О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 3 мая 2016 года № 108-863 "Об утверждении Правил организации автостоянок (автопарковок) на территории города Астаны"

Постановление акимата города Нур-Султана от 20 мая 2019 года № 503-614. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Нур-Султана 22 мая 2019 года № 1228

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 1 Указа Президента Республики Казахстан от 23 марта 2019 года № 6 "О переименовании города Астаны – столицы Республики Казахстан в город Нур-Султан – столицу Республики Казахстан", акимат города Нур-Султан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Астаны от 3 мая 2016 года № 108-863 "Об утверждении Правил организации автостоянок (автопарковок) на территории города Астаны" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1021, опубликовано в газетах "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" от 28 мая 2016 года) следующие изменения и дополнения:

      в наименовании, по всему тексту и в приложении вышеуказанного постановления слова "Астаны", "Астане" заменить словом "Нур-Султан";

      в Правила организации автостоянок (автопарковок) на территории города Астаны, утвержденные вышеуказанным постановлением, внести изменения и дополнения согласно приложению.

      2. Руководителю Государственного учреждения "Управление транспорта и развития дорожно-транспортной инфраструктуры города Нур-Султан" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) направление копии настоящего постановления в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии для официального опубликования в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории города Нур-Султан;

      4) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Нур-Султан после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в территориальный орган юстиции сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Нур-Султан Турлубека А.А.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города
Нур-Султан
Б. Султанов

  Приложение
к постановлению акимата
города Нур-Султан
от 20 мая 2019 года № 503-614

Изменения и дополнения, вносимые в Правила организации автостоянок (автопарковок) на территории города Астаны

      Правила организации автостоянок (автопарковок) на территории города Астаны:

      дополнить пунктом 41-1 следующего содержания:

      "41-1. На специальных стоянках (площадках) допускается хранение автомашин, мотоциклов и иных транспортных (в том числе плавучих и летательных аппаратов) средств, признанных вещественными доказательствами, а также транспортных средств, на которые наложен арест.";

      в подпункте 1) пункта 44:

      слова "судебной санкции" заменить словами "постановления органа, осуществляющего досудебное расследование";

      дополнить пунктами 49-1, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62 следующего содержания:

      "49-1. Прием и выдача транспортных средств, признанных вещественными доказательствами, а также транспортных средств, на которые наложен арест производится в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.";

      "56. Прием доставленного (эвакуированного или задержанного) транспортного средства на специальной стоянке (площадке) осуществляется круглосуточно.

      Время предоставления перерыва и его продолжительность устанавливаются правилами внутреннего трудового распорядка. Выдача транспортных средств во время перерыва запрещается.

      57. Количество транспортных средств, находящихся на специальной стоянке (площадке), не должно быть больше количества, предусмотренного проектной мощностью специальной стоянки (площадки).

      58. Подъезд к специальным стоянкам (площадкам) должен быть оборудован специальными знаками, обозначающими месторасположение специальной стоянки (площадки) с указанием на вид деятельности стоянки (площадки).

      59. Эксплуатация специальных стоянок (площадок) осуществляется в строгом соответствии с требованиями пожарных, санитарных, строительных норм и настоящих Правил.

      60. На специальных стоянках (площадках) должна содержаться следующая информация:

      1) информация с полным наименованием уполномоченной организации, юридическим адресом, контактными телефонами;

      2) копия настоящих Правил;

      3) режим работы специальной стоянки (площадки);

      4) график дежурства (с указанием фамилии, имени, отчества) сотрудников специальной стоянки (площадки);

      5) журнал инструктажа по пожарно-технической безопасности;

      6) иные документы, регулирующие деятельность специальных стоянок (площадок).

      61. Организация работы на специальных стоянках (площадках) должна осуществляться только сотрудниками специальных стоянок (площадок).

      62. Все споры, связанные с материальным ущербом, разрешаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.".

"Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 108-863 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 503-614 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 мамырда № 1228 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығының 1-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 108-863 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1021 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 мамырдағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының атауында, бүкіл мәтіні бойынша және қосымшасында "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларына қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.А. Тұрлыбекке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Б. Сұлтанов

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 20 мамырдағы
№ 503-614 қаулысына
қосымша

Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 41-1 тармақпен толықтырылсын:

      "41-1. Заттай дәлелдемелер болып танылған машиналарды, мотоциклдердi және өзге де көлiк құралдарын (оның iшiнде суда жүзетiн және ұшатын аппараттарды), сондай-ақ тыйым салынған көлiк құралдарын арнайы аялдауларда (алаңдарда) сақтауға рұқсат етіледі.";

      44-тармақтың 1) тармақшасында:

      "сот санкциясы" деген сөздер "сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның қаулылары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 49-1, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62 тармақтармен толықтырылсын:

      "49-1. Заттай дәлелдемелер болып танылған көлік құралдарын, сондай-ақ тыйым салынған көлiк құралдарын қабылдау және беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.";

      "56. Жеткізген (эвакуацияланған немесе ұсталған) көлік құралын арнайы аялдауда (алаңда) қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады.

      Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді. Көлік құралдарын үзіліс кезінде беруге тыйым салынады.

      57. Арнайы аялдаулардағы (алаңдардағы) көлік құралдарының саны арнайы аялдаудың (алаңның) жобалық қуатымен көзделген мөлшерден аспауға тиіс.

      58. Арнайы аялдауларға (алаңдарға) кіреберіс аялдаудың (алаңның) қызмет түрі көрсетіліп, арнайы аялдаудың (алаңдардың) орналасқан жерін көрсететін арнайы белгілермен жабдықталуы тиіс.

      59. Арнайы аялдауларды (алаңдарды) пайдалану өрт сөндіру, санитарлық, құрылыс нормаларының және осы Қағиданың талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

      60. Арнайы аялдауларда (алаңдарда) мынадай ақпарат болуға тиіс:

      1) уәкілетті ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефондары берілген ақпарат;

      2) осы Қағиданың көшірмесі;

      3) арнайы аялдаудың (алаңның) жұмыс тәртібі;

      4) арнайы аялдау (алаң) қызметкерлерінің (аты-жөні, тегі көрсетілген) кезекшілік кестесі;

      5) өрт-техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқама журналы;

      6) арнайы аялдаулардың (алаңдардың) қызметін реттейтін өзге де құжаттар.

      61. Арнайы аялдаулардың (алаңдардың) жұмысын ұйымдастыруды арнайы аялдаулардың (алаңдардың) қызметкерлері ғана жүзеге асыруы тиіс.

      62. Материалдық залалмен байланысты барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.".