Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по городу Алматы на 2018 год

Решение внеочередной ХХX сессии маслихата города Алматы VI созыва от 17 июля 2018 года № 243. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 31 июля 2018 года № 1494. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии со статьей 569 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), подпунктом 5 статьи 38 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, и пунктом 5 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" маслихат города Aлматы VI-го созыва РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые ставки платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по городу Aлматы на 2018 год.

      2. Признать утратившим силу решение XXIV-й сессии маслихата города Aлматы VI-го созыва от 30 ноября 2017 года № 178 "Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по городу Aлматы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1436, опубликовано 23 декабря 2017 года в газетах "Aлматы ақшамы" и "Вечерний Aлматы").

      3. Аппарату Маслихата города Алматы обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции с последующим опубликованием в официальных периодических печатных изданиях, а также в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на официальном интернет-ресурсе.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по развитию предпринимательства и коммунального хозяйства маслихата города Алматы Авершина К.В.

      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
XXX-ой сессии маслихата города
Алматы VI-го созыва
Б. Садыков
      Секретарь маслихата города
Алматы VI-го созыва
К. Казанбаев

  Утверждены
решением внеочередной
XXX-й сессии маслихата
города Алматы VI-го созыва
от 17 июля 2018 года № 243

Ставки платы за пользование водными ресурсами поверхностных
источников по городу Aлматы на 2018 год

Бассейны рек, озер, морей

Жилищно эксплута-ционные и коммунальные услуги (тенге/1000 м3)

Промыш-ленность включая теплоэнер-гетику (тенге/1000 м3)

Сельское хозяйство (тенге/1000 м3)

Прудовые хозяйства осуществ-ляющие забор из водных источников (тенге/1000 м3)

Гидроэнергетика (тенге/1000 кВт.час)

Водный транспорт (тенге/1000 т.км)

Бассейн рек и озер Балхаш и Алаколь

 
102,3

 
282,5

 
81,3

 
77,7

 
30,0

 
8,8


2018 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХX сессиясының 2018 жылғы 17 шілдедегі № 243 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2018 жылғы 31 шілдеде № 1494 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 569 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 - бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 5 - тармағына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған 2018 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.

      2. VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXIV сессиясының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 178 "Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1436 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының кезектен тыс
XXX сессиясының төрағасы
Б. Садықов
      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

  VІ сайланған
Алматы қаласы
мәслихаты кезектен тыс
XXX сессиясының
2018 жылғы 17 шілдедегі
№ 243 шешімімен бекітілген

2018 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су
ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары

Өзендер, көлдер, теңіздер бассейні

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер, (теңге/ 1000 текше м.)

Өнеркәсіп, жылу энергетика-сын қоса есептегенде, (теңге/ 1000 текше м.)

Ауыл шаруашы-лығы (теңге/ 1000 текше м.)

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары, (теңге/ 1000 текше м.)

Су энергетика, (теңге/1000 кВт. сағат)

Су көлігі, (теңге/ 1000 т. шақы-рым)

Балқаш және Алакөл көлдері бассейні

 
102,3

 
282,5

 
81,3

 
77,7

 
30,0,

 
8,8