Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Лебяжинского района

Решение маслихата Лебяжинского района Павлодарской области от 12 января 2018 года № 133/22. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 26 января 2018 года № 5838. Утратило силу решением маслихата района Аққулы Павлодарской области от 13.12.2021 № 47/10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Аққулы Павлодарской области от 13.12.2021 № 47/10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Лебяжинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Лебяжинского района.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по экономике и бюджетной политике, законности и защите прав человека.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии К. Есимов
      Секретарь районного маслихата С. Мусинова

  Утверждены
решением Лебяжинского
районного маслихата
от 12 января 2018 года № 133/22

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда
поступившими в коммунальную собственность Лебяжинского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Лебяжинского района (далее - Правила), разработаны в соответствии с Экологическим кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – отходы) Лебяжинского района.

      2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.

      3. Управление отходами - это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

      4. Управление отходами осуществляется акиматом Лебяжинского района (далее - местный исполнительный орган).

      5. Для целей управления отходами местным исполнительным органом создается комиссия из представителей заинтересованных государственных органов (далее - Комиссия).

      Органом по организации работ по управлению отходами является государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Лебяжинского района".

Глава 2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными
решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Оценка, учет, дальнейшее использование и реализация осуществляется в соответствии с Правилами учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833.

      7. Организация работы по безопасной утилизации и удалению невостребованных отходов осуществляется местным исполнительным органом с учетом рекомендаций Комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет средств местного бюджета.

      8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      9. Рекультивация территорий, на которых были размещены отходы, после реализации, утилизации, удаления отходов производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

Глава 3. Заключительные положения

      10. В процессе обращения с отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.

Сот шешімімен Лебяжі ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 133/22 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 қаңтарда № 5838 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 13.12.2021 № 47/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 13.12.2021 № 47/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Лебяжі ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Есімов
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Мүсінова

  Лебяжі аудандық мәслихатының
2018 жылғы 12 қаңтардағы
№ 133/22 шешімімен
бекітілген

Сот шешімімен Лебяжі ауданының коммуналдық меншікке
түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен Лебяжі ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Лебяжі ауданының коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі - қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

      4. Қалдықтарды басқару Лебяжі ауданының әкімдігімен (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырылады.

      5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі - Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Лебяжі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып белгіленеді.

2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен
болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан, жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сейкес жүргізіледі.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.