2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Е. Ж. Жылқыбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1. "Сақтандыру" кәсіптік стандарты біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорын қызметкерлерін оқытуға, білім беру мекемелерінің жұмысшылары мен түлектерін сертификаттауға, сақтандыру бойынша қызметтегі кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған.
Осы кәсіптік стандарт негізінде ұйымдар ішкі қолданыс үшін қызметкерлерге арналған корпоративтік кәсіптік стандарттарды, олардың кәсіптік білім деңгейін, еңбек функцияларының, біліктіліктерінің, іскерліктері мен дағдыларының тізбесін нақтылай отырып, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, олардың жауапкершілігін ескере отырып әзірлей алады.
"Сақтандыру" кәсіптік стандарты мемлекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге қолданылады.
2. Осы кәсіптік стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) аджастер - функциясына сақтандыру төлемі бойынша өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан болған залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;
2) актуарий – уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең төмен міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсырған жеке тұлға;
3) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві - есептеу күнінен кейінгі сақтандыру қорғаудың қолданылуы кезеңіне қатысты, келесі есепті кезеңдерде туындауы мүмкін төлемдерді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындауға арналған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақының (жарналарының) бөлігі (еңбек сіңірілмеген сыйлықақы);
4) андеррайтер – функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;
5) ассистанс – сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерінен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсетуі;
6) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві (бұдан әрі - ОМШР) - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті кезеңде немесе оның алдындағы кезеңдерде орын алған, басталуы фактісі туралы Қазақстан Республикасының заңында немесе шартта белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен есепті кезеңде немесе оның алдындағы кезеңдерде мәлімделмеген сақтандыру жағдайларына байланысты туындаған шығындарды реттеу бойынша шығыстарды қоса алғандағы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерінің бағалауы болып табылады;
7) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есеп беру күніне шығындарды реттеуге шығыстарды қоса алғандағы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша орындалмаған немесе толық орындалмаған міндеттемелерінің бағалауы болып табылады;
8) сақтандыру залалын реттеу жөніндегі шығыстар - сақтандыру жағдайына қатысты туындаған сақтандырушының мүліктік мүддесіне келтірген залалдың (зиянның) көлемін бағалауға және оны азайтуға байланысты сараптама, консультациялық және өзге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қажетті ақшалай сомасы.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар пайдалынылады:
2) СБШ – салалық біліктілік шеңбері.
4. Кәсіптік стандарттың атауы: "Сақтандыру".
5. Кәсіптік стандартты әзірлеу мақсаты: қызметкерлердің біліміне, шеберлігіне, дағдыларына және жеке құзыреттеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін еңбек функцияларын жүйелі және құрылымдалған сипаттауды кәсіп бойынша ұсыну;
сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде қызметкерлерге қажетті іскерлікті, дағдыларды, білімді және құзыреттілікті сипаттау.
6. "Сақтандыру" кәсіби стандартының қысқаша сипаттамасы:
сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер мөлшерлері есептерін орындау;
сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының ставкаларын белгілеу;
сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының табыстылығы және кірістілігі;
сақтандыру объектісін алдын-ала тексеру және бағалау бойынша қызмет көрсету;
сақтандыру ұйымының тәуекелдердің жүйелі бағалау және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (клиенттердің тәуекелдері мен меншік тәуекелдері) қызметіне теріс әсерін төмендету;
сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша тапсырма шарты немесе жеке еңбек шарты (штаттық қызметкер) негізінде сақтандыру шартын жасасу, сондай- ақ әлеуетті клиентінің сақтандыру мәселелері бойынша консультациясын беру.
7. Кәсіптік кіші топ:
қаржылық қызмет, сандық ақпаратты есепке алу және өңдеу саласындағы қосалқы кәсіби персонал;
математиктер, актуарийлер, статистиктер.
8. Кәсіби топ:
математиктер, актуарийлер, статистиктер.
9. Кәсіптер тізімі:
2) сақтандыру сатылымдары жөніндегі агент – БҰШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
4) сақтандыру саласындағы талдаушы (андеррайтер) – БҰШ бойынша 6 біліктілік деңгейі;
6) сақтандыру жөніндегі актуарий – БҰШ бойынша 7 біліктілік деңгейі.
"Сақтандыру агенті" кәсіптік карточкасы
|
Кәсіптің коды:
|
3321-1-004
|
Кәсіптің атауы:
|
Сақтандыру агенті
|
БҰШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
4
|
БА сәйкес кәсіптер үшін біліктілік деңгейі
|
Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
|
Кәсіптік білім беру деңгейі
|
Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
|
1-еңбек функциясы:
Сақтандыру қызметін және сақтандыру агенттерінің қызметін талдау, нормативті құқықтық актілермен және әдістемелік материалдармен танысу
|
1-міндет
Сақтандыру қызметін талдау
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Өңірлік шарттарды және сақтандыру қызметінің сұранысын зерттеу.
2. Әлеуетті және нақты сақтандырушылар мен сақтандыру объектілерінің есебін жүргізу.
3. Сақтандыру шарттарын ұзарту және шарттарын жасау мақсатымен тұрақты клиенттеріне қызмет көрсету және сұхбаттар жүргізу.
4. Клиенттерді бақылау, олардың қабылдауын, жадын, назарын, өзін ұстау уәждемелерін бағалау, қатынасуын ұйымдастыру және көзқарастарын келістіру.
|
Білуге тиіс:
1. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - "Сақтандыру қызметі туралы" Заң).
2. "Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 тіркелген).
3. Сақтандыру қызметін реттейтін материалдар мен әдістемелік материалдар.
4. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі (бұдан әрі - Еңбек Кодексі).
5. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі туралы ережелері.
6. Нарық экономикасының негіздері.
7. Психологияның және еңбек ұйымдастыру негіздері, іскерлік қатынас әдептері.
8. Сенімді пайдаланушы деңгейінде цифрлық сауаттылықты білу: сенімді пайдаланушы (негізгі дағдылар).
Офистік қосымшалармен сенімді жұмыс істеу: мәтінмен, графикамен, презентациямен, электрондық кестелермен, реляциялық дерекқормен, сонымен қатар ерекше секторлық бағдарламалық өніммен сенімді жұмыс істеу.
9. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері.
|
2-еңбек функциясы:
Сақтандыру агентінің негізгі функцияларын орындау
|
1-міндет
Сақтандыру тәуекелдерін анықтау
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Денсаулық, жас, жыныс, білім, еңбек қызметінің өтілі, материалдық қамсыздандыру деңгейі және клиентті сипаттайтын басқа субъективті сапаларын есепке ала отырып, сақтандыру қызметтеріне шарт жасау кезінде тәуекел деңгейін алдын ала анықтау.
2. Мүліктік және жеке сақтандыру шарттарын жасау бойынша ең жеңіл операцияларды іске асыру.
3. Есептеулер дұрыстығын және сақтандыру жарналарын қабылдауды қамтамасыз ету.
4. Сақтандыру құжаттарын рәсімдеу және олардың сақталын қолданыс мерзімі ішінде қамтамасыз ету.
5. Сақтандыру шарттары туралы ақпаратты алуда клиенттерге консультация беру.
6. Сақтандыру қызметтеріне шарттық қатынастарға енген тұлғалармен жасалған шарттардың, байланыстың қолданылу мерзімі ішінде қолдау.
7. Сақтандыру жарнамаларын есептеу және төлеу, сақтандыру өтімдерін төлеу мәселелері бойынша клиенттерден түскен шағымдар мен наразылықтарын алдын ала қарау.
8. Белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттаманы рәсімдеу, есеп жүргізу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
|
Білуге тиіс:
1. Сақтандыру қызметтерінің түрлері және сақтандырудың әр түрлерінің жағдайлары.
2. Сақтандыру қызметтеріне шарт жасасу және келтірілген залалдарды бағалалау кезіндегі тәуекелдерді анықтау әдістері.
3. Сақтандыру қызметтеріне шарттар жасасу және рәсімдеу тәртібі.
4. Сенімді пайдаланушы деңгейінде цифрлық сауаттылық: офистік қосымшалармен жұмыс: мәтінмен, графикамен, презентациямен, электрондық кестелермен, дерекқормен, сондай-ақ ерекше секторлық бағдарламалық өніммен жұмыс.
5. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері.
|
3-еңбек функциясы: Орындалған жұмыстар сапасын бағалау, жұмыстағы кемшіліктерді талдау, айқындау және жою
|
1-міндет:
Орындалатын жұмыстардың сапасын бағалау
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Сақтандыру қызметін талдау және қиындықтарын айқындау.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының клиенттерімен, жұмыскерлерімен қатынасын және өзара әрекетін бағалау, қиындықтарын айқындау.
3. Сақтандыру қызметтерін жетілдіру бойынша ұсыныстар, ұсынымдар әзірлеу.
4. Есептерді дайындау.
|
Білуге тиіс:
1. Сақтандыру қызметін талдау және қиындықтарын айқындау әдістері.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және аралас қызметтердің қызметкерлерімен қатынас және өзара іс-қимыл сапасын бағалау критерийі.
3. Сақтандыру агентінің есебін дайындау мен рәсімдеуге қойылатын талаптар.
4. Сенімді пайдаланушы деңгейінде цифрлық сауаттылығы мәтінмен, графикамен, презентациялармен, электрондық кестелермен, дерекқормен, сондай-ақ арнайы-секторлық бағдарламалы өнімдермен жұмыс.
5. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері.
|
Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар
|
Тіл табыса білуі
Ойын дұрыс және нақты айқындау қабілеті
Клиенттің қызығушылығын туғыза білу, әңгімені үзбеу
|
БҰШ ішіндегі басқа мамандықтармен байланыс
|
7
6
6
5
4
|
Сақтандыру жөніндегі актуарий сақтандырудағы тәуекел-менеджер
сақтандыру саласындағы талдаушы (андеррайтер)
аджастер
сақтандыру сатылымдары жөніндегі агент
|
БТБА немесе БА байланыс
|
Сақтандыру агенті
|
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы.
|
"Сақтандыру сатылымдары жөніндегі агент" кәсіптік карточкасы
|
Кәсіптің коды:
|
3321-1-002
|
Кәсіптің атауы:
|
Сақтандыру сатылымдары жөніндегі агент
|
БҰШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
4
|
БА сәйкес кәсіптер үшін біліктілік деңгейі
|
Жоқ
|
Кәсіптік білім беру деңгейі
|
Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
|
1-еңбек функциясы: Сақтандыру өнімдерінің презентацияларын өткізу және сақтандыру шарттары мен бағдарламалары бойынша консультациялар
|
1-міндеті:
Презентацияларды рәсімдеу және консультациялау
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Дербес компьютерлердің мүмкіндіктерін пайдалану (Excel, Word, PowerPoint).
2. Клиенттің қажеттіліктерін анықтау.
3. Еркін қарым-қатынас және әңгімелесуде клиенттің мүддесін қолдау.
4. Клиентке сақтандыруға экономикалық мүддесін анықтау.
5. Өз ойын жеткізу.
6. Сақтандыру құжаттамасын дұрыс және сауатты толтыру.
|
Білуге тиіс:
1. Сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
2. Компанияның ішкі құжаттары.
3. Сақтандыру бағдарламалары мен шарттары, оның ішінде нарықтағы балама ұсыныстар.
4. Сатуды ұйымдастыру саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттар.
5. Компанияның сақтандыру құжаттамасына қойылатын талаптары.
|
2-еңбек функциясы:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу
|
1-міндет:
Шарт жасасу және рәсімдеу
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Компьютер мен бағдарламаларды қолдану (Word, Excel) .
2. Сақтандыруға өтініш және сауалнама толтыру.
3. Сақтандыру компаниясына растауға сауалдарды дұрыс және жедел түрде қалыптастыру.
4. Сақтандыру шарттарының үлгілерін толтыру.
5. Клиент бойынша сақтандыру құжаттамасын және есептілігін қалыптастыру.
|
Білуге тиіс:
1. "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы.
2. Сақтандыру шарттарын толтыру және жасау.
3. Тарифтік журналдар мен андеррайтингілік үстемақыларын қолдану.
4. Клиенттермен жұмыс бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар.
5. Құжаттамалар және клиенттерден ақша қабылдау бойынша заңнамалық талаптар.
|
3-еңбек функциясы:
Компанияның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне мәліметтер енгізу
|
1-міндет:
Ақпаратты енгізу
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Толтыру үшін қажетті параметрлерді анықтау.
2. Автоматтандырылған ақпараттық жүйеге кіру және шығу.
3. Тұтынушы ақпаратын енгізу үшін бөлімдерді табу.
4. Автоматтандырылған ақпараттық жүйеде сақтандыру шарты бойынша деректерді енгізу.
5. Ақпаратты автоматтандырылған ақпараттық жүйеде сақтау.
|
Білуге тиіс:
1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шiлдедегi № 164 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17289 болып тіркелді).
2. Компанияда сатылым саласындағы мамандар үшін есептілік нысандары нысандар.
|
Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар
|
Тіл табыса білуі
Ойын дұрыс және нақты айқындау қабілеті
Клиентті қызықтыруға, әңгімені үзбеу
|
БҰШ ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс
|
7
6
6
5
4
|
Сақтандыру жөніндегі актуарий
сақтандырудағы тәуекел-менеджер
сақтандыру саласындағы талдаушы (андеррайтер)
аджастер
сақтандыру агенті
|
БА-мен байланыс
|
Сақтандыру агенті
|
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы
|
"Аджастер" кәсіптік карточкасы
|
Кәсіптің коды:
|
3315-3-001
|
Кәсіптің атауы:
|
Аджастер
|
БҰШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
5
|
БА сәйкес кәсіптер үшін біліктілік деңгейі
|
Жоқ
|
Кәсіптік білім беру деңгейі
|
Жоғары кәсіби білім, бағалау қызметі саласында қосымша дайындау.
|
1-еңбек функциясы
Сақтандыру жағдайы туындаған зиян мөлшерін анықтау процесін анықтау және / немесе ұйымдастыру
|
1-міндет: Зиянды бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшері
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Сақтандыру жағдайы бойынша қажетті құжаттар тізбесін айқындау.
2. Байқау жүргізу және сақтандыру жағдайы орнын және бүлінген мүлікті байқау актісін жасау.
3. Залалдарды есептеу әдістемесін пайдалану
4. Шығынды ақшалай және табиғи заттай мағынада айқындау.
5. Есептеуді, сметаны, бүлінген мүлікті жөндеу бойынша калькуляцияны, оның нарықтық құнын немесе қалдық құнын жасау немесе жасауды ұйымдастыру және сақтандыру төлем сомасын есептеу.
|
Білуге тиіс:
1. Сақтандыру қызметі туралы заңы,
2. "Сақтандыру портфелін беру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 262 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17885 болып тіркелді).
3. Cақтандырудағы шығынды бағалау әдістемесі, сондай-ақ калькуляция жасау бойынша бағдарламалық кешендері.
4. Шығындарды реттеудің нормативтік және әдістемелік құжаттары.
5. Сақтандыру тәуекелінің салалық ерекшеліктері.
|
2-еңбек функциясы:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу
|
1-міндет:
Сақтандыру жағдайы бойынша құжаттарды ресімдеу
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Сақтандыру жағдайының себептерін және жағдаяттарын анықтау.
2. Қажет болған жағдайда бүлінген мүлікті оның нарықтық құнын немесе оның қалдықтарын бағалауды ұйымдастыру.
3. Ресми органдар мен клиенттер үшін құжаттарды ұсыну туралы сұрауларды дайындау.
4. Инспекцияланатын объектіге келтірілген зиянды әртүрлі құралдар мен әдістер арқылы түзету.
5. Сақтандыру шартының талаптарына сәйкес шығын мөлшерін анықтау.
6. Сақтандыру жағдайы (шығын) ретіндегі мәлімделген оқиғаны тану немесе тану туралы қорытынды дайындау.
7. Сақтандыру жағдайы туралы актілерді және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға бұйрықтарды әзірлеу.
8. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруда бас тартуларды әзірлеу.
|
Білуге тиіс:
1. "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы.
2. "Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының (артықшылық берілгендерін шегергенде) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының - жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 135 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6546 болып тіркелді).
3. Калькуляция жасау бойынша бағдарламалық кешендер.
4. Мамандандырылған мекемелер мен сарапшыларды тарту тәртібі.
5. Сақтандырудағы шығынды бағалау әдістемесі.
6. Шығындарды реттеудің нормативтік және әдістемелік құжаттары.
7. Сақтандыру тәуекелінің салалық ерекшеліктері.
|
2- міндет:
Сақтандыру төлемін ұйымдастыру
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Сақтандыру төлемі үшін материалдарды қалыптастыру.
2. Сақтандыру компаниясының мүдделі бөлімшелерінің және сыртқы жеткізушілердің жұмысын үйлестіру және жоспарлау.
3. Мемлекеттік және басқа органдар мен клиенттерге сұрау салу.
4. Клиентпен, бағалаушымен (ол болған кезде), сондай-ақ сақтандыру төлемі мәселелері бойынша өзге де үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау.
5. Төлем құжаттарын, бұйрықтар, актілер, есептер дайындауды ұйымдастыру.
|
Білуге тиіс:
1. "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы.
2. "Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18290 болып тіркелді) (бұдан әрі - Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптар).
3. Сақтандыру ұйымының әртүрлі бөлімшелерінде бизнес-процестерді ұйымдастыру регламенттері.
4. Сақтандыру төлемі бойынша құжаттар пакетіне, сондай-ақ жасалған сақтандыру шарттарының талаптарына қойылатын талаптар.
5. Шығындарды реттеудің нормативтік және әдістемелік құжаттары, сондай-ақ жасалған сақтандыру шарттарының талаптары.
6. Төлеу мерзімдері мен тәртібін қоса алғанда, сақтандыру төлемін ұйымдастырудың салалық ерекшеліктері.
|
Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар
|
Нұсқауларды нақты орындау
Стресске төзімділік
Жылдам шешім қабылдау қабілеті
|
БҰШ ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс
|
7
6
6
4
4
|
Сақтандыру жөніндегі актуарий сақтандырудағы тәуекел-менеджер
сақтандыру саласындағы талдаушы (андеррайтер)
сақтандыру сатылымдары жөніндегі агент сақтандыру агенті
|
БА - мен байланыс
|
Бағалаушы
|
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы.
|
"Сақтандыру саласындағы талдаушы (андеррайтер)" кәсіптік карточкасы
|
Кәсіптің коды:
|
2413-6-001, 2413-6-002
|
Кәсіптің атауы:
|
Сақтандыру саласындағы талдаушы (андеррайтер)
|
БҰШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
6
|
БА сәйкес кәсіптер үшін біліктілік деңгейі
|
Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.
|
Кәсіптік білім беру деңгейі
|
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіби білім және практикалық тәжірибе.
|
1-еңбек функциясы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде тәуекелді бағалау
|
1-міндет:
Әлеуетті
клиенттің тәуекел тобын анықтау
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Негізгі тәуекелдерді анықтау.
2. Клиенттің негізгі тәуекелдерге ұшырауын анықтау.
3.Сақтандыру тәуекелінің сақтандыру тарифіне әсер ету дәрежесін анықтау.
4. Сақтандыру тәуекелінің тобын, түрін анықтау
5. Өңірдің саралануын және тәуекелдік тобын есептеу.
6. Клиенттің сақтандыру портфеліне ықпалы.
|
Білуге тиіс:
1. "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы.
2. "Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7559 тіркелді) (бұдан әрі - Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар).
3. Сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесі және олардың құрылымын қалыптастыруға талаптар.
4. Ықтимал шығынды есептеу негіздері.
5. Сақтандыру шарты бойынша шығынды көрсету есебін жүргізу әдістемесі.
6. Сақтандыру түрлері мен сыныптары бойынша сақтандыру объектілерінің құнына бағалау жүргізу жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттар.
7. Сақтандыру объектісінің ерекшеліктерін сақтандыру тарифінің (сақтандыру сыйлықақысының) мөлшеріне әсері.
|
2-еңбек функциясы:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) үшін оңтайлы жағдайлар әзірлеу
|
1-міндет:
Сақтандыру тәуекелдерін және сақтандыру тарифін саралау түрлерін айқындау
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Клиенттің сақтандыру қажеттіліктерін түсіну.
2. Сақтандыру қызығушылығының болуын анықтау.
3. Осы клиентке тән сақтандыру тәуекелін анықтау.
4. Сақтандыру объектінің әлеуетті құнын бағалау.
5. Сақтандыру объектісі бойынша сақтандыру шарттарын айқындау (сақтандыру тарифін, сақтандыру сыйлықақысының/сақтандыру сомасының мөлшерін есептеу).
|
Білуге тиіс:
1. "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы.
2. Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар.
3. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 258 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17826 тіркелді).
4. Сақтандыру құнының компоненттері.
5. Сақтандыруда шығындарды бағалау әдістемесі, тарифтерге әсер ететін факторлар.
6. Сақтандыру объектісінің құнын сақтандырудың сыныптауышы мен түрлеріне қарай бағалау жүргізу бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар.
7. Салалық ерекшеліктерді, андеррайтинг тәжірибесі.
|
Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар
|
Талдамалық ойлау
Жылдам шешім қабылдау қабілеті
Байқау және мұқият болу
|
БҰШ ішіндегі басқа мамандықтармен байланыс
|
7
6
5
4
4
|
Сақтандыру жөніндегі актуарий сақтандырудағы тәуекел-менеджер
аджастер
сақтандыру сатылымдары жөніндегі агент
сақтандыру агенті
|
БА - мен байланыс
|
Сақтандыру саласындағы талдаушы (андеррайтер)
|
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы.
|
"Сақтандырудағы тәуекел-менеджер" кәсіптік карточкасы
|
Кәсіптің коды:
|
2421-0-011
|
Кәсіптің атауы:
|
Сақтандырудағы тәуекел-менеджер
|
БҰШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
6
|
БА сәйкес кәсіптер үшін біліктілік деңгейі
|
Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.
|
Кәсіптік білім беру деңгейі
|
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіби білім және практикалық тәжірибе.
|
1-еңбек функциясы:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуекелдерін бағалау, сәйкестендіру және мониторинг жүргізу
|
1- міндет:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының клиенттерден қабылданған тәуекелдерін бағалау
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Сақтандыру портфелінің тәуекелдерін бағалау.
2. Компанияның сақтандыру портфеліне олардың жиынтық әсерінің дәрежесін анықтау.
3. Тәуекелдер картасын құру.
4. Тәуекелдер бойынша тиісті есептер дайындау.
5. Тәуекелдерді азайту жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу.
6. Сақтандыру, инвестициялық және басқа да қызмет түрлеріне және әртүрлі мәмілелерге қатысты шектеулердің сақталуы.
|
Білуге тиіс:
1. "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы.
2. Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар.
3. Сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесі және олардың құрылымын қалыптастыруға талаптар.
4. Менеджмент тәуекелдерінің негізі және және тәуекелдерді басқару.
5. Нормативтік және әдістемелік құжаттар.
6. Сақтандыру ұйымының қаржылық жағдайына олардың ықтимал теріс әсерін азайту жолдары.
|
2- міндет:
Сақтандыру ұйымының өзінің тәуекелдерін бағалау
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына тән тәуекелдерді сәйкестендіру және оларға мониторинг жүргізу.
2. Компанияның қаржылық жағдайына теріс әсер ету дәрежесін анықтау.
3. Тәуекелдің пайда болу ықтималдығын бағалау және оны жүзеге асыру кезінде ықтимал залалды бағалау.
4. Тәуекелдер картасын құру.
5. Тәуекелдер бойынша тиісті есептер дайындау.
6. Тәуекелдерді азайту жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу.
|
Білуге тиіс:
1. "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы.
2. Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар.
3. Сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесі және олардың құрылымын қалыптастыруға талаптар.
4. Тәуекелдер-менеджмент негіздері.
5. Тәуекелдерді іске асырудан шығындарды барынша азайтатын тиімді бизнес-процестер.
6. Сақтандыру ұйымының операциялық қызметінің сыртқы және ішкі орта факторларының арасындағы себеп-салдарлық қатынастар.
7. Барлық ықтимал тәуекелдерді бағалаудың техникалық құралдары
|
2-еңбек функциясы:
Қолайсыз тәуекелдерден келтірілген зиянды азайту бойынша шараларды әзірлеу
|
1- міндет:
Тәуекелдердің азаю жоспарын құру
|
Машықтары мен дағдылары:
1.Ықтимал шараларды әзірлеу.
2. Экономикалық орындылықты есептеу.
3. Мүмкін болатын шаралар туралы есеп дайындау.
4. Жоспарға сәйкес шараларды іске асыру.
5. Жоспарды түзету.
|
Білуге тиіс:
1. "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы.
2. Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар.
3. Тәуекелдер-менеджмент негіздері.
4. Нормативтік және әдістемелік құжаттар.
5. Тәуекелдер-менеджмент салалық ерекшеліктері.
|
Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар
|
Талдамалық ойлау
Стресске төзімділік
Командада жұмысты ұйымдастыру қабілеті
|
БҰШ ішіндегі басқа мамандықтармен байланыс
|
7
6
5
4
4
|
Сақтандыру жөніндегі актуарий
сақтандыру саласындағы талдаушы (андеррайтер)
аджастер
сақтандыру сатылымдары жөніндегі агент
сақтандыру агенті
|
БА немесе басқа да кәсіптік анықтамалықтармен байланыс
|
Менеджер
|
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы
|
"Сақтандыру жөніндегі актуарий" кәсіптік карточкасы
|
Кәсіптің коды:
|
2120-2-003
|
Кәсіптің атауы:
|
Сақтандыру жөніндегі актуарий
|
БҰШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
7
|
БА сәйкес кәсіптер үшін біліктілік деңгейі
|
Жоқ
|
Кәсіптік білім беру деңгейі
|
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіби білім және практикалық тәжірибе.
|
1-еңбек функциясы:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді бағалау
|
1-міндет:
Алынбаған сыйлықақылық резервтерді, шығындардың резервін, шығындар резервін және қосымша резервтерді есептеу
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының қолданылу мерзімін, сақтандыруды қамту кезеңін айқындау.
2. Алынбаған сыйлықақылық резервтерді есептеу.
3. Қорлардың мөлшеріне әсер ететін болжамдық параметрлерді анықтау.
4. Өлімнің, өмір сүрудің, авариялардың және басқа да сақтандыру оқиғаларының ықтималдығын есептеу.
5. Болмаған шығындардың резервін есептеу.
Шығындардың дамуының коэффиценттін анықтау және есептеу.
6. Шығындардың өсу коэффициентін есептеу және анықтау.
7. Шығындар резервтерін есептеу.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қосымша резервтерді қалыптастыруға қойылатын талаптарды айқындау.
9. Актуарлық есептеулердің оңтайлы үлгілерін таңдау және есептеу.
|
Білуге тиіс:
1. Ықтималдық теориясының негіздері (оқиға ықтималдығы, ықтималдық қасиеттері, ықтималдықтың таралуы, күтілетін оқиғалар).
2. Сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
3. Актуарлық практиканың стандарттары.
4. Болмаған шығындарға резервті есептеу әдістемесі.
5. Қорларға қатысты Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (бұдан әрі - ХҚЕС стандарттары).
6. Шығындардың резервтерін есептеудің актуарлық әдістері.
|
2- міндет:
Сақтандыру резервтеріндегі (қайта сақтандыру активтеріндегі) қайта сақтандырушының үлесін анықтау
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Қайта сақтандыру шарты бойынша міндеттемелердің үлесін анықтау.
2. Қайта сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін және есепте қолданылатын бөлікті анықтау.
3. Қайта сақтандыру шарттарын талдау және талап етілген наразылықтар бойынша (шығындар) қайта сақтандырылғанның өтемін аңықтау.
4. Қайта сақтандырушының үлесін және үлесінсіз ТКШР анықтау.
|
Білуге тиіс:
1. Қайта сақтандырудың негіздері мен түрлері. Пропорционалды және диспропоративтік қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыру шарттары.
2. Сақтандыру резервтерін есептеу үшін уәкілетті органдардың нормативтік талаптары.
3. Сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнама
4. ХҚЕС стандарттары.
|
2-еңбек функциясы:
Сақтандыру тарифтері мен сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін есептеу
|
1-міндет:
Сақтандыру тарифтері мен сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін есептеу
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Статистикалық ақпаратты жинау, жүйелеу және талдауды ұйымдастыру.
2. Сақтандыру жағдайының ықтималдығын қоса алғанда, сақтандыру тарифінің компоненттерін есептеу.
3. Сақтандыру жағдайының ықтималдығы мен залалдың ауырлығына әсер ететін факторларды анықтау.
4. Тәуекелдер мен қызметтер пакетіне байланысты сақтандыру тарифін қалыптастыру.
5. Тіркелген, ауыспалы, бөлінген және бөлінбеген шығыстарды анықтау.
6. Ақшалай қаражаттардың ағымдарының ағымдағы күтілетін құнын анықтау.
|
Білуге тиіс:
1. Ықтималдық теориясының негіздері.
2. Сақтандыру және актуарлық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
3. Актуарлық практиканың халықаралық стандарттары.
4. Сақтандырудағы шығындарды бағалау және болжау әдістері (соңғы үлгілерді есепке ала отырып, жинақталған).
5. Тәуекелдер мен факторлардың сақтандыру тарифінің деңгейіне ықпал ету дәрежесін анықтау.
6. Аймақтар бойынша тарифтерді және тәуекел класстарын саралау.
|
3 -еңбек функциясы:
Сақтандыру өнімдерінің кірістілігін талдау
|
1-міндет:
Сақтандыру өнімдерінің табыстылығын талдау
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Сақтандыру оқиғалары орын алған негізгі тәуекелдерді анықтау.
2. Сақтандыру өніміне кіретін түрлі тәуекелдерді іске асырудан келтірілген шығынды бағалау.
3. Актуарлық есептеулерді жүзеге асыру үшін актуарлық қызметтің нормаларына сәйкес келетін математикалық модель мен оның параметрлерін пайдалану.
4. Сақтандыру полистерін пайдаланудың әрбір жылға арналған резервтерін есептеу.
5. Актуарлық жол берілгендерді оңтайлы таңдау.
6. Ықтималдықтарды есептеу және күтілетін деңгейлерді анықтау.
7. Жеке сақтандыру полисіне де, келісімшарттар жиынына да табыстар мен шығыстарды анықтау
|
Білуге тиіс:
1. "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы.
2. "Еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 23 бірлескен бұйрығы және қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16569 болып тіркелді).
3. Түсіну бағдарламалар және сақтандыру шарттары.
4. Математикалық модельдеу әдістері және актуарлық есептерді орындау бойынша міндеттерді ресімдеу.
5. Рентабельді жобалардың таңдау критерийлері.
6. Нормативтік және әдістемелік құжаттар бойынша актуарлық тәжірибе.
7. Сақтандыру ұйымының табыстары мен шығыстары.
8. Сақтандыру компаниясының қаржылық көрсеткіштеріне сақтандыру өнімдерін сатудың әсер етуі.
|
4-еңбек функциясы:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін бағалау
|
1- міндет:
Стресстік сценарийлерді қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігін бағалау
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Сақтандыру ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша міндеттемелерін бағалау.
2. Сақтандыру ұйымының жасырын міндеттемелерін бағалау.
3. Міндетті актуарлық бағалаудың нәтижелерін қабылданған нормаларға сәйкес бағалау және талдау.
4. Сақтандыру ұйымының активтерінің әділ құнын есептеу және бағалау.
5. Стресстік тестілеу жүргізу, стресстік сценарийлерді іске асыру кезінде ықтимал шығындарды анықтау.
|
Білуге тиіс:
1. "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы.
2. Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар.
3. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы № 35 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2752 болып тіркелді).
3. Сақтандыру мекемесінің операциялық қызметі.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді бағалау және есептеу тәртібі туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптары.
5. Модельдер құру, актуарлық модельдеу.
|
5-еңбек функциясы:
Тәуекелдер және (немесе) тәуекелдерге байланысты қаржылық міндеттемелерді сандық қаржылық бағалау және талдау
|
1- міндет:
Тәуекелдерді бағалау
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Ақпаратты, жинау, жүйелеу және талдауды ұйымдастыру.
2. Тәуекелдерді бағалау.
3. Тәуекелдің пайда болу ықтималдығына әсер ететін факторларды анықтау.
|
Білуге тиіс:
1. Ықтималдықтар теория негіздері.
2. Тәуекелдерді бағалау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер.
3. Халықаралық тәуекел стандарттары.
4. Тәуекелдерді бағалау әдістері.
|
6-еңбек функциясы:
Сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша ірі мәміле бойынша актуарлық есептілікті жасау, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша полис ұстаушыларға берілген заемдардың мөлшерін анықтау
|
1- міндет:
Актуарлық қорытындыларды жасау және заемдар мөлшерін айқындау
|
Машықтары мен дағдылары:
1. Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдауды ұйымдастыру.
2. Актуарлық есептеулерді жүзеге асыру үшін актуарлық қызметтің нормаларына сәйкес келетін математикалық модель мен параметрлерін қолдану.
3. Шығындар мен өтеу сомасын есептеу.
4. Сақтандыру оқиғаларының пайда болу ықтималдығына әсер ететін факторларды анықтау.
5. Сақтандыру портфелін талдау.
|
Білуге тиіс:
1. Ықтималдықтар теориясы негіздері.
2. "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы.
3. Сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесі және олардың құрылымын қалыптастыруға талаптар.
4. Халықаралық стандарттар.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді есептеу және бағалау әдістемелері.
|
Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар
|
Талдамалық ойлау
Стресске төзімділік
Жылдам шешім қабылдау, командалық жұмыс жасау қабілеті
Есептеулер мен зерттеулер нәтижелерін қалыптастыру қабілеті
|
БҰШ ішіндегі басқа мамандықтармен байланыс
|
6
6
5
4
4
|
Сақтандырудағы тәуекел-менеджер
сақтандыру саласындағы талдаушы (андеррайтер)
аджастер
сақтандыру сатылымдары жөніндегі агент
сақтандыру агенті
|
БТБА немесе БА немесе басқа да кәсіптік анықтамалықтармен байланыс
|
Математик
|
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы
|