"Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 05 ақпандағы № 43/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 наурызда № 4344 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 55/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 26.02.2018 № 55/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Асқаров

  Шарбақты ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "05" ақпан
№ 43/2 қаулысымен
бекітілді

"Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары бар.

      5. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Шарбақты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      8. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Әлімбаев көшесі, 65 үй.

      10. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тіліндегі толық атауы: "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Щербактинского района".

      12. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шарбақты ауданы әкімдігінің тұлғасында мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шартты қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринариялық–санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

      17. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

      18. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемес қызметінің мәні:

      1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

      2) жануарларды аурудан қорғау және оларды емдеу;

      3) ветеринарлық–санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын әкелуден және таралудан қорғау;

      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) жануарларды аурудан қорғау және оларды емдеу;

      2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын әкелуден және таралудан қорғау;

      4) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою болыр табылады.

      20. Функциялары:

      1) облыстың жергiлiктi атқарушы органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендеу қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгізу;

      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      6) жануарларды өсіру, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

      7) жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайтарып алмай-ақ залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

      8) жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін, залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бағасын иелеріне өтеу;

      9) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешім қабылдау;

      10) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешім қабылдау;

      11) мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринарлық-санитарлық қортынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тізімін бекіту;

      12) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтау саласында мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      13) эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларға тексеру жүргізу;

      14) эпизоотологиялық тексеру актісін беру;

      15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заң талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру:

      - ішкі сауда объектілерінде;

      - жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

      - ветеринарлық препараттарды өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;

      - экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аясында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

      - экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруын қоздырушыларын тарататын факторларды болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;

      - тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдай жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

      - экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді, өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын аумақтарда, өндірістік үй-жайларда жеке және заңды тұлғалардың қызметін жүзеге асыру;

      16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, құрылысын қайта жаңарту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін құрастыру;

      18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      19) уәкілетті органымен бекітілетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да аурулардың профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру;

      20) ауыл шаруашылық жануарларды бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;

      22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

      23) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды алдын алу бойынша ветеринарлық іс-шаралар жөнінде ұсыныс енгізу;

      24) облыстың жергілікті атқарушы органына бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларын алдын алу және диагностика тізбесі жөнінде ұсыныс енгізу;

      25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

      26) облыстың жергілікті атқарушы органына ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

      27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

      28) Қазақстан Республикасының "Рұқсат беру және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау, сондай-ақ рұқсат беру және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      30) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) ветеринария саласындағы мәселелерді жедел шешу және дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды әкімдік пен аудан әкімінің қарауына енгізу;

      2) "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардан, сондай-ақ басқа ұйымдар мен азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      3) "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелері жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өңірдегі ұқсас мемлекеттік органдармен тәжірибе алмасу, жұмыс берушілермен өзара әрекет жасау;

      4) мемлекеттік органдарда, сотта "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      5) өз құзыреті аясында келісім шарттар, келісімдерді бекіту;

      6) "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілетті іске асыру үшін Конституцияны және Қазақстан Республиканың заңын сақтауға міндетті;

      7) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауға және қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіпте және мерзімде қарауға, олар бойынша қажетті шараларды қолдануға;

      8) оларға берілген құқықтары аясында және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

      9) мемлекеттік меншікті сақтау, сеніп берілген мемлекеттік меншікті қызмет мақсатында ғана пайдалануды қамтамасыз ету;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында ескерілген басқа да құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау.

3. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты бірінші басшы іске асырады.

      23. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шарбақты ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      1) "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік шара қолдануды жүзеге асырады;

      4) өзінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрық қабылдайды және нұсқау береді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;

      6) ведомстволық бағыныстағы ұйымның басшысымен мәжіліс өткізеді;

      7) "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзерлеуді қамтамасыз етеді;

      8) "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін жеке жауап береді;

      10) азаматтардың жеке қабылдауды өткізеді.

      "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.

      26. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен сәйкес саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.

      27. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Шарбақты ауданының ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ жеке қызмет нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      30. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаржы есебінен сатып алынған мүлікті өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      31. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншігіне жатады.

6. "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басқаруындағы ұйымдардың тізбесі

      Шарбақты ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығында "Шарбақты ауданының ветеринарлық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады