Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 ақпандағы № 237 "2019 жылға арналған Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 282 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 шілдеде № 6282 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 ақпандағы № 237 "2019 жылға арналған Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5974 тіркелген, 2019 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің 1 тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;".

      2. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді.

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А. Жиенбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады