Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы" Жарлығына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Лебяжі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қаңтардағы "Сот шешімімен Лебяжі ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" № 133/22 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5838 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққулы аудандық мәслихатының хатшысы | К. Есимов |