О внесении изменения в решение районного маслихата от 13 апреля 2016 года № 12 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности по Иргизскому району"

Решение Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 24 декабря 2018 года № 190. Зарегистрировано Управлением юстиции Иргизского района Департамента юстиции Актюбинской области 25 декабря 2018 года № 3-5-200. Утратило силу решением Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 18 ноября 2019 года № 251

      Сноска. Утратило силу решением Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 18.11.2019 № 251 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Иргизский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Иргизского районного маслихата от 13 апреля 2016 года № 12 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности по Иргизскому району" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за 4904, опубликованное 16 мая 2016 года в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет") следующее изменение:

      В заголовке и пункте 1 вышеуказанного решения слова "спорта и ветеринарии" заменить словами "спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Иргизского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Управлении юстиции Иргизского района;

      2) направление настоящего решения на официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего решения на интернет- ресурсе акимата Иргизского района.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2019 года.

      Председатель сессии Иргизского
районного маслихата
К. Болек
      Секретарь Иргизского
районного маслихата
К. Косаяков

Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 12 "Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 190 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 3-5-200 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 251 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 18.11.2019 № 251 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 12 "Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4904 тіркелген, 2016 жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбында және 1-тармағында "спорт және ветеринария" сөздері "спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихаты сессиясының төрағасы
Қ. Бөлек
      Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
К. Қосаяқов