Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий в местный бюджет

Постановление акимата Кызылординской области от 26 ноября 2018 года № 1269. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 29 ноября 2018 года № 6542

      В соответствии с пунктом 2 статьи 140 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить норматив отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий в местный бюджет, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление финансов Кызылординской области" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кызылординской области Искакова К.Д.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Кызылординской области К. Кушербаев

  Приложение к постановлению акимата Кызылординской области от "26" ноября 2018 года №1269

Норматив отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий в местный бюджет

      Норматив отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий в местный бюджет, за исключением организаций среднего образования в организационно-правовой форме областных коммунальных государственных предприятий на праве хозяйственного ведения устанавливается следующим образом:

Чистый доход до 3 000 000 тенге

5 процентов от суммы чистого дохода

Чистый доход от 3 000 001тенге до 50 000 000 тенге

150 000 тенге + 10 процентов от суммы, превышающей чистый доход в размере 3 000 000 тенге

Чистый доход от 50 000 001тенге до 250 000 000 тенге

4 850 000 тенге + 15 процентов от суммы, превышающей чистый доход в размере 50 000 000 тенге

Чистый доход от 250 000 001 тенге до 500 000 000 тенге

34 850 000 тенге + 25 процентов от суммы, превышающей чистый доход в размере 250 000 000 тенге

Чистый доход от 500 000 001 тенге до 1 000 000 000 тенге

97 350 000 тенге + 30 процентов от суммы, превышающей чистый доход в размере 500 000 000 тенге

Чистый доход от 1 000 000 001 тенге и свыше

247 350 000 тенге + 50 процентов от суммы, превышающей чистый доход в размере 1 000 000 000 тенге


Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативін белгілеу туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 1269 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 қарашада № 6542 болып тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы "26" қарашадағы №1269 қаулысына қосымша

Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі келесідей белгіленеді:

Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін

Таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз

Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз 

Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз 

Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз