О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима сельского округа Аккум Отырарского района от 24 мая 2018 года № 8 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы Б.Абдурахманова в селе Аккум сельского округа Аккум"

Решение акима Аккумского сельского округа Отрарского района Южно-Казахстанской области от 13 июля 2018 года № 10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 16 июля 2018 года № 4681

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" от 10 июля 2002 года, пунктом 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" от 6 апреля 2016 года и на основании представления руководителя территориальной инспекции Отрарского района от 4 июня 2018 года № 133 аким Аккумского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия на территории улицы Б.Абдурахманова в селе Аккум селсьского округа Аккум Отрарского района в связи с проведением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации очагов с заболеванием щенка бешенством.

      2. Признать утратившим силу решение акима сельского округа Аккум Отрараского района от 24 мая 2018 года № 8 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы Б.Абдурахманова в населенном пункте Аккум сельского округа Аккум" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4620, опубликовано 8 июня 2018 года № 23 общественно-политической газеты "Отырар алкабы" и в эталонном контрольном банке нормативно- правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 6 июня 2018 года).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого офицального опубликования.

      Аким сельского округа С.Алишери

Шектеу іс-шараларын алып тастау және Отырар ауданы Аққұм ауыл округі әкімінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 8 "Аққұм ауылдық округіне қарасты Аққұм ауылы Б.Әбдрахманов көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 10 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 шілдеде № 4681 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағына және Отырар аудандық аумақтық инспаекция басшысының 2018 жылғы 4 маусымындағы № 133 ұсынысы негізінде, Аққұм ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күшіктің құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Отырар ауданы Аққұм ауыл округіне қарасты Аққұм ауылы Б.Әбдрахманов көшесінің аумағында шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Отырар ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 8 "Аққұм ауылдық округіне қарасты Аққұм ауылы Б.Әбдрахманов көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4620 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 маусымдағы "Отырар алқабы" қоғамдық-саяси газетінің № 23 жарияланған және 2018 жылы 6 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округі әкімі С.Әлішері