О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 15 августа 2016 года № 112-1464 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере физической культуры и спорта"

Постановление акимата города Астаны от 19 марта 2019 года № 508-387. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 27 марта 2019 года № 1215. Утратило силу постановлением акимата города Нур-Султана от 15 июня 2022 года № 1-1792.

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Нур-Султана от 15.06.2022 № 1-1792 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Астаны от 15 августа 2016 года № 112-1464 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере физической культуры и спорта" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1057, опубликовано 20 сентября 2016 года в газетах "Астана ақшамы" и "Вечерняя Астана") следующие изменения:

      1) в Регламенте государственной услуги "Присвоение спортивных разрядов: "кандидат в мастера спорта Республики Казахстан", спортсмен 1 разряда и квалификационных категорий: тренер высшего уровня квалификации первой категории, тренер среднего уровня квалификации первой категории, методист высшего уровня квалификации первой категории, методист среднего уровня квалификации первой категории, инструктор-спортсмен высшего уровня квалификации первой категории, спортивный судья первой категории":

      в пункте 1 слова "Управление физической культуры и спорта города Астаны" заменить словами "Управление культуры и спорта города Астаны";

      2) в Регламенте государственной услуги "Аккредитация местных спортивных федераций":

      в пункте 1 слова "Управление физической культуры и спорта города Астаны" заменить словами "Управление культуры и спорта города Астаны".

      2. Руководителю Государственного учреждения "Управление культуры и спорта города Астаны" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) направление копии настоящего постановления в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии для официального опубликования в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории города Астаны;

      4) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Астаны после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в территориальный орган юстиции сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Нуркенова Н.Ж.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
города Астаны
Б. Султанов

"Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 112-1464 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 508-387 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 наурызда № 1215 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 1-1792 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 15.06.2022 № 1-1792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 112-1464 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1057 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйектегі "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақтағы "Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" деген сөздер "Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақтыға "Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" деген сөздер "Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Б. Сұлтанов