Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица

Постановление акимата города Шымкент от 17 августа 2018 года № 89. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 20 августа 2018 года № 4711

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) пункта 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 07 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях", акимат города Шымкент ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить размеры тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Южно-Казахстанской области от 15 марта 2018 года № 73 "О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 18 апреля 2017 года № 94 "Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица" (зарегистрированного в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4497, опубликовано в газете "Южный Казахстан" 09 апреля 2018 года и в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 09 апреля 2018 года).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима города Шымкент" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления акимата направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории города Шымкент;

      4) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Шымкент после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима города Шымкент Нуртай К.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Г.Абдрахимов

  Приложение к постановлению
акимата города Шымкент
от 17 августа 2018 года № 89

Размер тарифа за услугу, предоставляемую государственным коммунальным казенным предприятием "Шымкентский государственный зоологический парк" управления культуры, развития языков и архивов города Шымкент

      Сноска. Приложение - в редакции постановления акимата города Шымкент от 18.04.2023 № 928 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Наименование услуги

Единица измерения

Время пользования

Размер тарифа, тенге

Предоставление смотровых площадок (экспозиционная зона)

1

1 день

800

      Примечание:

      Государственное коммунальное казенное предприятие "Шымкентский государственный зоологический парк" управления культуры, развития языков и архивов города Шымкент предоставляет следующие льготы на услугу, предоставляемую особо охраняемой природной территорией:

      пенсионерам, лицам с инвалидностью, ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненных по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам труда, детям дошкольного возраста (до 6 лет) – бесплатно;

      детям школьного возраста (от 6 до 17 лет) – 50%;

      студентам дневного обучения – 25%.

Заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiту туралы

Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 17 тамыздағы № 89 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 20 тамызда № 4711 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2-тармағына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 07 шілдедегі Заңының 10 бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 73 "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 94 "Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4497 тіркелген, 2018 жылғы 09 сәуірде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2018 жылғы 09 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімде баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртайға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 17 тамыздағы
№ 89 қаулысына қосымша

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұсынатын қызмет үшін тариф мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 18.04.2023 № 928 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қызметтің
атауы

Өлшем бірлігі

Пайдалану уақыты

Тариф мөлшері, теңге

Тамашалау алаңдарын ұсыну (экспозициялық аймақ)

1

1 күн

800

      Ескерту:

      Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұсынатын қызметі үшін келесі жеңілдіктер қарастырылады:

      зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, мектеп жасына дейінгі балаларға (6 жасқа дейінгі) – тегін;

      мектеп жасындағы балаларға (6 жастан 17 жасқа дейін) - 50%;

      күндізгі маусымдағы студенттерге – 25%.