Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 251 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 қарашада № 6474 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 21.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 21.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

      3. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихаты сессиясының төрағасы
В. Машина
      Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
К. Қосаяқов

  Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 18 қарашадағы № 251 шешіміне қосымша

Ырғыз аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 12 "Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4904 тіркелген, 2016 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      2. Ырғыз аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 76 "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 12 "Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5383 тіркелген, 2017 жылы 19 сәуірінде аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімі;

      3. Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 190 "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 12 "Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-200 санымен тіркелген, 2019 жылы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады