Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХIV сессиясының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 178 шешiмi. Алматы қаласы әдiлет департаментінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 1436 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 17 шілдедегі № 243 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 17.07.2018 № 243 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38 бабына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 487-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Aлматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.

      2. V сайланған Aлматы қаласы мәслихаты LІ сессиясының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 419 "2016 жылға арналған Aлматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1273 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде "Aлматы Aқшамы" және "Вечерний Aлматы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Aлматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      XXIV сессиясының төрағасы М. Әзірбаев
      VI сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      хатшысы Қ. Қазанбаев

  VІ сайланған Алматы қаласы
  мәслихаты XXIV сессиясының
  2017 жылғы 30 қарашадағы
№178
  шешімімен бекітілген

Aлматы қаласы бойынша жер үсті
көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы ставкалары

Өзендер, көлдер, теңіздер бассейні

Тұрғын - үй пайдалану және коммунал-дық қызметтер, (теңге/1000 тек.м.)

Өнеркәсіп жылу энерге-
тикасын қоса есепте-генде,
(теңге/ 1000 тек.м.)

Aуыл шаруашы
лығы, (теңге/
1000 тек.м.)

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашы-лықтары,
(теңге/ 1000 тек.м.)

Су энерге
тика, (теңге/ 1000 кВт.
сағ)

Су көлігі, (теңге/ 1000 т. шақырым)

Балқаш және Aлакөл көлдері бассейні

102,3

282,5

81,3

77,7

30,0

8,8

      VI сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      XXIV сессиясының төрағасы М. Әзірбаев
      VI сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      хатшысы Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады