О признании утратившим cилу постановления акимата Щербактинского района от 05 февраля 2015 года № 43/2 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел ветеринарии Щербактинского района"

Постановление акимата Щербактинского района Павлодарской области от 26 февраля 2018 года № 55/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 12 марта 2018 года № 5904

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат Щербактинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата Щербактинского района от 05 февраля 2015 года № 43/2 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел ветеринарии Щербактинского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4344, опубликовано 20 марта 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Б. Ибраев

Шарбақты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 05 ақпандағы "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 43/2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 55/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 наурызда № 5904 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 05 ақпандағы "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 43/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4344 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Ыбыраев