О внесении изменений и дополнений в решение Чингирлауского районного маслихата от 26 декабря 2013 года № 18-5 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района"

Решение Чингирлауского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 30 марта 2018 года № 21-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 16 апреля 2018 года № 5155. Утратило силу решением Чингирлауского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 11 февраля 2020 года № 50-2

      Сноска. Утратило силу решением Чингирлауского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 11.02.2020 № 50-2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 "О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Чингирлауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Чингирлауского районного маслихата от 26 декабря 2013 года № 18-5 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3409, опубликованное 6 февраля 2014 года в газете "Серпін") следующие изменения и дополнения:

      вступительную часть (преамбулу) указанного решения изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 "О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Чингирлауский районный маслихат РЕШИЛ:";

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района, утвержденных указанным решением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района (далее – Правила) разработаны в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 "О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.";

      в пункте 2:

      подпункты 11)12)13)14)15) исключить;

      в пункте 8:

      подпункт 2) исключить;

      в пункте 9:

      подпункт 7) изложить в следующей редакции:

      "7) единовременная социальная помощь инвалидам 1 группы находящихся на гемодиализе без учета дохода 50 МРП;";

      дополнить подпунктами 9), 10) следующего содержания:

      "9) инвалидам, для возмещения расходов, связанных с их проездом на санаторное лечение, согласно индивидуальной программе реабилитации, в размере 10 МРП;

      10) лицам, освобожденным из учреждений уголовно-исполнительной системы, а также состоящим на учете службы пробации, находящимся в трудной жизненной ситуации без учета доходов в размере 10 МРП.";

      пункты 14-114-214-314-414-524 исключить;

      в приложении 1 к Правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района пятую графу изложить в следующей редакции:

      "5. Второе воскресенье сентября – День семьи единовременно".

      2. Руководителю аппарата районного маслихата (С.Шагиров) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официального опубликование в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Г.Бисенгалиева
      Секретарь маслихата Г.Волкогон

      "СОГЛАСОВАНО"
Заместитель акима
Западно-Казахстанской области
Б. Конысбаева
02 апрель 2018 года

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      МРП – месячный расчетный показатель.

Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 18-5 "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 21-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 сәуірде № 5155 болып тіркелді. Күші жойылды -Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 ақпандағы № 50-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды -Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 11.02.2020 № 50-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 "Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 18-5 "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3409 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы "Серпін" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі (кіріспе) мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 "Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағида) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.";

      2-тармақта:

      11)12)13)14)15) тармақшалар алынып тасталсын;

      8 - тармақта:

      2) тармақша алынып тасталсын;

      9 - тармақта:

      7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) гемодиализдегі 1 топ мүгедектеріне бір реттік әлеуметтік көмек табысын есепке алмай 50АЕК көлемінде көрсетіледі;";

      мынадай мазмұндағы 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9) мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаториялық емделуге баратын жол шығындарын өтеу үшін, 10АЕК мөлшерінде;

      10) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға табыстарын есепке алмай 10 АЕК мөлшерінде.";

      14-114-214-314-414-524 - тармақтары алынып тасталсын.

      Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының 1-қосымшасында бесінші баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні бір реттік".

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Шағиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г.Бисенғалиева
      Мәслихат хатшысы Г.Волкогон

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
Б. Қонысбаева
2018 жылғы 02 сәуір

      Ескерту: аббревиатураның шешуі:

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.