2) бір күнде және бір уақытта бір объектіде үштен аспайтын жеке дара пикеттерді өткізуге рұқсат етіледі.

      5. Пикет өткізу кезінде:

      1) пикет объектінің маңында тұруға, отыруға;

      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлап айтуға рұқсат етіледі.

      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден Біржан сал ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оған тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.