Алматы облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 1 қазандағы № 26-133 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 1 қазанда № 6173-05 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облыстық мәсихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1.1. "Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 қазандағы № 24-124 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4386 тіркелген).

      1.2. ""Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 қазандағы № 24-124 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-177 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4777 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      К. Байгоджаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады