Об утверждении Правил организации сопровождения государственного информационного портала "Электронная биржа труда"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 22 февраля 2019 года № 92. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 февраля 2019 года № 18343. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 июня 2024 года № 206.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 20.06.2024 № 206 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2020 № 385 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 26-4) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2020 № 385 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации сопровождения государственного информационного портала "Электронная биржа труда".

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2020 № 385 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту занятости населения и развития рынка труда Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Мукушева Н.Н.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
М. Абылкасымова

      СОГЛАСОВАН
Министерство информации
и коммуникаций
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министра труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 22 февраля 2019 года № 92

Правила организации сопровождения государственного информационного портала "Электронная биржа труда"

      Сноска. Правила - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2020 № 385 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации сопровождения государственного информационного портала "Электронная биржа труда" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 26-4) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и определяют порядок сопровождения государственного информационного портала "Электронная биржа труда" (далее – ИП "Электронная биржа труда").

      2. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) информация – сведения о лицах, предметах, фактах, событиях, явлениях и процессах, полученные или созданные обладателем информации, зафиксированные на любом носителе и имеющие реквизиты, позволяющие ее идентифицировать;

      2) аудит информационной системы – независимое обследование информационной системы в целях повышения эффективности ее использования;

      3) оперативный центр информационной безопасности – юридическое лицо или структурное подразделение юридического лица, осуществляющее деятельность по защите электронных информационных ресурсов, информационных систем, сетей телекоммуникаций и других объектов информатизации;

      4) администратор – центр развития трудовых ресурсов, осуществляющий сопровождение ИП "Электронная биржа труда";

      5) пользователь – субъект информатизации, использующий объекты информатизации для выполнения конкретной функции и (или) задачи;

      6) ИП "Электронная биржа труда" – информационная система, содержащая единую информационную базу рынка труда;

Глава 2. Порядок сопровождения ИП "Электронная биржа труда"

      3. Сопровождение ИП "Электронная биржа труда" осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "Об информатизации" (далее – Закон) и политикой информационной безопасности Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. В рамках сопровождения ИП "Электронная биржа труда" администратор обеспечивает:

      1) бесперебойную работу ИП "Электронная биржа труда" в круглосуточном режиме, включая праздничные и выходные дни;

      2) сохранность, защиту, восстановление в случае сбоя или повреждения информации, резервное копирование и контроль над своевременной актуализацией информации на ИП "Электронная биржа труда";

      3) внесение корректировок, модификацию и устранение дефектов программного обеспечения ИП "Электронная биржа труда" в рамках разрешения обращений, оперативное устранение технических сбоев ИП "Электронная биржа труда" без проведения модернизации и реализации дополнительных функциональных требований и при условии сохранения его целостности;

      4) взаимодействие с информационными системами государственных органов и иными объектами информатизации;

      5) размещение дополнительных видов информации;

      6) проведение аудита состояния ИП "Электронная биржа труда";

      7) подключение к Оперативному центру информационной безопасности в соответствии со статьей 7-2 Закона.

      5. Администратор размещает на ИП "Электронная биржа труда" следующую информацию:

      1) о новых возможностях ИП "Электронная биржа труда" для информирования пользователей;

      2) инструкции в текстовом и видео форматах, часто задаваемые вопросы и ответы на них.

      6. Источниками информации о возникновении технического сбоя в функционировании ИП "Электронная биржа труда" являются:

      1) сообщение пользователя, поданные посредством формы обратной связи в соответствии с пунктом 7 настоящих Правил;

      2) сообщение специалистов администратора, выполняющих мониторинг функционирования ИП "Электронная биржа труда";

      3) программно-аппаратные средства по мониторингу и выявлению неисправностей ИП "Электронная биржа труда", используемые для определения работоспособности и доступности функционала, обнаружившие технический сбой;

      4) системные журналы ИП "Электронная биржа труда", в которых регистрируются записи, свидетельствующие о возникновении или возможности возникновения технического сбоя;

      5) Оперативный центр информационной безопасности.

      7. Пользователь в случае технических вопросов по поиску и размещению информации на ИП "Электронная биржа труда" обращается к администратору посредством формы обратной связи, размещенной на ИП "Электронная биржа труда". В обращении пользователя содержатся следующие сведения:

      1) контактные данные;

      2) электронный адрес;

      3) тема обращения;

      4) текст обращения;

      5) вложение (файл).

      Срок рассмотрения и ответа на обращение пользователя, связанное с функционированием ИП "Электронная биржа труда", составляет не более трех рабочих дней с момента его получения.

"Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 ақпанда № 18343 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 206 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.06.2024 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2020 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Преамбуласы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2020 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2020 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Н. Мұқышевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 22 ақпандағы
№ 92 бұйрығымен
бекітілген

"Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2020 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталын (бұдан әрі – "Электрондық еңбек биржасы" АП) қолдап отыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпарат – ақпарат иеленуші алған немесе жасаған, кез келген жеткізгішке түсірілген және оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер;

      2) ақпараттық жүйенің аудиті – ақпараттық жүйені пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында оны тәуелсіз зерттеп-қарау;

      3) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы – электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, телекоммуникация тораптары мен ақпараттандырудың басқа да объектілерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

      4) әкімші - "Электрондық еңбек биржасы" АП қолдап отыруды жүзеге асыратын еңбек ресурстарын дамыту орталығы;

      5) пайдаланушы – ақпараттандыру объектілерін нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі;

      6) "Электрондық еңбек биржасы" АП - еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы бар ақпараттық жүйе.

2-тарау. "Электрондық еңбек биржасы" АП қолдап отыру тәртібі

      3. "Электрондық еңбек биржасы" АП қолдап отыруды қамтамасыз ету "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң ) және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. "Электрондық еңбек биржасы" АП қолдау шеңберінде әкімші:

      1) Электрондық еңбек биржасы" АП мерекелер мен демалыс күндерін қоса алғанда, тәулік бойғы жұмысын;

      2) "Электрондық еңбек биржасы" АП-дағы ақпараттың сақталуын, қорғалуын, істен шығу немесе ақпарат зақымданған жағдайда қалпына келтірілуін, резервтік көшіруді және ақпараттың уақтылы өзектендірілуін бақылауды;

      3) өтініштердің шешілуі шеңберінде "Электрондық еңбек биржасы" АП бағдарламалық қамтамасыз етуге түзетулер енгізуді, түрлендіру және ақауларын жоюды, жаңғырту жүргізбей және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмай және оның тұтастығы сақталған жағдайда "Электрондық еңбек биржасы" АП техникалық іркілістерін жедел жоюды;

      4) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және ақпараттандырудың басқа да объектілерімен өзара іс-қимыл жасауды;

      5) ақпараттың қосымша түрлерін орналастыруды;

      6) "Электрондық еңбек биржасы" АП жай-күйіне аудит жүргізуді;

      7) Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылуды Заңның 7-2-бабына сәйкес қамтамасыз етеді.

      5. Әкімші "Электрондық еңбек биржасы" АП-ға мынадай ақпаратты орналастырады:

      1) пайдаланушыларды ақпараттандыру үшін "Электрондық еңбек биржасы" АП жаңа мүмкіндіктері;

      2) мәтіндік түрде және видеформаттарда нұсқаулық, жиі қойылатын сұрақтар және оларға жауаптар.

      6. "Электрондық еңбек биржасы" АП жұмысында техникалық іркілістің пайда болуы туралы ақпарат көздері болып табылады:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес кері байланыс нысаны арқылы жіберілген пайдаланушының хабарламасы;

      2) "Электрондық еңбек биржасы" АП-ның жұмыс істеу мониторингін орындайтын әкімшісі мамандарының хабарламасы;

      3) техникалық іркілісті анықтаған функционалдың жұмыс қабілеттілігі мен қолжетімділігін анықтау үшін пайдаланылатын "Электрондық еңбек биржасы" АП ақауларын мониторингілеу және анықтау жөніндегі бағдарламалық-аппараттық құралдар;

      4) техникалық іркілістің туындауын немесе туындау мүмкіндігін куәландыратын жазбаларды тіркейтін "Электрондық еңбек биржасы" АП жүйелік журналдары;

      5) Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы.

      7. Пайдаланушы "Электрондық еңбек биржасы" АП ақпаратты іздеу және орналастыру бойынша қандай да бір техникалық сұрақтары болған жағдайда "Электрондық еңбек биржасы" АП-да орналастырылған кері байланыс нысаны арқылы әкімшісіне жүгінеді. Пайдаланушының өтінішінде мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) байланыс деректері;

      2) электрондық мекенжайы;

      3) өтініш тақырыбы;

      4) өтініш мәтіні;

      5) салыным (файл).

      Пайдаланушының "Электрондық еңбек биржасы" АП жұмыс істеуіне байланысты өтінішін қарау және жауап беру мерзімі оны алған сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды.