О некоторых вопросах регулирования вывоза регенерируемой бумаги, картона, макулатуры и отходов, необработанных шкур крупного рогатого скота

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 февраля 2019 года № 89. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 февраля 2019 года № 18337.

      В соответствии со статьей 18 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности", статьей 29 Договора о Евразийском экономическом союзе, а также разделом 10 Приложения 7 к Договору, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Ввести запрет на вывоз с территории Республики Казахстан:

      сроком на два года регенерируемой бумаги, картона, макулатуры и отходов (код единой товарной номенклатуры Внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза 4707)

      сроком на шесть месяцев необработанных шкур крупного рогатого скота (код единой товарной номенклатуры Внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза 4101).

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан уведомить:

      1) Министерство национальной экономики Республики Казахстан, Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан, Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан о введенном запрете;

      2) Акционерное общество "Национальная компания "Қазақстан темір жолы" (по согласованию) о применении мер по реализации пункта 1 настоящего приказа в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

      3. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан совместно с Комитетом транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан, Комитетом государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан определить порядок взаимодействия по обеспечению исполнения пункта 1 настоящего приказа.

      4. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан
"___"__________ 2019 год

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство иностранных дел
Республики Казахстан
"___"__________ 2019 год

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан
"___"__________ 2019 год

Қалпына келтiрiлетiн қағазды, картонды, макулатураны және қалдықтарды, ірі қара малдың өңделмеген терісін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 ақпанда № 18337 болып тіркелді.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан:

      қалпына келтірілетін қағазды, картонды, макулатураны және қалдықтарды (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы коды 4707) әкетуге 2 жыл мерзімге;

      ірі қара малдың өңделмеген терісін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы коды 4101) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін енгізілген тыйым салу туралы;

      2) "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп осы бұйрықтың 1-тармағын орындалуын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындасын.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2019 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      2019 жылғы "___"__________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2019 жылғы "___"__________