О внесении изменений и дополнения в решение Алматинского областного маслихата от 26 октября 2017 года № 24-124 "Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Алматинской области"

Решение Алматинского областного маслихата от 25 июля 2018 года № 34-177. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 8 августа 2018 года № 4777. Утратило силу решением маслихата Алматинской области от 1 октября 2024 года № 26-133

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Алматинской области от 01.10.2024 № 26-133 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Приказом министра Национальной экономики Республики Казахстан "Об утверждении Типовых правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов" от 20 марта 2015 года № 235 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10886), Алматинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Алматинской области "Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Алматинской области" от 26 октября 2017 года № 24-124 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4386, опубликован 5 декабря 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах благоустройства территорий городов и населенных пунктов Алматинской области, утвержденных указанным решением:

      подпункт 1) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "1) благоустройство – совокупность работ (по инженерной подготовке и обеспечению безопасности территории, устройству дорог, развитию коммуникационных сетей и сооружений водоснабжения, канализаций, энергоснабжения, устройству покрытий, освещению, размещению малых архитектурных форм и объектов монументального искусства, проектированию озеленения, снижению уровня шума, улучшению микроклимата, охране от загрязнения воздушного бассейна, открытых водоемов и почвы) и услуг (по расчистке, уборке, санитарной очистке осушению и озеленению территории), осуществляемые в целях приведения той или иной территории в состояние, пригодное для строительства и нормального пользования по назначению, создания здоровых, удобных и культурных условий жизни населения;";

      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:

      "5-1. Все виды работ по благоустройству территорий, предусмотренные проектной (проектно-сметной) документацией, выполняются по утвержденным проектам. Данные виды работ осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Уборка и содержание мест общего пользования включают в себя следующие виды услуг:

      1) уборка и вывоз мелкого и бытового мусора и отходов;

      2) уборка и вывоз крупногабаритного мусора и отходов;

      3) подметание;

      4) покос и вывоз камыша, бурьяна, травы и иной дикорастущей растительности;

      5) текущий ремонт и окраска ограждений и малых архитектурных форм.";

      пункт 32 изложить в следующей редакции:

      "32. Количество, размещение и оборудование площадок должны соответствовать государственным нормативам в области архитектуры, градостроительства и строительства.".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Алматинского областного маслихата "По вопросам модернизации инфраструктуры жилищно-коммунального хозяйства, сетей водо и теплоснабжения".

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      Алматинского областного маслихата Т. Сарпеков
      Секретарь Алматинского
      областного маслихата С. Дюсембинов

"Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 қазандағы № 24-124 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-177 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 8 тамызда № 4777 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 1 қазандағы № 26-133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 01.10.2024 № 26-133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 тіркелген) сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облыстық мәслихатының "Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 26 қазандағы № 24-124 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4386 тіркелген, 2017 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларында:

      3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлерi бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау қызмет көрсетудің мынадай түрлерін қамтиды:

      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      3) сыпыру;

      4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;

      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.";

      32-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Алаңдардың саны, орналасуы мен жабдықталуы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес болуы тиіс.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихатының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту мәселелері бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Т. Сарпеков
      Алматы облыстық
      мәслихатының хатшысы С. Дүйсембінов