Еңбекшілдер ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № С-4/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 қарашада № 5587 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы № С-31/3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал аудандық мәслихатының 28.11.2018 № С-31/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Еңбекшілдер ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.

      2. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының "Еңбекшілдер ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2013 жылғы 26 сәуірдегі № С-15/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3752 тіркелген, 2013 жылғы 7 маусымда "Жаңа дәуір" - "Сельская новь" аудандық газетінде жарияланған), "Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № С-15/7 "Еңбекшілдер ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № С-32/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4483 тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Жаңа дәуір" - "Сельская новь" аудандық газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессияның төрағасы
А.Қасымов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С.Шәуенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданының әкімі
А.Қиықов

      "27" қыркүйек 2016 жыл

  Еңбекшілдер аудандық мәслихатының
2016 жылғы 27 қыркүйектегі
№ С-4/2 шешіміне
қосымша

Еңбекшілдер ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Еңбекшілдер ауданында жиналыстар мен митингілер өткізу орындары белгіленсін:

      1) Степняк қаласы, Біржан сал көшесінің бойындағы үлкен алаң;

      2) Степняк қаласы, Біржан сал көшесінің бойындағы шағын алаң.

      2. Еңбекшілдер ауданында шерулер және демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:

      1) Степняк қаласы, Кенесары және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысынан Наурызбай батыр көшесінің басына дейін;

      2) Степняк қаласы, Наурызбай батыр және Біржан сал көшелерінің қиылысынан Біржан сал көшесінің басына дейін.

      3. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарында:

      1) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/бейне) қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреуге қатысты зәбір көрсетуге шақыратын сөз сөйлеулерге;

      2) алкогольдық мастықтың және есірткі әсерінде болуға жол берілмейді.

      4. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе тікелей көрініс шегінде тұруы қажет;

      2) бір күнде және бір уақытта бір объектіде 3-тен аспайтын жеке дара пикеттерді өткізуге рұқсат етіледі.

      5. Пикет өткізу кезінде:

      1) пикет объектінің маңында тұруға, отыруға;

      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлап айтуға рұқсат етіледі.

      5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден Еңбекшілдер ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оған тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) дайындық шараларын тоқтатауға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады