О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 декабря 2018 года № 518 "Об утверждении Правил организации и проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 августа 2019 года № 281. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 августа 2019 года № 19213.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 декабря 2018 года № 518 "Об утверждении Правил организации и проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18048, опубликован 9 января 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Правилах организации и проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства, утвержденных указанным приказом:

      пункты 7 и 8 изложить в следующей редакции:

      "7. Местными исполнительными органами районов, городов областного значения организация и проведение конкурса осуществляются в следующем порядке:

      1) ежегодно в срок до 20 января соответствующего года осуществляют формирование, согласование и утверждение перечня земельных участков (в случае наличия свободных земельных участков), выставляемых на конкурс.

      При этом дальнейшее формирование, согласование и утверждение перечня земельных участков, выставляемых на конкурс проводится не реже 2 раз в год (в случае наличия свободных земельных участков);

      2) проведение землеустроительных работ в отношении земельных участков, включенных в перечень для выставления на конкурс;

      3) публикация извещения о проведении конкурса в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории соответствующей административно-территориальной единицы, а также на своем интернет-ресурсе и направление его другим местным исполнительным органам районов, городов областного значения в пределах соответствующей области, а также в центральный уполномоченный орган по управлению земельными ресурсами для размещения на его интернет-ресурсе, размещение в специальных информационных стендах";

      4) прием и регистрация заявок на участие в конкурсе;

      5) подведение итогов конкурса.

      8. Для участия в конкурсе подаются следующие документы:

      1) заявка на участие в конкурсе;

      2) конкурсное предложение.";

      пункты 23 и 24 изложить в следующей редакции:

      "23. Баллы присваиваются по следующим критериям обязательств:

      о прогнозном объеме вкладываемых инвестиций на 1 гектар, тысяч тенге:

      1) на неорошаемую пашню:

      до 50 – 1 балл;

      от 50 до 70 – 5 баллов;

      от 70 до 90 – 10 баллов;

      от 90 до 110 – 15 баллов;

      свыше 110 – 20 баллов;

      2) на орошаемую пашню (поливные земли):

      до 200 – 1 балл;

      от 200 до 300 – 5 баллов;

      от 300 до 400 – 10 баллов;

      от 400 до 500 – 15 баллов;

      свыше 500 – 20 баллов.

      3) на пастбищные и сенокосные угодья:

      до 5 – 1 балл;

      от 5 до 10 – 5 баллов;

      от 10 до 20 - 10 баллов;

      от 20 до 30 - 15 баллов;

      свыше 30 - 20 баллов.

      24. Участник, набравший наиболее высокий балл, признается победителем.

      При равенстве баллов двух или более конкурсных предложений по предлагаемому объему привлекаемых инвестиций победитель конкурса определяется путем открытого голосования членами комиссии.

      В данном случае признается победителем участник, набравший наиболее высокий балл и большинство голосов членов комиссии.".

      2. Комитету по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа его направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
сельского хозяйства
Республики Казахстан
С. Омаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан

"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 тамызда № 19213 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 тіркелген, 2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдардың конкурсты ұйымдастыруы мен өткізуі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) жыл сайын тиісті жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің (бос жер учаскелері болған жағдайда) тізбесін қалыптастыруды, келісуді және бекітуді жүзеге асырады.

      Бұл ретте, конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін одан әрі қалыптастыру, келісу және бекіту жылына кемінде 2 рет жүргізіледі (бос жер учаскелері болған жағдайда);

      2) конкурсқа шығару үшін тізбеге енгізілген жер учаскелеріне қатысты жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу;

      3) конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ өз интернет-ресурсында жариялау және оны тиісті облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың басқа жергілікті атқарушы органдарына, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберу, арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру;

      4) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу;

      5) конкурстың қорытындысын шығару.

      8. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

      1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

      2) конкурстық ұсыныс.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:

      1) бір гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы, мың. теңге:

      1) суарылмайтын егістікке:

      50-ге дейін – 1 балл;

      50-ден 70-ке дейін – 5 балл;

      70-тен 90-ға дейін – 10 балл;

      90-нан 110-ға дейін – 15 балл;

      110-нан жоғары – 20 балл;

      2) суарылатын егістікке (суарылатын жерлер):

      200-ге дейін – 1 балл;

      200-ден 300-ге дейін – 5 балл;

      300-ден 400-ге дейін – 10 балл;

      400-ден 500-ге дейін – 15 балл;

      500-ден жоғары – 20 балл.

      3) жайылымдық және шабындық алқаптарға:

      5-ке дейін – 1 балл;

      5-тен 10-ға дейін – 5 балл;

      10-нан 20-ға дейін – 10 балл;

      20-дан 30-ға дейін – 15 балл;

      30-дан жоғары – 20 балл.";

      "24. Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.

      Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі