Нұр-Сұлтан қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 108-863 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 23 мамырда № 1021 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешiмнiң атауында және барлық мәтін бойынша "Астана" сөзi "Нұр-Сұлтан" сөзіне ауыстырылды – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 20.05.2019 № 503-614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 26) тармақшасына, "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Нұр-Сұлтан қаласы аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

Әкім

Ә. Жақсыбеков

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 3 мамырындағы
№ 108-863 қаулысына
қосымша

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында автотұрақтарды
(автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұр-Сұлтан қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасы астанасының аумағында орынтұрақ қызметін ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қағидаттарын белгілейді. Осы Қағиданың талаптарында:

      1) Нұр-Сұлтан қаласының көше-жол желісіне жүктемені азайту және көшелердің өткізу қабілетін арттыру;

      2) орынтұрақ кеңістігі объектілерінде тәртіптің қамтамасыз етілуі;

      3) орынтұрақ орындарының, оның ішінде халықтың арнайы және жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделеді.

      3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) автотұрақ (автоорынтұрақ) – автокөлік құралдарын аялдауға (сақтауға) арналған ғимарат, құрылыс (ғимараттың, құрылыстың бір бөлігі) немесе бөлінген немесе арнайы жабдықталған орындардағы арнайы ашық алаң;

      2) арнайы аялдаулар (алаңдар) – ұсталған, тасталынған немесе иесіз көлік құралын уақытша сақтауға арналған, уәкілетті органның шешімі бойынша ашылған және коммуналдық меншік болып табылатын орындар;

      3) аялдау – көлiк құралының жүрісін бес минутқа дейін не, егер бұл жолаушыларды отырғызу немесе түсiру, көлiк құралын тиеу немесе түсiру үшін қажет болса, одан да көбірек уақытқа әдейі тоқтату;

      4) көлік құралының иесі – көлік құралының меншік иесі, сондай-ақ көлік құралын шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде иеленетін адам;

      5) көлік құралы – адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы;

      6) көлік құралын эвакуациялау – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда, көлік құралын ішкі істер органдарына не уәкілетті органға тиесілі эвакуация құралын пайдаланып, уәкілетті орган айқындаған уақытша сақтауға арналған арнайы аялдауға (алаңға) мәжбүрлеп апару;

      7) коммуналдық ақылы орынтұрақ – астана аумағында орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және көлік құралдарының тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған, астананың жергілікті атқарушы органы айқындаған, автомобиль жолының бөлігі болып табылатын және жүру бөлігімен және (немесе) тротуармен, жол жиекпен, эстакадамен немесе көпірмен шектесетін немесе астананың жергілікті атқарушы органының коммуналдық меншігіндегі эстакада астындағы және (немесе) көпір астындағы кеңістіктердің, алаңдардың және көше-жол желісінің өзге де объектілерінің бөлігі болып табылатын орындар;

      8) орынтұрақ сессиясы – көлік құралын коммуналдық ақылы орынтұраққа қоюдың (пайдаланудың) уақыт кезеңі, көлік құралының коммуналдық ақылы орынтұраққа тұрған сәті оның басталуы болып есептеледі және көлік құралының коммуналдық ақылы орынтұрақтан алынуы оның аяқталуы болып есептеледі;

      9) пайдаланушы – көлік құралын автомобиль қоятын орынға қоятын жүргізуші, сондай-ақ өзге адам;

      10) паркоматтар – орынтұрақ үшін ақы алуға және тұру уақытын есептеуге арналған арнайы сертификатталған құрылғылар;

      11) тариф – уақыт өлшем бірлігі үшін ақылы орынтұрақ қызметтерін пайдалану үшін төлемақы мөлшері.

      12) тоқтап тұру–көлiк құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға немесе түсiруге не көлiк құралын тиеуге немесе түсiруге байланысты емес себептер бойынша бес минуттан асатын уақытқа әдейі тоқтату;

      13) уәкілетті орган – астананың жергілікті атқарушы органы;

      14) халықтың қауқары аз топтары (бұдан әрі – ХҚАТ) – барлық санаттағы мүгедектер, оларға аурулармен, жарақаттың салдарынан немесе тіршілік қызметін шектеуге әкеп соққан ақаулармен байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзушылығымен денсаулығы бұзылған және әлеуметтік қорғау қажеттілігі бар адамдар, қартайған адамдар; жас балалары бар, оның ішінде балалар арбасын пайдаланатын азаматтар; басқа да өз бетінше қозғалу, бейімделу, қарым-қатынас жасау қабілеті немесе мүмкіндіктері шектеулі, тұрақты немесе уақытша дене кемшілігіне орай өзінің қозғалуы үшін қажетті құралдарды, керек-жарақтарды және жол бастайтын иттерді пайдалануға мәжбүр адамдар жатады;

2. Коммуналдық ақылы автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды)
ұйымдастыруға және пайдалануға қойылатын талаптар

      4. Нұр-Сұлтанның аумағындағы автотұрақтар (автоорынтұрақтар) меншік нысанына байланысты коммуналдық және жеке болып бөлінеді:

      1) жеке автотұрақ (автоорынтұрақ) – жер учаскесіне меншік құқығы не болмаса сауда, ойын-сауық, мәдени, әкімшілік ғимараттарды қоспағанда, нысаналы мақсатына сәйкес, жер пайдалану құқығы бар мемлекеттік емес заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ұйымдастырған, көлік құралдарының аялдауына арналған орындар;

      2) коммуналдық автотұрақ (автоорынтұрақ) – көлік құралдарының аялдауына арналған уәкілетті орган ұйымдастырған, тұрғын үй және әкімшілік ғимараттар аумағынан басқа коммуналдық меншіктегі орындар.

      5. Жеке автотұрақтың (автоорынтұрақтың) иесі кәсіпкерлік қызмет ретінде бекітілген тарифтерге сәйкес көлік құралдарының иелерінен орынтұрақ кеңістігін пайдаланғаны үшін төлемді өздігінен алуға, осы мақсаттар үшін өзге заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді жалдауға не болмаса оны аталған тұлғаларға жалға беруге құқылы.

      6. Ортақ пайдалануға арналған коммуналдық тегін автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) басқаруды, ұйымдастыруды және пайдалануды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      7. Ақылы автоорынтұрақтарды жоспарлау кезінде ХҚАТ тиесілі жеке көлік құралдарын қоюға арналған орындарды бөлу және олардың орынтұрақтан ғимаратқа қолжетімді кіреберіске дейін қысқа қашықтыққа орналастыру керек.

      8. Ақылы автоорынтұрақтардағы ХҚАТ-қа арналған орындардың ең аз саны ақылы автотұрақтарда (автоорынтұрақта) жалпы көзделген орындар санын ескеріп есептеледі.

      9. Ақылы автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) жобалау кезінде қолданыстағы санитарлық нормалар мен экологиялық талаптарды сақтау керек.

      10. Ақылы автотұрақтардың (автоорынтұрақтардың) құрылысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Астана қаласына арналған құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптары бойынша қатаң орындалады. Автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) жобалау және салу түбегейлі жоспарлау жобасына және жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес орындалады.

      11. Ақылы автотұрақтардың (автоорынтұрақтардың) аумағында есептік жылдамдықты және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті үстіңгі беті болуы тиіс. Ақылы автотұрақтардың (автоорынтұрақтардың) төсемесінде шөгінді, шұңқыр, көлік құралдарының қозғалысын қиындататын өзге де зақымдар болмауы тиіс.

      12. Ақылы автотұрақтың (автоорынтұрақтың) шекарасы нақты белгіленуі тиіс.

      Шекараның белгісі ретінде жол белгілері мен жол таңбалары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы есепке алынып пайдаланылуы мүмкін.

      13. Ақылы автотұрақтарда (автоорынтұрақтарда) ақпараттық қалқандарда және/немесе паркоматтарда орналастырылатын мынадай ақпарат болуы тиіс:

      1) ақылы автоорынтұрақтың нөмірі;

      2) автоорынтұрақ аймағының сызбасы;

      3) жеңілдікті пайдалану жағдайлары бар пайдаланушылар санаттарының тізбесі;

      4) сall-орталықтың телефоны.

      14. Көлік құралдарының арнайы коммуналдық аялдауларын күтіп-ұстауды және пайдалануды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      15. Коммуналдық ақылы автоорынтұрақтарды аумақтық орналастыру аймағын және олардағы орын санын жоспарлау мен белгілеуді уәкілетті орган көлік үлгісінің шектеулерін, халықтың және ұйымдардың сұранысын, қауіпсіздік нормаларын ескере отырып жүргізеді.

      16. Қалада коммуналдық ақылы автоорынтұрақтардың қажетті санын жоспарлау кезінде келесі деректер ескеріледі:

      1) көп қабатты және аз қабатты құрылыс аудандарында автомобиль көлігінің қанығу деңгейі;

      2) түрлі бейіндегі объектілердің орынтұрақтармен қамтамасыз етілуі;

      3) басқа елді мекендерден және басқа қалалардан келетін, арнайы есептеумен анықталатын автомобильдер саны.

      17. Орынтұрақтардың ең аз көлемін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қабылдау қажет.

      18. Коммуналдық ақылы автоорынтұрақтардың өтпе жолдарының ені орынтұрақтың бұрышын және көлік ағынын (бір жақтық, екі жақтық) ескере отырып есептелуі тиіс.

      19. Коммуналдық ақылы автоорынтұрақтарды жобалау және салу кезінде жол-көлік желісіндегі жаяу жүргіншілер өтетін жолдың болуын ескеру керек.

      20. Коммуналдық ақылы автоорынтұрақтарда орнатылатын жабдықтарға мыналар жатады:

      көлік құралының ақылы орынтұрақ аумағында аялдағаны үшін төлем алуға арналған арнайы сертификатталған құрылғылар;

      аялдау уақытын есепке алу үшін арналған арнайы сертификатталған құрылғылар;

      көлік құралдарын тану құрылғылары;

      бақылау бейнекамералары;

      бос орындардың санын көрсететін электрондық құрылғылар.

      21. Коммуналдық ақылы автоорынтұрақтарды жобалау және салу кезінде төлем алу және көлік құралдарының аялдау уақытын есептеуге арналған арнайы сертификатталған құрылғылардың санын мұндай құрылғылардың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, есептеу керек.

      22. Коммуналдық автоорынтұрақтардың жұмыс істеуін жақсарту мақсатында олар басқа жабдықтармен жарақтандырылуы мүмкін (уәкілетті органның келісімі бойынша).

3. Ақылы автоорынтұрақтардың қызметіне тарифтерді
белгілеу тәртібі

      23. Ақылы автоорынтұрақтардың қызметіне тарифтерді белгілеу тәртібі (бұдан әрі – тариф) Астана қаласында ақылы автоорынтұрақтардың қызметіне тарифті есептеу тәртібін айқындайды.

      Тарифті айқындаудың мақсаты Нұр-Сұлтан қаласында ақылы автоорынтұрақтар жүктемесінің нысаналы мәнін 85 пайыздан аспайтын деңгейге жеткізу болып табылады.

      24. Жүктеменің нысаналы мәніне қол жеткізу үшін сараланған тарифті пайдалануға негізделген, орынтұраққа сұранысты реттеу қағидаты қолданылады, бұл орынтұрақ аймақтарының әрқайсысы үшін тарифтің әртүрлі мәнін білдіреді.

      25. Z орынтұрақ аймағындағы тариф мынадай тәртіппен анықталады:

      1) Нұр-Сұлтан қаласының барлық орынтұрақ кеңістігіне қолданылатын базалық тарифті есептеу;

      2) Нұр-Сұлтан қаласының барлық орынтұрақ кеңістігіне қолданылатын тарифтің барынша мәнін есептеу;

      3) Нұр-Сұлтан қаласының орынтұрақ аймақтарын анықтау;

      4) kz есептеу –z орынтұрақ аймағының коэффициенті;

      5) z орынтұрақ аймағының тарифін есептеу.

      26. Уәкілетті орган z орынтұрақ аймағының тарифін өзгертуге құқығы бар.

      27. Базалық тариф уәкілетті органның барлық болжамды кезең ішінде туындайтын түгел шығыстары мен борыш міндеттемелерінің пайдасын қамтамасыз ететін және толық өтелуіне кепілдік беретін тариф ретінде айқындалады.

      Базалық тарифті есептеу үшін келесі формула қолданылады:



      мұнда:

      T0 – базалық тариф;

      P – жылына бір орынтұрақ орнына жұмсалатын шығыстар;

      t - орынтұрақ сессиясының орташа ұзақтығы;

      d – жылына ақылы орынтұрақтардағы жұмыс күндерінің саны;

      u - орынтұрақ кеңістігінің орташа жүктемесі;

      fc - орынтұрақ үшін төлемнің жиналуы;

      kt - тұрақсыздық коэффициенті;

      bc - тұрақсыздық үшін төлемнің жиналуы.

      28. Базалық тарифті есептеу кезінде уәкілетті органның операциялық-қаржылық қызметінің келесі көрсеткіштері ескерілуі тиіс:

      1) u болжанған орташа жүктеме пайызбен – бұл ресми түрде көлік қоюға арналмаған іргелес аумақта аялдайтын көлік құралдарымен қоса, орынтұрақ орындарында аялдайтын барлық көлік құралдары санының орынтұрақ орындарының санына қатынасы ретіндегі орынтұрақ орындарының қамтылу деңгейінің белгілі бір кезеңдегі орташа мәні;

      2) fc орынтұрақ үшін төлемнің жиналуы, пайызбен – орынтұрақ қызметтерінің төлемі ретінде алынуы тиіс жалпы сомадан ақылы орынтұрақ қызметтері үшін нақты алынған қаражаттың үлесі;

      3) bc тұрақсыздық үшін төлемнің жиналуы, пайызбен – тұрақсыздық салынған тұрақ пайдаланушыларының санынан іс жүзінде түскен тұрақсыздық төлемінің үлесі;

      4) тұрақсыздық төлем жүргізбеушілердің белгілі үлесіне пайызбен салынады;

      5) t орынтұрақ сессияның орташа ұзақтығы, сағатпен – бұл ақылы орынтұрақтың барлық пайдаланушылары үшін аялдау ұзақтығының орташа мәні, орынтұрақ орнына кіру сәті мен орынтұрақ орнынан шығу сәті арасындағы уақыт айырмашылығы ретінде анықталады;

      6) уәкілетті органның тұрақсыздық төлемі уәкілетті орган нұқсанының коэффициентін kt және T0 базалық тарифті шығару ретінде анықталады. Осы ақша сомасы егер орынтұрақ пайдаланушысы осы қызметтер үшін төлем жасамаған жағдайда, орынтұрақ сессияның ұзақтығына, қолданыстағы тарифке және ақылы орынтұрақтағы тарифтерге сәйкес төленуі тиіс.

      29. Жылына бір орынтұрақ орнына жұмсалатын шығыстарды есептеу үшін келесі формула қолданылады:



      мұнда:

      P – бір орынтұрақ орнының шығыстары;

      Pопер – операциялық шығыстар;

      Радм - әкімшілік шығыстар;

      Рфин – қаржылық шығыстар;

      Рнал – салық төлеу шығыстары;

      n – орынтұрақ орындарының саны.

      30. Ақылы орынтұрақтарды басқару функциясын жүзеге асыратын уәкілетті органның операциялық және әкімшілік шығыстарының құрамында мыналар ескеріледі:

      1) әлеуметтік аударымдарды және салықтарды қоса алғанда, еңбекақы төлеу;

      2) халықты хабарландыру бойынша маркетингтік іс-шаралардың шығыстары;

      3) жабдықтарға техникалық қызмет көрсету шығыстары;

      4) банк қызметтерінің шығыстары;

      5) энергия шығыстары (электр шығындары және автомобильге арналған отын);

      6) байланыс қызметтерінің шығыстары;

      7) жол белгілерін орнату және жол таңбаларын салу шығыстары;

      8) ақылы орынтұрақ аумағында қоқысты жинау және қар тазалау шығыстары;

      9) офистік орын-жайды жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу шығыстары;

      10) консультациялық қызметтер шығыстары;

      11) сақтандыру шығыстары;

      12) басқа да шығыстар (барлық шығыстар сомасынан жылына

      15 пайыздан артық емес).

      31. Қаржылық шығыстардың құрамында несие шарты болған жағдайда, негізгі қарыз төлемін, пайыздық төлемдер мен комиссияларды қоса алғанда, несие шартты өтеу шығыстары ескеріледі.

      32. Салықтарды төлеу шығыстарының құрамында мыналар ескеріледі:

      1) корпоративтік табыс салығы;

      2) мүлік салығы;

      3) қосылған құн салығы;

      4) көлік құралдарының салығы;

      5) қоршаған ортаны қорғау салығы.

      33. Ақылы орынтұрақтар қызметіне базалық тарифті уәкілетті орган есептеп шығарады және жылына бір рет ғана бекітеді.

      Орынтұрақ орындарының санында, шығыстардың мөлшерінде елеулі өзгерістер болған және жобаны қаланың басқа аудандарына кеңейткен жағдайда базалық тарифті уәкілетті орган қайта есептеуі және алдынғы бекітілген базалық тарифтен бастап кемінде бір жылдан кейін бекітуі мүмкін.

      34. Тарифтің барынша жоғары мәнін уәкілетті орган есептейді және жылына бір рет бекітеді.

      Тарифтің барынша жоғары мәні ақылы орынтұрақ қызметтерін пайдаланғаны үшін, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы үшін қолайлы төлем мөлшерінің барынша жоғары шамасы ретінде анықталады.

      Тарифтің барынша жоғары мәні келесі көрсеткіштерге негізделген кемімелдік үлгіге сәйкес есептелінген диапазонмен анықталады:

      1) жылдық автомобилизация деңгейі;

      2) жылдық қоғамдық көліктің пайдалану деңгейі;

      3) жылдық жеке көлікті пайдалану деңгейі;

      4) автобус билетінің жылдық құны;

      5) таксидің жылдық орташа құны;

      6) көшедегі орынтұрақ орындарының жылдық қолжетімділік деңгейі;

      7) барлық орынтұрақ орындарының жылдық қолжетімділік деңгейі.

      35. Тарифтің барынша жоғары мәні көптеген желілік кемімел үшін тәуелді факторды болжау аралығының формуласы негізінде шығарылады:



      мұнда:

      Tmax – тарифтің барынша жоғары мәні;

      B – регрессиялық үлгі коэффициенттерінің матрицасы;

      F0 – Астана қаласы көрсеткіштерінің түзетілген матрицасы;

      tcrit – осы үлгі кезінде Стьюдена (t-критерий) критерийінің мәні (еркіндіктің 8 деңгейі және 95 пайыз деңгейінде сенімгерлік ықтималдық);

      MSres– регрессиялық үлгінің ығыстырылмаған бағасының мәні;

      F – оны құру үшін пайдаланылған үлгілердің бастапқы деректері көрсеткіштерінің түзетілген матрицасы.

      36. Орынтұраққа сұранысты реттеу қағидаттарына сәйкес Астана қаласының орынтұрақ аймақтарын анықтау мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) Нұр-Сұлтан қаласының тартылыс объектілерін айқындау;

      2) орынтұрақ кеңістігінің жүктемесіне ықпал ету радиусына байланысты әрбір тартылыс объектісінен 500-ден 700 метрге дейінгі радиуста орынтұрақ аймағының шекараларын белгілеу;

      3) орынтұрақ әр аймақтағы ақылы автоорынтұрақтардың орналасқан жерін белгілеу.

      37. Z орынтұрақ аймағының коэффициентін есептеу:

      Әрбір орынтұрақ аймағының өзінің коэффициенті бар, ол келесі формулаға сәйкес есептеледі:


, бұл ретте


      мұнда:

      kz - z орынтұрақ аймағының бекітілетін коэффициенті;

      kz0 - z орынтұрақ аймағының қазіргі қолданыстағы коэффициенті, егер бұрын орынтұрақ аймағы үшін есептелмесе, онда оның мәні 1 деп қабылданады;

      uz – кезеңдегі z орынтұрақ аймағының барынша жоғары шекті жүктемесі;

      ut – жүктеменің барынша жоғары мәнінің нысаналы көрсеткіші.

      38. Жүктемесі көлік қоюға ресми арналмаған іргелес аумақта аялдайтын көлік құралдарын қоса алғанда, белгілі бір уақыт кезеңінде орынтұрақ орындарының қамтылу деңгейі ретінде анықталады және келесі формуламен есептеледі:



      мұнда:

      uz – кезеңдегі z орынтұрақ аймағының жүктемесі;

      tv - v көлік құралының орынтұрақ сессиясының ұзақтығы (минутпен), яғни аялдау аяқталған уақытынан аялдау басталған уақытты алу;

      T – бір орынтұрақ орнына арналған жалпы уақыт қоры (минутпен), яғни күніне 720 минут;

      N - z орынтұрақ аймағында ресми белгіленген орынтұрақ орындарының жалпы саны.

      39. Z орынтұрақ аймағында тарифті есептеу келесі тәртіппен жүргізіледі:



      мұнда:

      Tz - z орынтұрақ аймағындағы тариф;

      kz – zорынтұрақ аймағының коэффициенті;

      T0 – базалық тариф.

      Әрбір орынтұрақ аймағының тарифін бекіту кезінде келесі талапты ескеру керек:


И


      мұнда:

      Tz – z орынтұрақ аймағындағы тариф;

      T0 – базалық тариф;

      Tmax – тарифтің барынша жоғары мәні.

      Егер z орынтұрақ аймағының тарифі Tmax тарифтің барынша жоғары мәнінен артық болған жағдайда, T0 базалық тарифі және уәкілетті органның шығыстары қайта қаралу қажет.

      40. Z орынтұрақ аймағының тарифін уәкілетті орган есептейді және тоқсанына бір рет ғана бекітеді.

4. Көлік құралдарын арнайы аялдауларға (алаңдарға)
эвакуациялауды ұйымдастыру

      41. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан, оған қатысты тасталғаны, иесіздігі және (немесе) меншік иелері жоқ деп белгіленген, сондай-ақ құқық бұзушылық және/немесе қылмыс жасау құралы немесе заты болып табылатын көлік құралдары әкімшілік актінің орындалуын қамтамасыз ету шаралары ретінде уәкілетті органның шешімімен құрылатын арнайы аялдауларға (алаңдарға) эвакуациялауға жатады.

      41-1. Заттай дәлелдемелер болып танылған машиналарды, мотоциклдердi және өзге де көлiк құралдарын (оның iшiнде суда жүзетiн және ұшатын аппараттарды), сондай-ақ тыйым салынған көлiк құралдарын арнайы аялдауларда (алаңдарда) сақтауға рұқсат етіледі.

      Ескерту. Қағидалар 41-1 тармақпен толықтырылды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 20.05.2019 № 503-614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42. Көлік құралдарын арнайы аялдауларға (алаңдарға) эвакуациялау эвакуаторды немесе өзге арнайы техниканы қолданып жүргізіледі.

      43. Көлік құралдары келесі жағдайларда арнайы аялдау (алаң) аумағында орналастыруға жатады:

      1) бөлшектенген жағдайдағы, қалыпты пайдалануға мүмкіндігі жоқ көлік құралдары;

      2) қоқыс және металл сынықтарын жинау ошағы болып табылатын көлік құралдары;

      3) құқық бұзушылық немесе қылмыс жасау құралы немесе заты болып табылатын көлік құралдары;

      4) Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларына сәйкес көлік құралдарының тоқтау немесе аялдау қағидалары бұзылған кезде (көлік құралының ішінде жүргізушінің болмауы кезінде);

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.

      44. Көлік құралдары төмендегі құжаттар міндетті түрде болған жағдайда арнайы аялдауға (алаңға) орналастырылады:

      1) мынадай құжаттардың бірінің көшірмесі:

      сот актісі;

      сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның қаулылары;

      орындаушылық іс жүргізу актісі;

      әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы лауазымды тұлғаның хаттамасы;

      2) мынадай ақпаратты қамтитын, көлік құралын эвакуациялау актісі:

      эвакуациялауға жататын көлік құралының сәйкестендіру деректері (мемлекеттік тіркеу белгісінің нөмірі);

      фото-бейнетіркеу құрылғыларының көрсетілімдерімен қоса көлік құралының зақымдалуы туралы мәліметтер.

      Ескерту. Қағидалар 44 тармаққа өзгеріс енгізілді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 20.05.2019 № 503-614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      45. Эвакуация бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын және уәкілетті орган белгілеген қызметкер көлік құралын эвакуаторға тиеу басталғанға дейін көлік құралын эвакуациялау актісін жасайды.

      46. Көлік құралын эвакуациялау актісіне келесі лауазымды тұлғалар қол қояды:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) аумақтық органының инспекторы;

      эвакуациялау бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын және уәкілетті орган белгіленген ұйымның қызметкері.

      47. Эвакуацияланған көлік құралын қабылдайтын тұлға арнайы аялдауда (алаңда) оны тексеріп-қарауды жүзеге асырады және эвакуациялау актісінде көрсетілген техникалық күйінде қабылдауды растайды. Көлік құралында эвакуациялау актісінде көрсетілмеген зақымданулар болған жағдайда, арнайы аялдауда (алаңда) көлік құралын қабылдауды жүргізетін тұлға оны қабылдау актісінде көрсетуге міндетті.

      48. Тасталған, иесіз эвакуацияланған көлік құралына құқық иесі (оның меншік иесі) меншік құқығын көрсеткен жағдайда немесе ол көлік құралын босату туралы әкімшілік актіні көрсеткен кезде, уәкілетті орган бекіткен тарифтер мен бағаларға сәйкес эвакуациялау құнын толық өтегеннен кейін немесе сот шешімі бойынша басқа да жағдайларда қайтарылады.

      49. Көлік құралын босату туралы әкімшілік актіге ІІМ аумақтық органының инспекторы қол қояды.

      49-1. Заттай дәлелдемелер болып танылған көлік құралдарын, сондай-ақ тыйым салынған көлiк құралдарын қабылдау және беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 49-1 тармақпен толықтырылды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 20.05.2019 № 503-614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      50. Уәкілетті орган жергілікті баспа басылымдарында және интернет-ресурстарында эвакуацияланған көлік құралдары туралы мәліметтерді ай сайын жариялауды жүзеге асырады.

      51. Эвакуацияланған көлік құралдарын есепке алуды уәкілетті орган эвакуациялау актілері негізінде жүргізеді.

      52. Арнайы аялдауларды (алаңдарды) аумақтық орналастыру аймақтарын және олардағы орындар санын жоспарлау және белгілеу уәкілетті органмен жүргізіледі.

      53. Уәкілетті орган астананың әкімшілік шекарасында орналасқан арнайы аялдаулардың (алаңдардың) тізілімін жүргізеді.

      54. Арнайы алаңдарды ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:

      1) арнайы аялдаулар (алаңдар) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жобалануы тиіс;

      2) арнайы аялдаулардың (алаңдардың) аумағының шекарасында бөгде адамдардың кіру мүмкіндігіне жол бермейтін қоршау болуы тиіс;

      3) арнайы алаңдардың аумағына кіру шектеу құрылғыларымен (шлагбаум, қақпа және басқалар) реттеледі;

      4) арнайы алаңдардың аумағы тәулік бойы күзетілуі тиіс.

      55. Арнайы аялдауларды (алаңдарды) күтіп-ұстауды және пайдалануды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      56. Жеткізген (эвакуацияланған немесе ұсталған) көлік құралын арнайы аялдауда (алаңда) қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады.

      Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді. Көлік құралдарын үзіліс кезінде беруге тыйым салынады.

      Ескерту. Қағидалар 56 тармақпен толықтырылды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 20.05.2019 № 503-614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      57. Арнайы аялдаулардағы (алаңдардағы) көлік құралдарының саны арнайы аялдаудың (алаңның) жобалық қуатымен көзделген мөлшерден аспауға тиіс.

      Ескерту. Қағидалар 57 тармақпен толықтырылды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 20.05.2019 № 503-614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      58. Арнайы аялдауларға (алаңдарға) кіреберіс аялдаудың (алаңның) қызмет түрі көрсетіліп, арнайы аялдаудың (алаңдардың) орналасқан жерін көрсететін арнайы белгілермен жабдықталуы тиіс.

      Ескерту. Қағидалар 58 тармақпен толықтырылды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 20.05.2019 № 503-614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      59. Арнайы аялдауларды (алаңдарды) пайдалану өрт сөндіру, санитарлық, құрылыс нормаларының және осы Қағиданың талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағидалар 59 тармақпен толықтырылды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 20.05.2019 № 503-614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      60. Арнайы аялдауларда (алаңдарда) мынадай ақпарат болуға тиіс:

      1) уәкілетті ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефондары берілген ақпарат;

      2) осы Қағиданың көшірмесі;

      3) арнайы аялдаудың (алаңның) жұмыс тәртібі;

      4) арнайы аялдау (алаң) қызметкерлерінің (аты-жөні, тегі көрсетілген) кезекшілік кестесі;

      5) өрт-техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқама журналы;

      6) арнайы аялдаулардың (алаңдардың) қызметін реттейтін өзге де құжаттар.

      Ескерту. Қағидалар 60 тармақпен толықтырылды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 20.05.2019 № 503-614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      61. Арнайы аялдаулардың (алаңдардың) жұмысын ұйымдастыруды арнайы аялдаулардың (алаңдардың) қызметкерлері ғана жүзеге асыруы тиіс.

      Ескерту. Қағидалар 61 тармақпен толықтырылды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 20.05.2019 № 503-614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      62. Материалдық залалмен байланысты барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

      Ескерту. Қағидалар 62 тармақпен толықтырылды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 20.05.2019 № 503-614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады