О внесении изменений в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 27 июня 2016 года № 5/7 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Мамлютского района"

Решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 5 октября 2018 года № 34/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 29 октября 2018 года № 4961. Утратило силу решением маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 19 декабря 2023 года № 14/4

      Утратило силу решением маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 19 декабря 2023 года № 14/4.

      В соответствии пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат Мамлютского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 27 июня 2016 года № 5/7 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Мамлютского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3844, опубликовано 3 августа 2016 года в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет") следующие изменения:

      в заголовке, пункте 1 указанного решения, а также по тексту Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Мамлютского района, утвержденных указанным решением (далее - Правила) на государственном языке слова "қағидасын", "қағидасы", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидаға" заменить соответственно словами "Қағидаларын", "Қағидалары", "Қағидаларда", "Қағидалардың", "Қағидаларға";

      заголовок, пункт 1 указанного решения, а также текст Правил на русском языке оставить без изменения;

      подпункт 12) в приложении 3 к Правилам изложить в следующей редакции:

      "12) нахождение на учете службы пробации;".

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
маслихата
Мамлютского района
Северо-Казахстанской области
К.Бекенов
      Секретарь маслихата
Мамлютского района
Северо-Казахстанской области
Р. Нурмуканова

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 "Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 қазандағы № 34/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 қазанда № 4961 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 14/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 11.12.2023 № 14/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 "Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3844 болып тіркелді, 2016 жылғы 3 тамызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбында, 1-тармағында, сонымен қатар көрсетілген шешіммен бекітілген Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары мәтіні бойынша (бұдан әрі-Қағидалар) мемлекеттік тілде "қағидасын", "қағидасы", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидаға" сөздері "Қағидаларын", "Қағидалары", "Қағидаларда", "Қағидалардың", "Қағидаларға" сәйкесінше сөздеріне ауыстырылсын;

      орыс тілінде көрсетілген шешімнің тақырыбы, 1-тармағы, сонымен қатар Қағидалардың мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

      Қағидалардың 3-қосымшасында 12) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "12) пробация қызметінің есебінде болу;".

      2. Осы шешім оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Қ.Бекенов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
мәслихатының хатшысы
Р. Нұрмұқанова