"Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 206 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 маусымда № 34550 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 79-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталын сүйемелдеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 92 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18343 болып тіркелген);

      2) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсын сүйемелдеуді және оның жұмыс істеуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 385 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21343 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  2024 жылғы 20 маусымдағы
№ 206 бұйрығымен
бекітілген

"Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 79-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықты жұмыспен қамту саласындағы ақпараттық жүйелердің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) ақпарат – кез келген нысанда тіркелген адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер;

      2) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы – электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, телекоммуникациялар желілерін және ақпараттандырудың басқа да объектілерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

      3) бос жұмыс орны – жұмыс берушінің бос жұмыс орны (лауазымы);

      4) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      5) еңбек ресурстарын дамыту орталығы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамытуды және сүйемелдеуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      6) есептік жазба (аккаунт) – бағдарламалық қамтамасыз етуде және (немесе) жұмыспен қамтудың цифрлық платформасы жүйесінде сақталатын, оған қол жеткізуді беру мақсатында пайдаланушыны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын деректер жиынтығы

      7) кәсіптік біліктілікті тану орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, кәсіптік біліктілікті тануды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      8) кәсіптік біліктілігін тануға үміткер кандидат – өзінің кәсіптік біліктілігін тану үшін ерікті түрде, өз бетінше немесе жұмыс берушінің жолдамасы бойынша жүгінген жеке тұлға;

      9) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      10) пайдаланушы – ақпараттандыру объектілерін нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі;

      11) тіркелген адамдар – жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар;

      12) халықты жұмыспен қамту саласындағы ақпараттық жүйелердің иесі – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган);

      3. Халықты жұмыспен қамту саласындағы ақпараттық жүйелер:

      1) "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ);

      2) "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы (бұдан әрі – жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы).

      4. Халықты жұмыспен қамту саласындағы ақпараттық жүйелерді дамыту жөніндегі сүйемелдеуді, жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді Еңбек ресурстарын дамыту орталығы (бұдан әрі – әкімші) жүзеге асырады.

2-тарау. "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының жұмыс істеу, сүйемелдеу және қол жеткізуді ұсыну тәртібі

      5. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы – пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсетуге, жұмыспен қамту саласында электрондық және/немесе проактивті форматта қызметтер көрсетуге арналған Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары саласындағы ақпараттандыру объектісі.

      6. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының ресми сайтының домендік атауын (мекенжайын) және интернеттің ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі домендік атаудағы орналасуын уәкілетті органмен келісім бойынша әкімші айқындайды.

      7. Бірыңғай цифрлық жұмыспен қамту платформасы келесі порталдарды қамтиды:

      1) enbek.kz домендік атауда орналасқан халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді электрондық және проактивті форматта ұсыну үшін қызметкерлерді жұмысқа орналастыруға және іріктеуге жәрдемдесуге арналған портал (бұдан әрі - enbek.kz порталы);

      2) skills.enbek.kz домендік атауда орналасқан халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыру үшін онлайн режимде кәсіптік оқыту порталы (бұдан әрі - skills.enbek.kz порталы);

      3) business.enbek.kz домендік атауда орналасқан бизнес-идеяны іске асыру үшін грант алуға өтініш беру үшін кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталы (бұдан әрі - business.enbek.kz порталы);

      4) hr.enbek.kz домендік атауда орналасқан еңбек шарттарын есепке алуды, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өзара іс-қимылын автоматтандыруға арналған портал (бұдан әрі - hr.enbek.kz порталы);

      5) career.enbek.kz домендік атауда орналасқан ұлттық біліктілік жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимылын және Қазақстан Республикасының кәсіптік стандарттары туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған кәсіптік біліктілік порталы (бұдан әрі - career.enbek.kz порталы);

      6) migration.enbek.kz домендік атауда орналасқан көші-қон заңнамасы, көші-қон құжаттарын ресімдеу рәсімдері, шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасу және тұру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, сондай-ақ пайдаланушыларға көші-қон саласындағы қызметтерді ұсыну мониторингіне арналған портал (бұдан әрі - migration.enbek.kz порталы).

      8. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарының ақпараттық өзара іс-қимылы порталдардағы ақпаратты, мәліметтерді, деректерді алу және беру арқылы автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      9. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын пайдаланушылар:

      1) уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

      2) әлеуметтік мәселелер мен халықты қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы органның қызметкерлері;

      3) еңбек мобильділігі орталығының және мансаптық орталықтың қызметкерлері;

      4) жұмыс берушілер;

      5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтар, қандастар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, қоныс аударушылар, босқындар;

      6) жұмыс берушілермен еңбек қатынастарында тұрған және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын адамдар (бұдан әрі - жұмыскерлер).

      7) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган;

      8) кәсіптік біліктілігін тануға үміткер кандидат.

      10. Еnbek.kz порталында пайдаланушыларға келесі сервистер қол жетімді:

      жұмыс берушілер:

      1) кәсіпорын туралы және бос жұмыс орындары туралы ақпаратты орналастырады;

      2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтармен, қандастармен, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен, қоныс аударушылармен, босқындармен жұмысқа орналасу бөлігінде өзара іс-қимыл жасайды;

      3) жұмыс берушінің қызметін тоқтатуға байланысты жұмыскерлердің алдағы босатылуы туралы мәліметтерді орналастырады;

      4) субсидияланатын жұмыс орындарын, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру бөлігінде еңбек мобильділігі орталықтарымен және мансап орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды;

      азаматтар, оның ішінде тіркелген адамдар:

      1) түйіндемені орналастырады;

      2) еңбек мобильділігі орталығымен және мансап орталығымен жұмысқа орналастыру бөлігінде өзара іс-қимыл жасайды;

      3) жұмысқа орналастыру бөлігінде жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасайды;

      4) еңбек мобильділігі орталығымен жасалған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу жөніндегі шарттарға электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды;

      еңбек мобильділігі орталығы:

      1) еңбек мобильділігі орталығы мен мансап орталықтарының байланыстары туралы ақпаратты (пошталық мекенжайы, бөлімдердің немесе жауапты қызметкерлердің телефондары, ресми сайттар мен электрондық пошта мекенжайлары) орналастырады.

      11. Skills.enbek.kz порталында пайдаланушыларға келесі сервистер қол жетімді:

      1) өтеусіз немесе ақылы негізде онлайн курстарға қол жеткізу, алған білімдерін бағалау үшін тестілеу, оқуды аяқтау туралы электрондық сертификат алу;

      2) оқу курстарын орналастыруға қол жеткізу.

      12. Business.enbek.kz порталында пайдаланушыларға келесі сервистер қол жетімді:

      1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына жазылу және оқыту шарттарына сәйкестігін тексеру;

      2) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алу өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру;

      3) грант алуға өтініш беру;

      4) банктік шот туралы ақпарат беру;

      5) еңбек мобильділігі орталығымен грант алу туралы шартқа қол қою;

      6) грант қаражатын мақсатты пайдалану туралы есепті еңбек мобильділігі орталығына жіберу;

      7) қаражатты ішінара немесе толық қайтаруға өтініш беру.

      13. Hr.enbek.kz порталында пайдаланушыларға келесі сервистер қол жетімді:

      1) жұмыс берушілердің электрондық еңбек шарттарын тіркеуі;

      2) жұмыскердің жеке ісін оның келісімімен автоматты түрде қалыптастыру;

      3) жұмыскермен электрондық еңбек шартына қол қою;

      4) жұмыс берушінің еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын өзін-өзі тексеруі (еңбек консультантының қызметі);

      5) тіркелген еңбек шарттарын қарау үшін жұмыскерлерге қолжетімділік.

      14. Career.enbek.kz порталында пайдаланушыларға келесі сервистер қол жетімді:

      Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган мынадай ақпаратты орналастырады:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы, ұлттық біліктілік шеңбері, салалық біліктілік шеңбері;

      2) кәсіптік біліктілікті тану жүзеге асырылатын кәсіптер тізілімі;

      3) кәсіптік стандарттар;

      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімі;

      5) кәсіптік біліктілікті танудың аккредиттелген орталықтарының тізбесі;

      6) кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен үміткер кандидаттардың өту қорытындысы жөніндегі мәліметтер;

      кәсіптік біліктілікті тануға үміткер кандидат өтінішті кәсіптік біліктілікті тану орталығына жібереді.

      15. Migration.enbek.kz порталында пайдаланушыларға келесі қызметтер қол жетімді:

      1) Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінен солтүстік өңірлерге көшіру мәселелері бойынша консультация алу үшін өтініш беру;

      2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өтініш беру;

      3) қандас мәртебесін алу үшін өтініш беру;

      4) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өтініш беру;

      5) "Ата жолы" картасын беру немесе ұзарту үшін өтініш беру;

      6) баспана іздеуші (босқын) мәртебесін алу үшін өтініш беру.

      16. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын пайдаланушылар жұмыспен қамтудың цифрлық платформасында орналастырылатын ақпараттың толықтығын, дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз етеді.

      17. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы арқылы ақпарат орналастыратын немесе алатын пайдаланушылар қол жеткізу үшін тіркеу рәсімінен өтеді.

      Жұмыспен қамтудың цифрлық платформасын пайдаланушыларды тіркеу passport.enbek.kz парақшасында жүргізіледі. Тіркелу кезінде пайдаланушы үшін жасалған есептік жазбаны (аккаунтты) ол жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының барлық порталдарында пайдаланады.

      Пайдаланушының есептік жазбасында (аккаунтында) бірыңғай цифрлық жұмыспен қамту платформасының порталдарымен жұмыс істеу кезінде пайдаланушы пайдаланатын дербес бірегей идентификатор (логин) және құпия сөз болады. Логин ретінде пайдаланушы тіркелу кезінде электрондық пошта мекенжайын немесе ұялы телефон нөмірін көрсетеді.

      18. Тіркеу кезінде пайдаланушы жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарын пайдалану және олардың жұмыс істеуі туралы пайдаланушы келісімінің шарттарымен келісімін білдіреді.

      19. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының порталдарында орналастырылған ақпарат пайдаланушының профиліне (жеке бөліміне) және ізденушілердің дербес деректеріне enbek.kz порталындағы түйіндемеде қол жеткізу үшін парольді қоспағанда, жалпыға қолжетімді болып табылады.

      20. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының әкімшісі:

      1) технологиялық үзілістерді қоспағанда, мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жұмыс істеудің бірыңғай цифрлық платформасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарының жұмысындағы технологиялық үзілістер уәкілетті органмен келісіледі;

      2) жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасында қамтылған ақпаратқа қол жеткізу, оны қорғау және қауіпсіз ұсыну;

      3) ақпараттың сақталуы, қорғалуы, бұзылған немесе бүлінген жағдайда қалпына келтірілуі, резервтік көшіру және жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарында ақпараттың уақтылы өзектендірілуін бақылау;

      4) жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарына түзетулер енгізу, бағдарламалық қамтылым ақауларын өзгерту және жою;

      5) қосымша функционалдық талаптарды жаңғыртуды және іске асыруды жүргізбей және олардың тұтастығы сақталған жағдайда жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарындағы техникалық іркілістерді жою;

      6) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және ақпараттандырудың басқа да объектілерімен өзара іс-қимыл жасау;

      7) порталдардың жай-күйіне аудит жүргізу.

      21. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының порталдарын пайдалану бойынша мәселелер немесе проблемалар туындаған кезде пайдаланушы порталдарда орналастырылған кері байланыс нысаны арқылы әкімшінің техникалық қолдау қызметіне өтінім береді.

      Өтінімде пайдаланушы келесі мәліметтерді көрсетеді:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3) байланыс деректері;

      4) электрондық пошта мекенжайы;

      5) өтініш тақырыбы;

      6) сұрақтың немесе мәселенің сипаттамасы;

      7) тіркеме (файл).

      Пайдаланушының өтінімін қарау мерзімі 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды.

      Өтінімді қарау мерзімі бағдарламалық қамтамасыз етудегі ақауларды пысықтау немесе жою кезінде 10 (он) жұмыс күніне дейін ұлғайтылады.

      22. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарының жұмысында техникалық іркілістің туындауы туралы ақпарат көздері:

      1) осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес әкімшінің техникалық қолдау қызметіне жіберілген пайдаланушының өтінімі;

      2) жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарының жұмыс істеуіне мониторинг жүргізетін әкімші мамандарының хабарламасы;

      3) жұмыс қабілеттілігін және функционалдың қолжетімділігін айқындау үшін пайдаланылатын, техникалық ақауды анықтаған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарындағы ақауларды мониторингтеу және анықтау жөніндегі бағдарламалық-аппараттық құралдар;

      4) техникалық іркілістің туындағанын немесе туындау мүмкіндігін куәландыратын жазбалар тіркелетін жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы порталдарының жүйелік журналдары;

      5) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы.

3-тарау. "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу, сүйемелдеу және оған қол жеткізу тәртібі

      23. "Еңбек нарығы" ААЖ пайдаланушылары:

      1) уәкілетті орган;

      2) жергілікті атқарушы органның әлеуметтік мәселелер жөніндегі қызметкерлері

      халықты қорғау және жұмыспен қамту;

      3) еңбек мобильділігі орталығының және мансап орталығының қызметкерлері.

      24. "Еңбек нарығы" ААЖ-да пайдаланушыларға қолжетімділік деңгейіне байланысты мынадай сервистер ұсынылады:

      1) ізденушінің дербес ақпаратын жұмыспен қамтудың жеке картасына орналастыру (түйіндемені қалыптастыру);

      2) өтініш білдірген адамдарды, оның ішінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды тіркеу;

      3) тіркелген адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жіберу;

      4) тіркелген тұлғалар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету;

      5) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру, қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау;

      6) уәкілетті органмен келісім бойынша қосымша сервистер.

      25. Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансаптық орталықтар "Еңбек нарығы" ААЖ-да орналастырылатын ақпараттың толықтығын, дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз етеді.

      26. "Еңбек нарығы" ААЖ-да орналастырылған ақпаратқа, әлеуметтік мәселелер жөніндегі жергілікті атқарушы органға түзетулер енгізу үшін халықты қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға өтінім жолдайды, онда:

      1) қате енгізілген деректер туралы ақпаратты;

      2) дұрыс емес ақпаратты немесе деректерде қатені орналастыруға жол берген еңбек мобильділігі орталығы немесе мансап орталығы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің атын (ол болған кезде);

      3) дұрыс емес деректерді орналастыруға жол берген қызметкерге қабылданған шаралар туралы және қателерді болдырмау үшін қабылданған шаралар туралы ақпаратты қамтиды.

      Уәкілетті органның ресми хатпен жіберілген оң шешімінің негізінде әкімші "Еңбек нарығы" ААЖ-да орналастырылған ақпаратқа түзетулер енгізеді.

      27. "Еңбек нарығы" ААЖ-ға мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық ақпараттық ресурстардан мәліметтер алу интеграция арқылы жүзеге асырылады.

      28. "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыс істеу кезінде рұқсат етілмейді:

      1) пайдаланушының интернетке шығатын дербес компьютер арқылы "Еңбек нарығы" ААЖ пайдалануы;

      2) пайдаланушының "Еңбек нарығы" ААЖ-ға кіру үшін өзінің дербес бірегей сәйкестендіргішін (логинін) және паролін басқа тұлғаларға беруі;

      3) қызмет көрсету барысында алынған дербес ақпаратты ізденушілер мен жұмыс берушілерге, басқа тұлғаларға беру.

      29. Пайдаланушылардың "Еңбек нарығы" ААЖ-ға қол жеткізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 63 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13371 болып тіркелген) бекітілген Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу және сүйемелдеу қағидаларында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі.

4-тарау. "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

      30. Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен "Еңбек нарығы" ААЖ арасында интеграция арқылы ақпараттық өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі.

      Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен "Еңбек нарығы" ААЖ интеграциясы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      31. Ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде "Еңбек нарығы" ААЖ-не enbek.kz порталында орналастырылған мынадай ақпаратты:

      жұмыс беруші жеке кабинетінде:

      1) бос жұмыс орындары және жұмыс беруші туралы ақпарат (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, байланыстар, деректемелер);

      2) жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші -заңды тұлғаның таратылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердің жұмыстан босатылатыны туралы, босатылу оларға қатысты болуы ықтимал жұмыскерлердің саны мен санаттары туралы жұмыстан босатылатын жұмыскерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олар босатылатын мерзімдерді көрсете отырылған ақпарат;

      3) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім, жұмыс берушінің толық атауы, заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі), байланысушы адам және телефоны, қатысушылардың субсидияланатын жұмыс орындарына баруы туралы мәліметтер;

      азаматтар жеке кабинетінде:

      1) түйіндеме;

      2) жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелуге арналған мәліметтер нысанын беруді қамтамасыз етеді.

      32. Ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде "Еңбек нарығы" ААЖ-дан enbek.kz порталына Премьер - Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдардың түйіндемелерін беру қамтамасыз етіледі.

      33. Еңбек мобильділігі орталықтары тіркелген адамдарға лайықты жұмыс іздеуге немесе жұмыс берушілерге тіркелген бос жұмыс орындарына жұмыскерлерді іріктеуге жәрдемдесу кезінде "Еңбек нарығы" ААЖ-дан бос жұмыс орындарына жауап беру туралы ақпарат жұмыс берушілердің жеке кабинеттеріне және азаматтардың enbek.kz порталындағы жеке кабинеттеріне (бар болса) беріледі.

      Еnbek.kz порталындағы жұмыс берушінің жеке кабинетінен "Еңбек нарығы" ААЖ-ға жұмыс беруші тіркелген адамды әңгімелесуге шақыру және оны тіркелген бос орынға жұмысқа орналастыру туралы ақпарат автоматты түрде беріледі.

      34. Ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде жұмыс беруші hr.enbek.kz порталындағы жеке кабинетте орналастырған субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілген қатысушылардың еңбек шарттары туралы ақпаратты "Еңбек нарығы" ААЖ-ға беру қамтамасыз етіледі.

      35. Ақпараттық өзара іс қимыл шеңберінде business.enbek.kz порталынан "Еңбек нарығы" ААЖ-да азаматтардың жеке кабинетінде орналастырған ақпарат беру қамтамасыз етіледі:

      1) жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-жобаны іске асыру үшін грант алуға өтініштер;

      2) банктік шот туралы ақпарат;

      3) грант қаражатын мақсатты пайдалану туралы есептер;

      4) грант қаражатын ішінара немесе толық қайтаруға өтініштер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады