О признании утратившим силу решения маслихата от 17 ноября 2017 года № 167 "Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Карасускому району на 2018-2019 годы"

Решение маслихата Карасуского района Костанайской области от 29 июня 2018 года № 243. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 12 июля 2018 года № 7949

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Карасуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Признать утратившим силу решение маслихата от 17 ноября 2017 года № 167 "Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Карасускому району на 2018-2019 годы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7378, опубликовано 27 декабря 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Ускумбаева
      Секретарь
Карасуского районного маслихата
С. Казиев

      СОГЛАСОВАНО

      Руководитель государственного

      учреждения "Отдел сельского

      хозяйства акимата

      Карасуского района"

      ______________ Т. Муканов

      СОГЛАСОВАНО

      Руководитель государственного

      учреждения "Отдел земельных

      отношений акимата

      Карасуского района"

      ______________ Д. Турсунбаева

Мәслихаттың 2017 жылғы 17 қарашадағы № 167 "Қарасу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 243 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 шілдеде № 7949 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2017 жылғы 17 қарашадағы № 167 "Қарасу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7378 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрайымы А. Өскімбаева
      Қарасу
аудандық мәслихатының хатшысы
С. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарасу ауданы әкімдігінің

      ауыл шаруашылығы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ________________ Т. Мұқанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарасу ауданы әкімдігінің

      жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ________________ Д. Тұрсынбаева