Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 тамыздағы № 89 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4711 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы | М. Исахов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы "18" сәуірдегі № 928 қаулысына қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "17" тамыздағы № 89 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұсынатын қызмет үшін тариф мөлшері
Қызметтің | Өлшем бірлігі | Пайдалану уақыты | Тариф мөлшері, теңге |
Тамашалау алаңдарын ұсыну (экспозициялық аймақ) | 1 | 1 күн | 800 |
Ескерту:
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұсынатын қызметі үшін келесі жеңілдіктер қарастырылады:
зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, мектеп жасына дейінгі балаларға (6 жасқа дейінгі) – тегін;
мектеп жасындағы балаларға (6 жастан 17 жасқа дейін) - 50%;
күндізгі маусымдағы студенттерге – 25%.