О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Алгинского района на 2019 год

Решение Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 27 февраля 2019 года № 237. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 4 марта 2019 года № 5974. Прекращено действие в связи с истечением срока

      Сноска. Заголовок – в редакции решения Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 04.04.2019 № 255 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров представления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" и приказом Министра Национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" (зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 декабря 2014 года № 9946), Алгинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Алгинского района следующие меры социальной поддержки на 2019 год:

      1) подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю;

      2) социальная поддержка для приобретения или строительства жилья-бюджетный кредит в сумме не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 19.07.2019 № 282 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата Алгинского района" в установленном законодательном порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии маслихата Р. Еркусимова
      Секретарь районного маслихата Б. Жумабаев

2019 жылға арналған Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 ақпандағы № 237 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 наурызда № 5974 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 04.04.2019 № 255 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 9 желтоқсанда № 9946 тіркелген) сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2019 жылға арналған Алға ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спортжәне агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға келесідей әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 19.07.2019 № 282 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Алға аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Р. Еркусимова
      Аудандық мәслихат
хатшысы
Б. Жұмабаев