Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Шымкент

Решение маслихата города Шымкент от 17 июля 2019 года № 52/444-6с. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Шымкент 2 августа 2019 года № 56

      Сноска. Заголовок решения - в редакции решения маслихата города Шымкент от 27.12.2023 № 13/109-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-9 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 417 "Об утверждении Правил предоставления жилищных сертификатов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18883), маслихат города Шымкент РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения маслихата города Шымкент от 27.12.2023 № 13/109-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Определить размер и перечень категорий получателей жилищных сертификатов в городе Шымкент согласно приложению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Шымкент" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции города Шымкент;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по городу Шымкент;

      3) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории города Шымкент;

      4) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата города Шымкент после его официального опубликования.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решением маслихата города Шымкент от 27.12.2023 № 13/109-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      маслихата города Шымкент Д. Усенов
      Секретарь маслихата
      города Шымкент Г. Ташкараев

  Утвержден решением
маслихата города Шымкент
от 17 июля 2019 года
№ 52/444-6с

Размер и перечень категорий получателей жилищных сертификатов в городе Шымкент

      Сноска. Приложение - в редакции решения маслихата города Шымкент от 27.12.2023 № 13/109-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Размер жилищного сертификата:

      жилищный сертификат предоставляется в виде социальной помощи в размере 10% от суммы займа, но не более 1 000 000 (одного миллиона) тенге.

      2. Категории получателей жилищных сертификатов:

      1) лица с инвалидностью первой и второй групп;

      2) семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью;

      3) дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявшие родителей до совершеннолетия;

      4) многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи;

      5) неполные семьи;

      6) работники государственных учреждений и государственных предприятий города Шымкент.

Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 тамызда № 56 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - Шымкент қаласы мәслихатының 27.12.2023 № 13/109-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 27.12.2023 № 13/109-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент қаласы бойынша филиалына жіберуді;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - Шымкент қаласы мәслихатының 27.12.2023 № 13/109-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Д. Үсенов
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Ғ. Ташқараев

  Шымкент қаласы мәслихатының
2019 жылғы 17 шілдедегі
№ 52/444-6с шешімімен
бекітілген

Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 27.12.2023 № 13/109-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй сертификатының мөлшері:

      тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасының 10 %, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.

      2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

      1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      2) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      3) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      4) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      5) толық емес отбасылар;

      6) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының жұмыскерлері.