"Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Сақтандыру" кәсіптік стандарты бекітілсін.
2. "Сақтандыру" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 253 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 18692 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Жақыпова |
Бұйрыққа қосымша |
Кәсіптік стандарт: ""Сақтандыру" кәсіптік стандарты"
1-ші тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: Осы кәсіптік стандарт негізінде ұйымдар ішкі қолданыс үшін қызметкерлерге арналған корпоративтік кәсіптік стандарттарды, олардың кәсіптік білім деңгейін, еңбек функцияларының, біліктіліктерінің, іскерліктері мен дағдыларының тізбесін нақтылай отырып, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, олардың жауапкершілігін ескере отырып әзірлей алады. "Сақтандыру" кәсіптік стандарты мемлекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге қолданылады.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) Аджастер – Функциясына сақтандыру төлемі бойынша өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан болған залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері.
2) Андеррайтер – Функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері.
3) Ассистанс – Сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерінен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсетуі.
4) Білім – Кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат.
5) Дағды – Кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті.
6) Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві – Есептеу күнінен кейінгі сақтандыру қорғаудың қолданылуы кезеңіне қатысты, келесі есепті кезеңдерде туындауы мүмкін төлемдерді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындауға арналған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақының (жарналарының) бөлігі (еңбек сіңірілмеген сыйлықақы).
7) Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві – Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті кезеңде немесе оның алдындағы кезеңдерде орын алған, басталу фактісі туралы Қазақстан Республикасының заңында немесе шартта белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен есепті кезеңде немесе оның алдындағы кезеңдерде мәлімделмеген сақтандыру жағдайларына байланысты туындаған шығындарды реттеу бойынша шығыстарды қоса алғандағы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерінің бағалауы болып табылады.
8) Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві – Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есеп беру күніне шығындарды реттеуге шығыстарды қоса алғандағы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша орындалмаған немесе толық орындалмаған міндеттемелерінің бағалауы болып табылады.
9) Машық – Кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады
1) БА – Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы.
2) СБШ – Салалық біліктілік шеңбері.
3) ЭҚЖЖ – Барлық экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi.
2-ші тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: "Сақтандыру" кәсіптік стандарты
5. Кәсіптік стандарттың коды: K65112007
6. ЭҚЖЖ секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету:
K Қаржы және сақтандыру қызметі
65 Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру
65.1 Сақтандыру
65.11 Өмірді сақтандыру
65.11.2 Өмірді мемлекеттік емес сақтандыру
7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Кәсіптік стандартты әзірлеу мақсаты: қызметкерлердің біліміне, шеберлігіне, дағдыларына және жеке құзыреттеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін еңбек функцияларын жүйелі және құрылымдалған сипаттауды кәсіп бойынша ұсыну; сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде қызметкерлерге қажетті іскерлікті, дағдыларды, білімді және құзыреттілікті сипаттау. "Сақтандыру" кәсіптік стандартының қысқаша сипаттамасы: сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер мөлшерлері есептерін орындау; сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының ставкаларын белгілеу; сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының табыстылығы және кірістілігі; сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау; сақтандыру объектісін алдын-ала тексеру және бағалау бойынша қызмет көрсету; сақтандыру ұйымының тәуекелдерін жүйелі бағалау және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (клиенттердің тәуекелдері мен меншік тәуекелдері) қызметіне теріс әсерін төмендету; мүлікке келтірілген зиян мөлшерін бағалау және есептеу; клиенттердің шағымдарын реттеу.
8. Кәсіптер карточкаларының тізімі:
1) Аджастер - 6 СБШ-нің деңгейі
2) Андеррайтер - 6 СБШ-нің деңгейі
3) Риск-менеджер - 6 СБШ-нің деңгейі
3-ші тарау. Кәсіптер карточкалары
9. Кәсіптің карточкасы "Аджастер": | |||
Топтың коды: | 3315-3 | ||
Қызмет атауының коды: | 3315-3-001 | ||
Кәсіптің атауы: | Аджастер | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: | 6 | ||
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі: | |||
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: | Аджастер | ||
Кәсіптік білім деңгейі: |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: | |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: | |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: | |
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: | Сақтандыру саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл. | ||
Формалды емес және информалы біліммен байланыс: | |||
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары: | |||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Өтінімде көрсетілген оқиғаларды реттеу шараларын жүргізу, сақтандыру төлемін ұйымдастыру. | ||
Еңбек функциялардың сипаттамасы | |||
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Сақтандыру жағдайы туындаған зиян мөлшерін анықтау процесін анықтау және / немесе ұйымдастыру | |
Қосымша еңбек функциялары: | |||
Еңбек функциясы 1: | |||
Дағды 1: |
Машықтар: | ||
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Қажет емес | ||
Еңбек функциясы 2: | |||
Дағды 1: |
Машықтар: | ||
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Қажет емес | ||
Дағды 2: |
Машықтар: | ||
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Қажет емес | ||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: |
Күйзеліске тұрақтылық | ||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі: | |||
СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс: | СБШ-нің деңгейі: | Кәсіптің атауы: | |
6 | сақтандыру мәселелері жөніндегі актуарий | ||
6 | сақтандырудағы тәуекел менеджері | ||
6 | сақтандыру саласындағы талдаушы (андеррайтер) | ||
10. Кәсіптің карточкасы "Андеррайтер": | |||
Топтың коды: | 2413-6 | ||
Қызмет атауының коды: | 2413-6-001 | ||
Кәсіптің атауы: | Андеррайтер | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: | 6 | ||
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі: | |||
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: |
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы. | ||
Кәсіптік білім деңгейі: |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: | |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: | |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: | |
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: | Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 2 жыл жұмыс өтілі. | ||
Формалды емес және информалы біліммен байланыс: | |||
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары: | |||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Сақтандыруға қабылданған сақтандыру тәуекелдерін талдау және бағалау. | ||
Еңбек функциялардың сипаттамасы | |||
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде тәуекелді бағалау | |
Қосымша еңбек функциялары: | |||
Еңбек функциясы 1: | |||
Дағды 1: |
Машықтар: | ||
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Қажет емес | ||
Еңбек функциясы 2: | |||
Дағды 1: |
Машықтар: | ||
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Қажет емес | ||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: |
Тез шешім қабылдай білу | ||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі: | |||
СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс: | СБШ-нің деңгейі: | Кәсіптің атауы: | |
6 | сақтандыру саласындағы актуарий | ||
6 | Аджастер | ||
6 | сақтандырудағы тәуекел-менеджер | ||
11. Кәсіптің карточкасы "Риск-менеджер": | |||
Топтың коды: | 2421-0 | ||
Қызмет атауының коды: | 2421-0-011 | ||
Кәсіптің атауы: | Риск-менеджер | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: | 6 | ||
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі: | |||
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: | Менеджер | ||
Кәсіптік білім деңгейі: |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: | |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: | |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: | |
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: | Сақтандыру саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл. | ||
Формалды емес және информалы біліммен байланыс: | |||
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары: | |||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау әдісін таңдау және қолдану. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тәуекелдерді басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдау тәуекелдерді мониторингтеу, бақылау, сәйкестендіру (Жаңа тәуекелдерді анықтау), тәуекелдерді талдау және бағалау (сандық және сапалық бағалау). | ||
Еңбек функциялардың сипаттамасы | |||
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуекелдерін бағалау, сәйкестендіру және мониторинг жүргізу | |
Қосымша еңбек функциялары: | |||
Еңбек функциясы 1: | |||
Дағды 1: |
Машықтар: | ||
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Қажет емес | ||
Дағды 2: |
Машықтар: | ||
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Қажет емес | ||
Еңбек функциясы 2: | |||
Дағды 1: |
Машықтар: | ||
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | Қажет емес | ||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: |
Аналитикалық ойлау | ||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі: | |||
СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс: | СБШ-нің деңгейі: | Кәсіптің атауы: | |
6 | сақтандыру мәселелері жөніндегі актуарий | ||
6 | сақтандыру саласындағы талдаушы (андеррайтер) | ||
6 | аджастер |
4-ші тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері
12 Мемлекеттік органның атауы:
Қазакстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қоргау министрлігі
Орындаушы:
Ескараев Берик Адилханович, +7 (708) 168 47 89, b.eskaraev@enbek.gov.kz, berik_09@mail.ru
13. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар):
Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Жоба жетекшісі:
Оразбеков Шалқар Бақытұлы, +7 (701) 677 74 77, sh.orazbekov@enbek.gov.kz,
Орындаушылар:
Ескараев Берик Адилханович, +7 (708) 168 47 89, b.eskaraev@enbek.gov.kz, berik_09@mail.ru
14. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: 19.12.2024 ж.
15. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 30.12.2024 ж.
16. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 09.12.2024 ж.
17. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: Нұсқа 2, 2024 г.
18. Болжалды қайта қарау күні: 31.12.2027 г.