О внесении изменений в решение маслихата Коксуского района от 5 апреля 2018 года № 29-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района"

Решение Коксуского районного маслихата Алматинской области от 27 ноября 2018 года № 38-8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 6 декабря 2018 года № 4926. Утратило силу решением Коксуского районного маслихата области Жетісу от 4 декабря 2023 года № 15-63

      Сноска. Утратило силу решением Коксуского районного маслихата области Жетісу от 04.12.023 № 15-63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).


      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", маслихат Коксуского района РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Коксуского района "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района" от 5 апреля 2018 года № 29-2 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4660, опубликован 27 апреля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района утвержденных указанным решением:

      пункты 2, 6, 7 изложить в следующей редакции:

      "2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме";

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима города республиканского значения, столицы, района (города областного значения), по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      4) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Алматинской области;

      5) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      6) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      7) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      8) уполномоченный орган – исполнительный орган города республиканского значения, столицы, района (города областного значения), района в городе в сфере социальной защиты населения, финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи;

      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;

      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.";

      "6. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания единовременной социальной помощи:

      1) 15 февраля – День вывода советских войск из Афганистана;

      2) 26 апреля – день Чернобыльской катастрофы;

      3) 9 мая – День Победы;

      4) 29 августа – Международный день действий против ядерных испытаний.";

      "7. Перечень категорий получателей и предельные размеры социальной помощи:

      1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны – 76 месячных расчетных показателей;

      2) лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны – 26 месячных расчетных показателей;

      3) лица, приравненные по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны – 26 месячных расчетных показателей;

      4) другие категории лиц, приравненные по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны – 26 месячных расчетных показателей;

      5) граждане имеющие социально-значимые заболевания – 5 месячных расчетных показателей;

      6) дети-сироты и дети оставшиеся без попечения родителей обучающиеся на дневных отделениях в организациях высшего, технического и профессионального, после среднего образования Республики Казахстан без учета доходов, малообеспеченные семьи, имеющие в составе обучающихся детей на дневных отделениях в организациях высшего, технического и профессионального, после среднего образования Республики Казахстан, со среднедушевым доходом, не превышающим величину прожиточного минимума, установленного по области, предшествовавшем кварталу обращения за назначением социальной помощи – 500 месячных расчетных показателей в пределах средств, предусмотренных бюджетом на текущий финансовый год;

      7) при причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара – 200 месячных расчетных показателей на семью;

      8) лица, освобожденные из мест лишения свободы – 15 месячных расчетных показателей;

      9) лица, состоящие на учете службы пробации – 15 месячных расчетных показателей.

      Ежемесячная социальная помощь участникам и инвалидам Великой Отечестсвенной войны в размере 3 месячных расчетных показателей.

      Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму по области.

      Специальная комиссия при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются перечнем категорий получателей социальной помощи.".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию маслихата Коксуского района "По законодательству и правопорядку, социальной защите населения, награждению и полномочиям депутатов".

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      маслихата Коксуского района К. Жунусов
      Секретарь маслихата
      Коксуского района А. Досымбеков

Көксу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі "Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 29-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 38-8 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6 желтоқсанда № 4926 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Көасу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 15-63 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Көксу аудандық мәслихатының 04.12.2023 № 15-63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көксу ауданы мәслихатының "Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 29-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4660 тіркелген, 2018 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2, 6, 7-тармақтары келесі редакцияда баяндалсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға";

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Алматы облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің ең жоғары мөлшері.";

      "6. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғаныстаннан кеңес әскерін шығарған күні;

      2) 26 сәуір – Чернобыль апатының күні;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні.

      4) 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні.";

      "7. Әлеуметтік көмек алушылардың санатының тізбесі және шекті мөлшерлері:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 76 айлық есептік көрсеткіш;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар – 26 айлық есептік көрсеткіш;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар – 26 айлық есептік көрсеткіш;

      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары – 26 айлық есептік көрсеткіш;

      5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтар – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      6) әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш жасалған тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, отбасы құрамында Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын балалары бар аз қамтылған отбасылар, табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 500 айлық есептік көрсеткіш, бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде;

      7) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде – отбасына 200 айлық есептік көрсеткіш;

      8) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар –15 айлық есептік көрсеткіш;

      9) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар – 15 айлық есептік көрсеткіш.

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.

      Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздеме болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесін басшылыққа алады.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының "Заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көксу ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы К. Жунусов
      Көксу ауданы
      мәслихатының хатшысы А. Досымбеков