О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 12 июня 2017 года № 146 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием на 2017- 2018 учебный год в рамках реализации Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы"

Постановление акимата Мангистауской области от 10 декабря 2018 года № 313. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 14 декабря 2018 года № 3733

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 27 июля 2007 года "Об образовании", акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Мангистауской области от 12 июня 2017 года № 146 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием на 2017 - 2018 учебный год в рамках реализации Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3391, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан от 24 июля 2017 года) следующее изменение:

      в государственный образовательный заказ на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием на 2017-2018 учебный год по дневной форме обучения, утвержденный указанным постановлением:

      в разделе "6. ГККП "Мангистауский политехнический колледж" акимата Мангистауской области Управления образования Мангистауской области":

      строку, порядковый номер 2 изложить в новой редакции:

      "

2

1114000 Сварочное дело (по видам):
111401 2 Сварщик (всех наименований)

25

11 классов

казахский

1 год 10 мес.

      ".

      2. Государственному учреждению "Управление образования Мангистауской области" (Койжанов Н.К.) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и средствах массовой информации, размещение на интернет – ресурсе акимата Мангистауской области.

      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима Мангистауской области Сакеева Р.К.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Мангистауской области Е. Тугжанов

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 146 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 313 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 3733 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Бiлiм туралы" заңдарына сәйкес Маңғыстау облысы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 146 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3391 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 24 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген күндізгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысында:

      "6. Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысының білім басқармасының "Маңғыстау политехникалық колледжі" МКҚК" бөлімінде:

      реттік нөмірі 2 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

2

1114000 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша):
111401 2 Дәнекерлеуші (барлық атауларымен)

25

11 сынып

қазақша

1 жыл 10 ай

      ".

      2. "Маңғыстау облысының бiлiм басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Н.К. Қойжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов