Аққұм ауылдық округіне қарасты Аққұм ауылы Б.Әбдрахманов көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 8 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 маусымда № 4620 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Аққұм ауыл округі әкімінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің 13.06.2018 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 72 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Аққұм ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Б.Қосаевтың жеке тұрғын үй ауласынан табылған күшік өлексесінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Аққұм ауылдық округінің Аққұм ауылындағы Б.Әбдрахманов көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Аққұм ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аққұм ауыл округі аппаратының бас маманы Н.Елеусизовке жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі С.Әлішері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады