О внесении изменения в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 сентября 2013 года № 21/171 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 8 октября 2018 года № 23/287. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 19 октября 2018 года № 3714. Утратило силу решением Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 16 апреля 2021 года № 3/27

      Сноска. Утратило силу решением Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 16.04.2021 № 3/27 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", а также на основании информационного письма департамента юстиции Мангистауской области от 13 сентября 2018 года № 10-11-2855, Жанаозенский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 сентября 2013 года № 21/171 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2305, опубликовано в газете "Жаңаөзен" от 6 ноября 2013 года) следующее изменение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан:

      подпункт 8) пункта 3 изложить в новой редакции следующего содержания:

      "8) уполномоченная организация – отдел города Жанаозен филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Мангистауской области;".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Жанаозенского городского маслихата по вопросам образования, здравоохранения, культуры, спорта, экологии, общественной безопасности и социальной защиты (председатель комиссии М.Сарыев ).

      3. Государственному учреждению "Аппарат Жанаозенского городского маслихата" (руководитель аппарата А.Ермуханов) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Э.Утеев
      Секретарь городского маслихата С.Мыңбай

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 қазандағы № 23/287 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 қазанда № 3714 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 10-11-2855 ақпараттық хатының негізінде, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2305 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 қарашадағы "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      3 тармақтың 8) тармақшасы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының Жаңаөзен қаласының бөлімі;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы М.Сарыев).

      3. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Э.Утеев
      Қалалық мәслихат хатшысы С.Мыңбай